Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Домодедово әуежайында миналау туралы хабардан кейін Мәскеу-Махачкала рейсі тексерілуде

    НҰР-СҰЛТАН, 09 наурыз. Домодедово әуежайындағы Мәскеу-Махачкала рейсінің ұшағы миналау  туралы жасырын хабарламаға байланысты тексерілуде, деп жедел қызметтердегі дереккөзге сілтеме жасап ТАСС   хабарлайды. «Домодедово әуежайында Мәскеу — Махачкала рейсінің ұшағы «миналанған» деген анонимді хабарлама келді. Тексеру жүргізілуде», — деді ақпарат көзі. Дереккөз эвакуация жүргізілмейді деп қосты. Әуежай штаттық режимде жұмыс істейді, бірақ қауіпсіздік шаралары күшейтілді.    
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде Ұлттық терроризмге қарсы комитеттің отырысы өтті

    НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір. Бүгін Мәскеуде Ұлттық терроризмге қарсы комитеттің төрағасы, Ресей ФҚҚ директоры А.В. Бортниковтың басшылығымен ҰТК отырысы өтті, онда Сібір федералды округінің аумағында терроризмнің алдын-алудың өзекті мәселелері қаралды, деп ведомствоның сайтына сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Бейнеконференция форматында өткен іс-шараға Комитет мүшелері, Ресей Федерациясы Президентінің федералдық округтердегі уәкілетті өкілдері, Сібір […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерия полициясы мешітте кепілге алынған кейбір адамдарды босатты

    АСТАНА, 05 желтоқсан. Нигерияның күш құрылымдары арнайы операция нәтижесінде Кацина штатындағы мешіттен кепілге алынған 19 адамның 6-ын босата алды, деп полиция өкіліне сілтеме жасап Xinhua агенттігі хабарлады. Бұл туралы ТАСС  агенттігіне сілтеме жасап   «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  Құқық қорғау органының өкілінің айтуынша, қылмыскерлер Майғамджи ауылындағы мешітке шабуыл жасады, атыс салдарынан екі адам жараланып, 19 адам кепілге алынған. Сенбі күні кешке полиция […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Шетелде теологиялық бейресми оқу орындарында білім алу аса қауіпті — маман

    НҰР-СҰЛТАН, 02 сәуір. Соңғы жылдары шетелде діни білім алудың қауіп-қатері жиі көтеріліп жүр. Өйткені, өзге елге білім қуып барған қазақ жастарының ішінде діни ағымдардың ықпалына түсіп, теріс идеологияның қолшоқпары болып кеткендер аз емес. Әлі күнге Қазақстанды былай қойып, шет жердегі бейресми оқу орындарында білім алуды құп көретіндер баршылық. Бұл үрдістің қалай алдын аламыз? Жастарымызды теріс […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • РФ ФҚҚ қызметкерлері «Ат Такфир валь-Хиджраның» алты жақтаушысын ұстады

    АСТАНА, 02 қараша.  Мәскеу, Воронеж және Дағыстанда «Ат Такфир валь-Хиджра» халықаралық діни-экстремистік ұйымының алты мүшесі ұсталып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stopterror.uz Islam-today сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «Оны (қылмыстық іс) тергеуі аясында Ресей ФҚҚ Мәскеу, Воронеж және Дағыстан Республикасы аумағында экстремистік ұйымның 6 мүшесін ұстады», — деп […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қасыңда жүрген адамдардың қолдауы болса, ортаға сіңіп кете аласың — «Жусанмен» оралған репатриант

    НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз.Елімізде 2019 жылдан бастап Таяу Шығыстағы соғыстан қазақстандықтарды қайтару бойынша «Жусан» гуманитарлық операциясы жүргізіліп келеді. Ресми деректерге сүйенсек, елге оралған азаматтардың басым бөлігі – әйелдер мен балалар. Солардың бірі – 29 жастағы Атырау өңірінің тумасы Ләззат (кейіпкердің өтінішімен есімі өзгертілді). Ол жат өлкеде өткен 5 жылдық өмірі мен елге қайтқаннан кейін орын алған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Бархан» операциясы барысында Нигердің батысында кем дегенде 25 содыр жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 наурыз. Нигердің батысындағы Тиллабери провинциясында Нигер мен Франция күштерінің бірлескен операциясы кезінде кемінде 25 лаңкес жойылды. Бұл туралы Африка елінің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . «Бархан» операциясына қатысқан Нигер армиясы мен француз әскери күштері сәрсенбі күні Тиллабери провинциясында бірлескен операция жүргізіп кемінде 25 лаңкесті жойып, 25 көлік пен көптеген қаруды […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Елорда полицейлері құны 30 млн теңгеге бағаланған есірткі заттарын тәркіледі 

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша. 16-20 қараша аралығында елорда аумағында «Дәрмег» жедел-алдын алу шарасының 3-кезеңі өтіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жедел-алдын алу шарасының аясында елорда аумағында есірткілік заттар мен психикалық белсенді заттарды сатумен айналысатын тұлғалардың қызметі анықталуда. Осылайша, іс-шараны жүргізудің алғашқы күнінде, ағымдағы жылдың 16 қарашасында Жеңіс көшесінде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Колумбиялық полицейлер табыттан 300 келі есірткі тауып алды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз. Колумбиялық құқық қорғаушылар табыттың ішіне тығылған салмағы 300 келі есірткі тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап. «Есірткі екі табыт салынған катафалкіні тексергеннен кейін алынды. Олардың біреуінен 300 келі каннабис табылды», — делінген хабарламада. Белгілі болғандай, полиция жүргізушіні бірден қамауға алған. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.  
    • 6 Years ago
    • 0
  • Амстердам орталығында   пышақ ұстаған белгісіз біреу адамдарға шабуылдады 

    НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр.Нидерландының Амстердам қаласында белгісіз біреу жолаушыларға пышақпен шабуыл жасады. Нәтижесіде бір адам қаза тауып, төртеуі әртүрлі дәрежеде жарақат алған, деп ӨзА жазады. Dutch News мәліметінше, қарулы шабуыл қаланың Де-Пейп аймағында болып, оны Амстелвиннен шыққан 29 жастағы ер адам жасағаны айтылады. Жергілікті полиция қылмыскерді ұстағанын хабарлап, бұл жағдайдың терроризммен байланысы бар жоғын анықтап жатқанын […]
    • 4 Years ago
    • 0