Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Бүгін еліміз бойынша жалпыұлттық аза тұту күні

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар. Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде көптеген адамның қайтыс болуына байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп baq.kz  хабарлайды. Бүгін Қазақстан бойынша Мемлекеттік тулардың барлығы төмен түсіріледі. Осылайша бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилер, полиция өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлеріне құрмет көрсетіледі. Кейінгі күндері болған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркістанда полицейлер мен еріктілер 40-тан астам есірткі жарнамасын өшірді

    ТҮРКІСТАН, 06 тамыз. Түркістан облысында 40 есірткі жарнамасы өшірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңмен тыйым салынған есірткі заттарын пайдалану, сақтау, өсіру, сату сынды қылмыстардың алдын алып, болдырмау мақсатында үздіксіз жұмыстар жүргізуде. Осындай кезекті шара барысында ТО ПД ЕҚҚІҚБ бастамасымен Жастар орталығы жанындағы еріктілермен бірге шара ұйымдастырды. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Астанада қаланың құлақтандыру жүйесін тексеру жүргізіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде. Бейсенбі, 11 шілде күні сағат 09.55-те Нұр-Сұлтанда құлақтандыру жүйесі тексеріледі, деп Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап SMART ASTANA хабарлайды. Төтенше жағдайлардың пайда болу қаупі кезінде халықтың назарын аудару үшін электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары енгізіледі, бұл «Назар аударыңыз!» деген біріңғай құлақтандыру  сигналы. «Бұл сигналды естігенде, халық орын […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы бомбалы шабуылда 6 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр. Ауғанстанның батысындағы Герат уәлаятында ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 6 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Герат уәлаят әкімі Вахид Катали Гераттың Горян ауданына қарасты Гурак аймағында жол жағасына қойылған бомба темір жолдың қауіпсіздігін қамдайтын қызметкерлердің көлігі өткен кезде жарылғанын айтты. Бомбалы шабуылды әлі ешкім мойнына алған жоқ. Ауғанстан үкіметі мөлшермен бір айдан, шетелдік […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Пентагон әскерлерді Ауғанстаннан шығару кезінде қорғау шараларын күшейтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір. АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин Ауғанстандағы американдық әскерлерді осы елден шығару кезінде олардың қорғанысын күшейту туралы шешімді мақұлдады. Бұл туралы Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирбидің брифингте жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып Deutsche Welle хабарлайды . Американдық контингентті қорғау шараларының ішінде ол  аймақта алысқа ұшатын бомбалаушы авиацияны орналастыруды атады.Сонымен қатар, Таяу Шығыс, Орталық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК-де есірткіге қарсы күрес бойынша жұмысты күшейту туралы айтылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 маусым.Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі және психотроптық заттардың таралуына қарсы іс-қимыл шеңберінде осы қауіп-қатердің жолын кесу жөніндегі жұмысты күшейтті, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. 2022 жылғы сәуір мен мамыр айларында ғана ҰҚК Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің арнаулы қызметтерімен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, 30-дан аса есірткіге қарсы операция […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Наурыз мейрамы құтты болсын!

    НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз. «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ баршанызды шын жүректен Наурыз мейрамымен құттықтайды! Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ақ мол, жыл ырысты болсын! Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!
    • 5 Years ago
    • 0
  • Бразилияда мектепте атыс болып, үш адам қаза тапты

    АСТАНА, 27 қараша. Жұма күні Бразилияның оңтүстік-шығысындағы Эспириту-Санту штатындағы Аракруз қаласындағы екі мектепте атыс болып, салдарынан кемінде үш адам қаза тауып, 13-і жараланды, деп  Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Штат губернаторы Ренато Касагранде полиция оқиғадан төрт сағат өткен соң 16 жастағы күдіктіні ұстағанын айтты. Қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік хатшының айтуынша, күдікті алдымен мемлекеттік мектептердің […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Оқу-жаттығу барысында Қазақстан әскери қызметшілері бандалық топтар «басып алған» елді мекенді босатты

    АЛМАТЫ, 15 сәуір. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелері «Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының негізгі кезеңінде қалалық жағдайда жауынгерлік іс-қимыл жүргізудің тактикалық тәсілдерін пысықтады, деп Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Елді мекендерде ұрыс жүргізудің ерекшелігі жеке құрамның даярлық деңгейінің жоғары болуын талап етеді. Осыған байланысты оқу-жаттығу барысында […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мурманск қаласында лаңкестік шабуыл жоспарланған күдікті ұстау кезінде жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 сәуір. Бүгін түнде Мурманск қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Ресей Федерациясының ФҚҚ лаңкестік шабуыл жасауды жоспарлаған қарулы бандиттің тұрған жерін анықтады. Оны ұстауға кезінде бандит арнайы күштерге оқ жаудырып, залалсыздандырылды, деп хабарлайды РФ ҰТК-ның баспасөз қызметі . Атыс орнында қолдануға дайын жарылғыш зат, қару мен оқ-дәрілер табылды. Қаскүнемнің жеке басы анықталды. Қауіпсіздік органдарының мәліметінше, […]
    • 5 Years ago
    • 0