Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Террористік әрекетке шақырған Кузбасс тұрғыны сот алдында жауап береді

    НҰР-СҰЛТАН, 07 мамыр. Прокопьевскіде 41 жастағы жергілікті тұрғын террористік әрекетке шақырғаны (РФ ҚК 205.2-бабының 2-бөлігі) үшін сот алдында жауап береді, деп «Экстремизму. нет» сайтына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі қауымдастықтардың бірінде ер адамның билік өкілдеріне қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерге шақырулары бар мәтіндік материалдарды жариялағаны анықталды. Баптың максималды санкциясы миллион […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның Камышлы қаласында жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан. Сирияның Түркия шекарасына жақын жатқан Камышлы қаласында жарылыс болып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды  24.kz.  Тағы 9 тұрғын жарақат алды. Ақпарға қарағанда, көлікке жасырылыған бомба іске қосылған. Лаңкестікті «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» мойнына алды. Еске сала кетейік, Түркия бірнеше күн бұрын Сирияның солтүстігіндегі күрд жасақтарына қарсы әскери операция бастаған болатын. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • БАҚ: лаңкестер ИМ басшысының қайтыс болғанын мәлімдеді

    Найнава, 11 шілде. ИМ (Қазақстан аумағында тыйым салынған) террористік ұйымының лаңкестері ұйымның басшысы Абу Бакра әль-Багдадидің өлімі туралы хабарлады. Бұл туралы «Ас-Сумария» телеарнасы хабарлайды. Олардың ақпаратына сәйкес,ИМ террористік ұйымының лаңкестері қысқа Абу Бакра әль-Багдадидің өлімі туралы, сонымен қоса таяу уақытта жаңа басшысының атын атайтындары туралы сөз сөйледі. Бұған дейін Ирандық БАҚ әль-Багдадидің өлімін растайтын бейнефото таратқан болатын. Маусым айының ортасында ҚР […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • ФҚҚ терроризмді ақтады деген күдікпен Севастопольдің екі тұрғынын ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар.ФҚҚ қызметкерлері Қырымда Севастополь қаласының екі тұрғынын терроризмді жария түрде ақтады деген күдікпен ұстады. Бұл туралы республика бойынша ФҚҚБ-ның  баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.  «Ресейдің Қырым Республикасы және Севастополь қаласы бойынша ФҚҚБ терроризмді «интернетте» жария түрде ақтады деген күдікпен Севастополь мен Ялта қалаларының екі тұрғыны ұсталды», — делінген хабарламада. 1980 және 1977 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ДАИШ содырлары Ирак полицейлеріне  шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар.Ирактың Киркук қаласында террористік ұйым ДАИШ-тың федералдық полиция күштеріне жасаған шабуылында 2 полиция өлтірілді, деп TRT агенттігіне  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Киркук полиция басқармасының баспасөз мәлімдемешісі Амир Нури қаланың оңтүстігіндегі Риад ауданы маңында Ирак федералдық полиция бақылау орталығына қарулы шабуыл ұйымдастырғанын айтты. Шабуылдың террористік ұйым ДАИШ тарапынан Ахмед эт-Тайяр ауылының жанындағы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомалидегі армия жаттығу орталығында жарылыс кезінде екі сарбаз қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қараша. Жарылыс Бардера қаласындағы (Гедо провинциясы) Сомали үкіметі армиясының оқу-жаттығу орталығында болды. Бұл туралы Сомалидің Goobjoog News агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Алдын ала мәлімет бойынша, екі сарбаз қаза тауып, тағы бірнешеуі жараланған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстік шығысында Боко Харам шабуылы салдарынан 11 бейбіт тұрғын қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек. Нигерияның солтүстік шығысында террористік ұйым Боко Харам ұйымдастырған қарулы шабуылда 11 ауылдық қаза тапты, деп TRT жазады.  Жергілікті баспасөздің хабарына қарағанда Маидугуриге 90 километр алыстықтағы  Уасарам ауылына келген Боко Харам мүшелері жан-жаққа оқ атқан. Шабуылда ауылдық 11 кісі қаза тапты, көптеген адам жараланды. Шабуылдан кейін қауіпсіздік күштері мен Боко Харам мүшелері арасындағы қақтығыста көптеген лаңкес […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Нигерияда төрт айдан астам уақыт бұрын ұрланған мектеп оқушылары босатылды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан. Нигерияның солтүстік -батысындағы Кебби штатындағы орта мектептен төрт айдан астам уақыт бұрын ұрланған 30 бала босатылды. Бұл туралы аймақтық үкіметке сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Мәлімдемеде айтылғандай, осы жылдың 17 маусымында содырлар Кеббидегі мемлекеттік мектепке шабуыл жасап, оқушыларды ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта босатылған балалар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда содырлар қонақ үйге шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде. Ауғанстанның Бадгиз провинциясында қаруланған жауынгерлер қонақүйге шабуыл жасады. Бұл туралы 24.kz хабарлайды. Оқиғадан 10 адам жарақат алды. Ғимараттағы тәртіп сақшыларымен лаңкестердің арасында болған атыс-шабыстан 3 содырдың көзі жойылды. Тағы екеуі тұтқындалды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, лаңкестік оқиғаға қатысты жауапкершілікті аймақтағы атышулы «Талибан» террорлық ұйымы өз мойнына алды.
    • 6 Years ago
    • 0
  • 22 жасар Теміртау тұрғынынан 4 кг синтетикалық есірткі тәркіленді

    ТЕМІРТАУ, 11 сәуір. Теміртау қаласының 22 жастағы тұрғыны есірткіні жарнамалағаны үшін 15 жылға дейін сотталуы мүмкін. Тәртіп сақшылары жігітті ұстаған кезде одан 4 кг синтетикалық есірткі тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Теміртау қаласы полиция басқармасының тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі және 299-1-баптары бойынша 22 жастағы теміртаулық тұрғынға қатысты есірткі құралдарын сату жөніндегі сайтты насихаттағаны және […]
    • 4 Years ago
    • 0