Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Кабулдың бірнеше аймақтарында болған шабуылдарда 2 адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан.Ауғанстанның астанасы Кабулда арт артынан ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 2 адам қаза тапты, деп TRT жазады.  Кабул қауіпсіздік басқармасы мәлімдемешісі Фердавс Фарамарз баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Кабулдың Кале-и Абдул Али, Куваи Орталық және Бараки  аймақтарында бомбалы шабуылдар  ұйымдастырылғанын мәлімдеді. Фарамарз шабуылда 2 адамның қаза тапқанын және 5 адамның да жарақат алғанын білдірді.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерия әскерилері «Боко харам» тұтқынынан 25 баланы босатты»

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қазан. Нигерия әскерилері «Боко харам»  тобының тұтқынынан 25 баланы босатты, деп Reuters агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. ЮНИСЕФ мәлімдемесіне сәйкес, қазіргі уақытта билік, 23 ұл және екі қыз балаларды отбасымен қауыштыру жұмыстарын жүргізуде. «Боко харам» исламшыл тобы  мыңдаған адамды, соның ішінде жүздеген балаларды тұтқынға алды. Лаңкестер балаларды жанкештілер ретінде пайдаланады және тұтқындар қатарынан […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК: күдікті заттар табылған кездегі қысқаша ұсынымдар

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар.   Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  you tube арнасында күдікті заттар табылған кездегі қысқаша ұсынымдар көрсетілген бейнеролик орналастырылған. Бейнероликте қоғамдық орындарда, кіреберісте, көшеде және т.б. жерлерде  күдікті зат табылған жағдайда оның иесін анықтауға тырысу керек  делінген. Егер иесі табылмаса, құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Сонымен қатар, роликте ықтимал қауіпті затқа тән ерекшеліктер, осы затты байқаған кездегі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Буркина-Фасодағы лаңкестік шабуылдан отыз алты адам қаза тапты

    НУР-СУЛТАН, 22 қаңтар. Буркина-Фасоның солтүстігінде болған лаңкестік шабуылдан кем дегенде 36 адам қаза тапты, деп хабарлайды  РИА Новости  үкіметтің коммюникесіне сілтеме жасап. «20 қаңтар дүйсенбі күні, қарулы террористер тобы Награого базарына шабуылдады. Сол жерде 32 отандастарымызды өлтіріп, базарды өртеп, шегініп бара жатқан кезінде Аламу ауылының маңында тағы төрт адамды өлтірді. Сонымен қатар, шабуыл нәтижесінде үш […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігіндегі жарылыстан кемінде сегіз адам қаза болды

    АСТАНА, 06 желтоқсан. Ауғанстанның солтүстігінде теракт салдарынан кемінде бес адам қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС The Khaama Press басылымына сілтеме жасап. Агенттіктің мәліметінше, Балх провинциясының орталығы Мазари-Шариф қаласында автобуста жарылыс болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус «Хайратон ойл» мұнай компаниясының қызметкерлерін тасымалдаған. Тергеу басталды. Кейінірек қаза тапқандар саны сегіз адамға жеткені, тағы тоғыз адам жарақат алғаны белгілі болды.  
    • 2 Years ago
    • 0
  • Буркина-Фасода бомба жарылысынан кем дегенде 35 адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 қыркүйек.Буркина-Фасодағы лаңкестік әрекеттен 35 бейбіт тұрғын қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Үкіметтен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда, ел астанасы Вагадугуға бара жатқан жүк конвойының өтуі кезінде Джибо мен Бурзанга аудандары арасында жолға төселген мина жарылды. Жарылыс салдарынан 35 адам қаза тауып, 37 адам жарақат алды. Көрші Малидегі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ешкім де өз балаларына осылай көмектеспейді — американдық психолог «Жусан» операциясы туралы

    НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. Босқындармен жұмыс жасаудың 25 жылдық тәжірибесі бар американдық психолог Стеван Вейн Қазақстанда ДАИШ  экстремистік ұйымының қатарында Сириядағы соғыс аймағында болған қазақстандықтардың әйелдерімен және балаларымен кездесті. Чикагодағы Иллинойс штаты университетінің психиатрия кафедрасының профессоры Ақтаудағы кең ауқымды оңалту орталығына барған алғашқы американдық маман болды. Соғыс қасіретін көрген кішкентай қазақстандықтардың ойлары мен олардың өз Отандарында […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «ИМ» содырлары Нигерияда жүздеген адамды кепілге алады

    НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз.  Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында исламистердің қарулы тобы жүздеген бейбіт тұрғынды кепілге алды,  деп Le Parisien-ге сілтеме жасап zakon.kz  жазады. Жергілікті ақпарат көздеріне сүйенсек, «Батыс Африкадағы Ислам мемлекеті» * (ISWAP) лаңкестік тобы Кукава қаласын басып алып, бейбіт тұрғындарды тұтқынға алды. Бұл адамдар аймақтағы қолайсыз жағдайға байланысты шамамен екі жыл бойы қоныс аударушылар лагерінде […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Парижде полицейлерге пышақты шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан. Францияның астанасы Парижде полицияға пышақты шабуыл жасалды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Пышақпен шабуыл жасаған адам залалсыздандырылды. Ішкі істер министрі Гералд Дарманин Twitter-дегі парақшасында Париждегі Солтүстік пойыз стансасында жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00 маңында пышақты бір адамның полицияға шабуыл жасағанын білдірді. Дарманин шабуылшының полиция тарапынан залалсыздандырылғанын түсіндірді. Франция Қатынас […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысының тұрғыны ауласында марихуана егіп-өсірген

    ТҮРКІСТАН, 17 сәуір. Түркістан облысының полицейлері ауласына есірткі еккен тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды  Polisia.kz. Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, Жетісай ауданында бір азамат есірткі затын үйінде өсіруі мүмкін екендігі жөнінде хабарлама түсірген. Осы бойынша Жетісай АПБ-не аталған қылмысты ашуға тапсырма берілді. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК 300-бабы […]
    • 5 Years ago
    • 0