Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • 55 жасар Жамбыл облысының тұрғыны аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізгені үшін 11 жылға сотталды 

    ТАРАЗ, 02 қазан. Жамбыл облысының тұрғыны аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізгені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп Деловой Казахстан газеті жазады. «Қарағанды—Сұрыптау станциясының көлік полицейлері «Қарасора-2020» жедел—алдын алу іс шарасын жүргізу барысында есірткі заттарын өткізумен айналысқан Жамбыл облысының 55 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады», — дейді Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Әлібаев. Оның айтуынша, ұсталған азаматтан жалпы салмағы 23 келі болатын есірткі заты тәркіленген. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат «гашиш«есірткі құралы болып табылады. «Осы факті бойынша көлік полицейлері  ҚР ҚК 297 — бабы 3-бөлігімен яғни, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді», — дейді полиция полковнигі. «Осы жылдың 22 қыркүйегінде Жамбыл облысының мамандандырылған сотының шешімімен құқық бұзушы осы қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды», — деп толықтырды сөзін Н. Әлібаев. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басынан бері  Көліктегі ПД—нің Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері 338 есірткі қылмысын, оның ішінде 31 өткізу және 18 аса ірі мөлшерде сақтау фактісін анықтады. Заңсыз айналымнан 156 келіден астам түрлі есірткі құралдары, оның ішінде 31 келі гашиш және 73 келі марихуана тәркіленді.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматы облысында лаңкестікке қарсы операциялар аяқталды

    ТАЛДЫҚОРҒАН, 28 қаңтар. Алматы облысында терроризмге қарсы операциялар аяқталды. Бірақ полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу шаралары жүріп жатыр. Талдықорған қаласында тұрақты түрде төрт блокбекет тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Халықтың емін-еркін жүріп тұруын қадағалайтын қосымша бақылау бейнекамералары орнатылып, саяжайларда рейдтік шаралар […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Бағдадта қауіпсіздік күштері жеті террористті ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр. Ирак қауіпсіздік күштері ел астанасы Бағдадта жеті лаңкесті тұтқындады, деп ирактық «Ас-Сомария» сайты хабарлайды. Бұл туралы SANA агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «Ас-Сомария» қауіпсіздік күштері қауіпсіздікті қамтамасыз ету операциясы кезінде жеті террористті ұстағанын айтты. Тұтқындалғандар қажетті құқықтық шара қолдану үшін полиция бөлімшелеріне жеткізілді.
    • 2 Years ago
    • 0
  • Шри-Ланкада әлеуметтік желілер бұғатталған

    НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр. Үкімет Facebook, Snapchat, Instagram, YouTube және WhatsApp бағдарламаларын уақытша бұғаттап тастады.Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.  Өйткені елде сәуір айындағы терактіден соң қылмыстар саны күрт өскен. Азаматтар әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратып, дінаралық жанжалдар тудырған. Халықты ереуілге шақырған. Салдарынан полиция қызметкерлері дүкенге шабуыл жасаған бір топ адамды тұтқындады. Елдің төрт облысында коменданттық […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы жарылыс мұғалімдер мен студенттердің өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр. Ауғанстанның солтүстігіндегі Парван провинциясында Әл-Бируни университетінің оқытушылары мен студенттерін отырған автобус жарылысы салдарынан кем дегенде төрт адам қаза болды. Тағы 11 адам жарақат алды.Бұл туралы Анадолу агенттігі хабарлайды. Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің өкілі Тарик Арианның айтуынша, оқиға Чарикар қаласында болған. Оның айтуынша, жарылғыш зат жол жиегіне орнатылып, көлік өтіп бара жатқан кезде […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Бахчисарайда «Хизб ут-Тахрирге» қарсы күрес аясында іздестіру жұмыстары өткізіліп жатыр

    НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз. Құқық қорғау органдары сәрсенбі күні Қырымның Бахчисарай қаласында алты мекен-жай бойынша тінту жүргізуде. Ресейде тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымымен күресу үшін жедел шаралар қабылдануда. Бұл туралы адвокат Николай Полозовқа сілтеме жасап ТАСС хабарлады . «Таңертеңнен бері кем дегенде алты мекен-жайда жаппай тінту жүргізіледі. ФҚҚ хабарлағандай, ресми түрде  Ресейде тыйым салынған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматы облысында есірткі өсімдіктерін өсірудің екі фактісі анықталды

    ТАЛДЫҚОРҒАН, 10 шілде.  Алматы облысында Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бір тәуліктің ішінде есірткі өсімдіктерін өсірудің екі фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған фактілер ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Енбекшіқазақ ауданының 26 жастағы тұрғынынан тәртіп сақшылары қара сора өсімдігін тәркіледі. Жалпы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Маңғыстау полицейлері есірткі мен тапаншасы бар екі тұрғынды ұстады

    АҚТАУ, 27 тамыз. Маңғыстау облысында полицейлер екі тұрғыннан есірткі мен тапанша тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласының екі тұрғынын ұстады. Оларды тінту кезінде жалпы салмағы 10 грамм “марихуана” есірткі заттары, сыртқы деректері бойынша “Макаров” маркалы тапаншаға ұқсас жеті оғымен қоса […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Саратов облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде терроризмге шақырғаны үшін сот алдына келеді

    НҰР-СҰЛТАН, 06 сәуір. Саратов облысы бойынша ФҚҚ Басқармасы облыс орталығының 34 жастағы тұрғынының заңсыз әрекеттерін анықтап, жолын кесті. Ер адам интернетте террористік әрекетке шақырды деп күдіктелуде, деп «Саратов24» желілік басылымы хабарлайды. Мекеменің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел іс-шаралар жиынтығы нәтижесінде көрсетілген адамның «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде аккаунты болғандығы анықталды. Ер адам жаңалықтар лентасында мәтіндік хабарламалар түріндегі мақалаларға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Францияның Атлант мұхиты жағалауына 750 келі кокаин шығып қалған

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша. Осы айда Францияның Атлант мұхиты жағалауына 750 келіден астам кокаин жағаға шығып қалған, деп  BBC сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.  Есірткілер батыс Нантада Ланды департаментінен оңтүстікке қарай Луара өзенінің сағасына дейінгі аралықта жағажайдан табылған. Бордоға жақын жердегі Жирондада бірнеше жағажай жабылды. Табылған есірткі заттары шамамен 60 млн еуроны құрайды. Ренн прокуроры Филипп […]
    • 5 Years ago
    • 0