Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • «Кең Булун» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары 23 келіден астам есірткіні тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 09 сәуір. «Кең-Булун – автожол» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары Қырғызстаннан Қазақстанға 23,5 келі есірткіні өткізу әрекетінің алдын алды, деп 24.kg сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. «Кен-Булун» бақылау-өткізу бекетіне 38 жастағы Қырғызстан азаматы мінген DAF XF510 көлігі келді. Жүк көлігінің тіркемесін тексеру кезінде қызметтік ит белгі берді, шекарашылар тексеру жүргізді. Тіркеменің алдыңғы […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан астанасында жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 сәуір. Ауғанстан астанасында «Талибан»  қозғалысына тиесілі* көлік жарылған, деп Aamaj News агенттігі хабарлайды. Бұл туралы  « Новые известия» интернет-басылымына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Жарылыс Кабулдың 10-шы ауданында болды. Көлік магниттік бомбамен жарылған. Жарылыстан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, деп хабарлады агенттік. Қозғалыс өкілдері бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Жарылыс үшін жауапкершілікті әлі ешбір топ өз […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Белгісіз біреу Минск-Нұр-Сұлтан рейсімен келе жатқан ұшақты «миналаған»

    НҰР-СҰЛТАН, 09 сәуір. ҚР Терроризмге қарсы орталығы хабарлауынша, 8-9 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан, Ақтау, Көкшетау және Балқаш қалалары әуежайларының анықтама қызметтері мен электрондық мекенжайларына белгісіз тұлғалардан «Минск-Нұр-Сұлтан» рейсімен келе жатқан ұшақтың бортында жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат келіп түскен, деп Хабар24 агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. «Оқиға орнына алғашқы әрекет ету күштері жіберілді. Бортты тексеру […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ИЫҰ Қазақстандағы қаңтар оқиғасы бойынша қарар қабылдады

    НҰР-СҰЛТАН, 08 сәуір. Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) Қазақстандағы қаңтар оқиғасы бойынша қарар қабылдады, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігіне сілтесе жасап Sputnik Қазақстан хабарлайды.  Құжат Пәкістан астанасында өткен Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) мыртқы істер министрлері кеңесінің 48-ші сессиясында қабылданды. ИЫҰ-ның «Қазақстан Республикасымен терроризмге қарсы ынтымақтастығы туралы» №50/48-pol қарарына сәйкес, мүше мемлекеттер «Қазақстанда жақында болған бейбіт наразылықтардан кейін елдегі зорлық-зомбылыққа және […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сауд Арабиясында 50 есірткі диллері ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 сәуір. Сауд Арабиясында 50 есірткі диллері ұсталды, деп EurAsia Daily басылымы хабарлайды, деп  Stopterror.uz сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. 27 Сауд Арабиясының, 10 Эфиопия, 6 Бангладеш, 4 Йемен, 2 Сомали және бір Үндістан азаматы  контрабанда жасады деген күдікпен қамауға алынды. Контрабандалық әрекеттер Джазан, Наджран, Асир, Мекке әл-Мукаррама және Табук […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Дейр-эз-Зор провинциясында «Касад» содырының көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 сәуір. Дейр-эз-Зор провинциясының шығысында  халықтық қарсыласу бөлімшесінің шабуылынан АҚШ-тың оккупациялық күштері қолдаған «Касад» содыры қаза тауып, тағы екеуі жараланды, деп «САНА» агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Жергілікті ақпарат көздері халық отрядының жауынгерлері Хаджин қаласының Әл-Каляа орамындағы «касадшылар» патрульіне автоматтан оқ жаудырып, бір содырды өлтіріп, екі содырды жаралағанын хабарлады. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Мәскеу соты терроризмді насихаттағаны үшін ИМ жақтасын үш жылға соттады

    НҰР-СҰЛТАН, 07 сәуір. Сот интернетте терроризмді насихаттау ісі бойынша күдікті болған, Ресей Федерациясында тыйым салынған «Ислам мемлекеті» * (ИМ) террористік ұйымының қолдаушысын үш жылға бас бостандығынан айырды, деп Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің Владимир облысы бойынша баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Өткен жылдың қыркүйегінде сотталушы […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Екатеринбург тұрғынына терроризм мен экстремистік әрекетке шақырғаны үшін айыппұл салынды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 сәуір. Екатеринбургтің Орталық округтік әскери соты Қорған тұрғынына терроризм мен экстремистік әрекетке жария түрде шақырғаны үшін 300 мың рубль айыппұл салды, деп SibRu.Com сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Сотталушы әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасында Ресейде мемлекеттік билікті күшпен құлатуға, сондай-ақ еврей ұлтының өкілдерін физикалық түрде жоюға шақыратын мәтіндік материалдарды жариялағаны […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Шымкент әуежайына «мина» қойылды

    ШЫМКЕНТ, 07 сәуір. Түнгі сағат 2:00-де Шымкент әуежайының «миналанғаны» жөнінде хабар тарады деп жазды turkystan.kz порталына  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Осыдан кейін жолаушылар мен қызметкерлер толық эвакуацияланды. Жергілікті полиция мен ҰҚК қалалық департаменті әуежай қызметкерлерімен бірлесіп арнайы тексеріс өткізді. Тексеріс нәтижелері жарылғыш зат туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын көрсетті. Қазір Шымкент әуе айлағы […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Кабул мешітінтерінің бірінде намаз кезінде жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 сәуір. Ауғанстан астанасындағы ең ірі мешіттердің бірінде болған жарылыс салдарынан кем дегенде алты адам зардап шекті, деп Tolo News телеарнасы хабарлады. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Жарылыс Кабулдағы ең үлкен мешіттердің  бірі Пули Хиштиде түскі намаз уақытында болды. Куәгерлердің айтуынша, жарылғыш затты мешітке баса-көктеп кірген […]
    • 2 Years ago
    • 0