Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • «Талибан» содырлары ауғанаралық келіссөздер қарсаңында бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз.  Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясында «Талибан» содырлары бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасап, кем дегенде алты полиция қызметкерін өлтірді. Бұл туралы eadaily.com-ға  сілтеме жасап  «Правильный выбор»  хабарлайды. Кері соққы нәтижесінде үш содыр жойылып, тағы екеуі жараланды. Осы аптада Дохада ауғанаралық келіссөздер жоспарланған, Кабул тарапынан белсенді дайындық жүргізілуде, делегация құрамы бекітілді. Келіссөздерді бастау үшін Талибан* шарттарының […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сарапшы: Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен шешу әлі мүмкін емес

    НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз.  Аймақтық қауіптерді зерттеу орталығының қауіпсіздік мәселелері жөніндегі сарапшысы Виктор Михайлов  «Талибанның» 400 тұтқының босату және Ауғанстан Үкіметінің ымыраға дайын екендігі туралы пікірімен бөлісті, деп жазады Sputnik Өзбекстан. Сарапшының айтуынша, бірнеше жүздеген ұрылардың босатылуы Ауғанстандағы, әсіресе елдің солтүстігіндегі жағдайдың жақсаруына әкелуі екіталай. «Мүмкін, шешім қабылдағандардың  ақпарат қорылары әлдеқайда кеңірек  және олар бізде жоқ […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ирак пен Кувейт шекарасында АҚШ әскери техникасының колоннасына шабуыл ұйымдастырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз.  Жарылыс Ирак пен Кувейт шекарасының аумағында болды. Бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасап ТАСС хабарлайды . Ақпарат бойынша, жарылыс шиит содырларының шабуылы нәтижесінде болған. Шабуылдың мақсаты АҚШ әскери техникасының колоннасы болды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер жоқ.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан президенті 400 талибанды босату туралы жарлыққа қол қойды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз.  Ауғанстан президенті Ашраф Ғани радикалды «Талибан» қозғалысының қалған 400 мүшесін босату туралы жарлыққа қол қойды, деп TOLO News телеарнасына сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан хабарлайды. Дереккөздердің хабарлауынша, 400 тәлібті босату туралы жарлықтан басқа, Ғани Ауған ұлттық қауіпсіздік күштерінің қызметкерлерін түрмеден босату туралы құжатқа қол қойды. Жексенбі күні Ауғанстан халық өкілдерінің жалпыұлттық кеңес мүшелері […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Пәкістанның батысында лаңкестік шабуылдан кем дегенде бес адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз.  Пәкістанның батысындағы Белуджистан провинциясындағы лаңкестік  шабуыл нәтижесінде алдын-ала мәліметтер бойынша бес адам қаза тауып, тағы 20 адам жарақат алды, деп Dawn жаңалықтар сайтына сілтеме жасап Анадолу жазады. Полициядағы дереккөз жарылыстың Чаман қаласында болғанын хабарлады. Лаңкестер миналанған мотоциклді қолданған. Жараланғандар ауруханаға жеткізілді.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркия Қарулы күштерінің әуе шабуылының нәтижесінде  КЖП 3 содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз. Ирактың солтүстігіндегі Авашин аймағында әуе соққы нәтижесінде  PKK-ға мүше 3 лаңкес залалсыздандырылды, деп Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап  Анадолу агенттігі  хабарлайды. Жарияланымға операция орнынан түсірілген материалдар қоса беріледі. « Түрік қарулы күштерінің операциялары соңғы лаңкес жойылғанға дейін жалғасады», — деп мәлімдеді  министрлікте. Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап PKK содырлары Түркияда қанды қылмыс жасағаннан бастап, 2020 жылдың наурызына дейін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • М. Эспер: күздің соңына дейін Ауғанстандағы әскери қызметшілер санын 5 мың адамға дейін қысқартамыз

    НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз.  АҚШ билігі қараша айының соңына қарай Ауғанстандағы американдық әскери контингентті 5 мың адамға дейін қысқартуға ниетті. Бұл туралы Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрі Марк Эспердің Fox News телеарнасындағы мәлімдемесіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады. «Біз қараша айының соңына дейін әскери қызметшілер санын 5 мыңға дейін азайтуға ниеттіміз», — деді ол. «Біз АҚШ Конгресін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасындағы әскери базаның жанында жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 тамыз.Сенбі күні Сомали астанасы Могадишо қаласында әскери базаның жанында жойқын жарылыс болды. Бұл туралы Сомалидің Gubjug News ақпараттық порталына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды . Жарылыстың эпицентрі Варта-Набадд аймағындағы Бар-Аян қиылысындағы жолда болды.Куәгерлер әскери базаның аумағында көлікті жарып жіберген жанкешті-лаңкес туралы хабарлама таратуда. Мәліметтер бойынша бірнеше адам жарақат алды.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстігінде болған шабуыл салдарынан жиырмадан астам бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 08 тамыз.Абуджадан келіп түскен хабарламаға сәйкес, жақында Нигерияның солтүстігіндегі Кадуна штатындағы бірнеше ауылға белгісіз біреулер қарулы шабуыл жасаған, салдарынан 21 бейбіт тұрғын қаза тауып, көптеген адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі жазады . Шабуыл 6 тамызға қараған түні болған. Тәртіп сақшылары бұл аймақтағы патрульді күшейтті.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түрік әскерилері 10 күн ішінде КЖП -ның елу жеті содырын залалсыздандырды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 тамыз.Түрік қарулы күштері соңғы тәулік ішінде 17 лаңкесті залалсыздандырды. Бұл туралы Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып Anadolu агенттігі жазады . Министрліктің хабарлауынша, 10 күн ішінде түрік әскері КЖП- YPG-ның Сирия қанаты тобының — 57 содырын залалсыздандырды . Қорғаныс министрлігі аймақтағы лаңкестерге қарсы операциялар тәулік бойы жалғасып жатқанын атап өтті.
    • 4 Years ago
    • 0