Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сомали әскери күштері «Аш-Шабаб» тобының отыз жеті содырын жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 маусым. Могадишодан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Сомали армиясы өткен сенбі күні елдің оңтүстігінде өткізген әскери операция кезінде «Аш-Шабаб» экстремистік тобының 37 содырын өлтірді, деп хабарлады Синьхуа агенттігі. Үкімет армиясының қолбасшысы Одав Юсуф Радждың мәліметінше, тиісті ақпарат алғаннан кейін әскерилер Сомалидың оңтүстігіндегі «Аш-Шабаб» содырларының күштеріне шабуыл жасады . Операция кезінде 37 содыр өлтірілді, соның […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда әскери операция кезінде кемінде 70 содыр жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 маусым. Нигерияның солтүстік-батысындағы Кадуна штатындағы әскери операция кезінде кемінде 70 содыр өлтірілді. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі армия өкілі Джон Эненчеге сілтеме жасап хабарлады. Оның айтуынша, билік қарулы бандиттер мен мал айдап әкетушілер деп санаган содырлар жұма күні Кашия орманындағы баспаналарының бірінде жойылды. «Келісім » операциясы — бірнеше жылдар бойы зорлық-зомбылықпен бүлінген , […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияның Эль-Хасака провинциясында болған бомба жарылысынан сегіз адам қайтыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 маусым. Бүгін Эль-Хасака провинциясында (Сирияның солтүстік-шығысы) болған бомба жарылысынан кемінде сегіз адам қаза тауып, тағы жетеуі жарақат алды. Бұл туралы SANA Сириялық мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Агенттіктің хабарлауынша, жарылыс Эль-Хасака провинциясының солтүстік-батыс бөлігіндегі Рас-эль-Айн қаласынан оңтүстікке қарай орналасқан Таль Халаф аймағында болған.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Малиде «Аль-Каиданың» Солтүстік Африкадағы көшбасшысы жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 маусым. Малидің солтүстігінде жүргізілген операцияның нәтижесінде Солтүстік Африкадағы «Аль-Каида» лаңкестік ұйымының жетекшісі Абдельмалек Друкдаль және оның қасындағы адамдар жойылды, деп Францияның қорғаныс министрі Флоренс Парлиге сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «3 маусым күні  Малидің солтүстігінде француз күштері серіктестерінің қолдауымен өткізген операция кезінде «Ислам Мағрибіндегі (AQMI) Аль-Каида» әмірін, Абдельмалек Друкдальды және оның көптеген серіктерін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның батысында «Талибан» қозғалысының 16 содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 маусым. Ауғанстанның батысындағы Фарах провинциясында ауған әскери-әуе күштері жасаған әуе соққылары нәтижесінде «Талибан» қозғалысының  16 содыры жойылды, тағы бесеуі жарақат алды. Бұл туралы провинция полициясының өкілі Мухибулла Мухибке сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. «Талибан» қозғалысының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым)  содырлары жұма күні таңертең Фарахтың маңындағы Дехак ауылына шабуыл жасамас бұрын қауіпсіздік күштерінің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда арнайы операция кезінде 392 содыр жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 маусым. Нигерия әскері бейсенбі күні елдің солтүстік-батыс және орталық аймақтарында өткен айда басталған және бірнеше күнге созылған ірі операция кезінде 392 содырдың көзін жойды деп мәлімдеді. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады . Әскердің баспасөз-хатшысы Джон Эненче Абуджада БАҚ-қа 14 мамырда елдің солтүстік-батысындағы Кацина штатында басталған бірлескен операция солтүстік аймақтағы бандитизм мен басқа […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияның шығысында аса қауіпті лаңкес жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 маусым. Түркияның қауіпсіздік күштері TKP / ML лаңкестік ұйымының мүшесі Хасан Аташты жойды, деп республиканың ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі жазады. Ақпаратқа сәйкес, арнайы операция Түркияның шығысындағы Тунджели провинциясының Оваджык аймағында жүргізілді. «Шерзан» деген кодты атымен белгілі Хасан Аташ Түркия ІІМ іздеуде жүрген лаңкестердің «қызғылт сары тізіміне» енгізілген . Оны ұстағаны […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Конгода әскери операция кезінде 18 содыр жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 маусым. Дүйсенбі күні елдің солтүстік-шығысында басталған Конго Демократиялық Республикасы  қарулы күштерінің операциясы кезінде кемінде 18 содыр өлтірілді. Бұл туралы ел армиясының қолбасшылығына сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі хабарлады . Әскерилердің хабарлауынша, Конго Демократиялық Республикасының әскері Итури провинциясының шекаралас аймағында операция өткізді,  содырлар басып алған жерлерді қайтадан бақылауға алып, қару-жарақ партиясын тартып алды. Бір […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның екі провинциясындағы жарылыстардан он адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 03 маусым. Ресми тұлғалардың мәліметінше, дүйсенбі және сейсенбі күні  Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз және Сари-Пул провинцияларында жол бойындағы екі бомба жарылып, 10 адам қаза тауып, тағы 10-ы жарақат алды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі . Кундуз провинциясының Ханабад ауданың басшысы Хаятулла Амири Синьхуа агенттігіне  «Талибан» бақылауындағы аймақтан өтіп бара жатқан 13 бейбіт тұрғыны бар көлік бомбаға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Джебхат ан-Нусра» содырлары Сирияның үш провинциясындағы елді мекендерге оқ жаудырды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 маусым. «Джебхат ан-Нусра» лаңкестік тобы Сирияның үш провинциясындағы елді мекендерге оқ жаудырды, — деп Сириядағы соғысушы тараптарды татуластыру жөніндегі Ресей орталығының жетекшісі контр-адмиралы Александр Щербицкийге сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «Джебхат ан-Нусра» лаңкестік ұйымының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым)  позициясынан «Мелладж ауылында, Идлиб провинциясындағы Кафер-Мус ауылында, Алеппо провинциясындағы Кабтан әл-Джабель ауылында, Латакия провинциясындағы […]
    • 4 Years ago
    • 0