Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • АҚШ-тың 11 штатында марихуана саудасы заңдастырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір. Есірткіден талай адамның өмірі қиылды. Нашаны жаппай қолданудың соңы қайғылы жағдайға әкеп соғады. Тек бір жылдың ішінде 47 мың адам есірткінің кесірінен бақилық болды, деп 24.kz жазады.  АҚШ марихуана сатуға рұқсат берілген. Шөптің бұл түрін саудалау осы кезге дейін АҚШ-тың 11 штатында заңдастырылды. Тіпті Вашингтон, Колорадо, Орегон, Мичиган, Невада, Нью-Джерси, Калифорнияда марихуана […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Чад армиясы елдегі «Боко Харам» тобының толығымен жойылғандығын мәлімдеді

    НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір. Нджаменадан келген мәліметтерге сәйкес, бейсенбі күні Чад әскері елде әрекет еткен «Боко Харам» радикалды ислам тобының күштерін толығымен жоюы туралы жариялады, деп жазады Синьхуа агенттігі . Бейсенбі күні Чад армиясының өкілі босату операциясы сәрсенбі күні  аяқталғанын мәлімдеді. «Боко Харам» тобының мыңға жуық сарбазы өлтірілді, ал  Чади армиясының тарапынан  52 әскери қаза тапты. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде Талибан шабуылынан бір отбасының жеті мүшесі көз жұмды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір. Сәрсенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясында «Талибан» тобының содырлары бір отбасының жеті мүшесін өлтірді. Бұл туралы провинция үкіметінің ресми өкілі Мунир Ахмад Фархадқа сілтеме жасап  Синьхуа агенттігі хабарлады . Өкіл сәрсенбі күні түсте «Талибан» қарулы содырлары (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) Шолгар аймағындағы ауылшаруашылық жерлерінде  фермерлерге ретсіз оқ жаудырғанын, нәтижесінде бір отбасының […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • АҚШ-тың Ауғанстандағы ең ірі әуе базасы зымыранмен атылды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір. АҚШ-тың Ауғанстандағы ең ірі әскери базасы  — «Баграм»  зымыранмен атылды, деп жазады Анадолу агенттігі . Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің өкілі Тарик Арьян американдық әуе базасына бес зымыран атылғанын айтты . Қастандық Парван провинциясындағы Калече ауылынан болған деп болжануда. Іске қосу қондырғылары қашықтықтан іске қосылды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Оқ жаудырғаны үшін жауапкершілікті […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Гератта Ауғанстан Орталық банкінің бес қызметкері ұрланып өлтірілген

    НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір. Ауғаныстанның батысындағы Герат провинциясында Орталық банктің бес қызметкері ұрланды және өлтірілді, деп провинция полициясына сілтеме жасап АфТАГ  хабарлайды. Оқиға бейсенбі күні кешке қызметкерлер Гераттың Кухсан ауданынан провинция астанасына қарай бет алған кезде болды , деп хабарлады полицияның өкілі Абдул Ахад Вализада. Ол қызметкерлер өз қозғалысын қауіпсіздік органдарымен үйлестірмегенін айтты. ІІМ-нің  баспасөз-хатшысы  Тарик […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Орыс империялық қозғалыс» террористік ұйымдар тізіміне енгізілді

    НҰР-СҰЛТАН, 09 сәуір. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті ресейлік «Орыс империялық қозғалыс» ұйымын террористік ұйымдар тізіміне енгізді, деп islam.kz сайтына сілтеме жасап kazislam.kz жазады.  Осы орайда АҚШ-та ислам атын жамылған радикалды ұйымдар ғана лаңкестер қатарына жатқызылып келгенін айта кету керек. Бұл АҚШ билігі террористік ұйым ретінде таныған алғашқы ұйым ислам атын жамылғандарға еш қатысы жоқ. Осы уақытқа […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Венесуэлада есірткі сатушылардың ұшағы атып түсірілді

    НҰР-СҰЛТАН, 08 сәуір. Боливария ұлттық қарулы күштерінің Стратегиялық жедел басқару басқармасы (CEOFANB) есірткінің заңсыз айналымы үшін пайдаланылған ұшақты Сулия штатының әуе кеңістігін пайдалануға әрекет жасаған кезінде атып түсірді, — деп басқарманың Twitter-іне сілтеме жасап  РИА Новости хабарлайды. «CEOFANB CODAI (кешенді әуе басқармасы — ред.) арқылы өткен түні  егеменді әуе кеңістігін пайдаланбақ болған, есірткі саудасымен айналысатын […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан үкіметі «Талибан» тұтқындарын неге босатпайтыны жайлы айтты

    НҰР-СҰЛТАН, 08 сәуір. Ауғанстан үкіметі бейбіт келіссөздер үшін қажетті шарттарды талқыламайынша тәлібтерді босатуға дайын емес. Бұл туралы ел президентінің кеңесшісі Вахид Омерге сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан жазады. «10 күннен кейін қамаудағылар қандай да бір шартсыз босатылуы тиіс делінген, бұл болмайды»,-деді ол. Омер үкімет тұтқындармен алмасуды бейбіт процестің бір бөлігі деп санайды,  билік келіссөздерге дайын және […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда «Талибан» қозғалысының басты қолбасшысы мен оның оққағары жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 сәуір. «Талибан»  қозғалысының басты қолбасшысы мен оның оққағары  өлтірілді, содырлардың Ауғанстанның солтүстігіндегі Тахар провинциясындағы Бахарақ ауданына шабуыл жасау жоспары орындалмай қалды. Бұл туралы провинция үкіметінің өкілі Мохаммад Джавад Хадаридің мәлімдемесіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . «Басты командир Кари Ансарула Гаджар бастаған тәлібтер дүйсенбі күні кешке Бахарақ ауданының штабына шабуыл жасауды жоспарлаған, бірақ […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Кандагар провинциясында «Талибан» шабуылы салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 08 сәуір. Ауғанстанның Кандагар провинциясында «Талибан» экстремистік қозғалысының мүшелері минометпен оқ атты, салдарынан жергілікті тұрғындар көз жұмды, деп Даман округі әкімшілігіндегі дереккөзге сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «Бейбіт тұрғындардың қаза болуына «Талибан» экстремистік қозғалысының мүшелерінің тұрғын ауданға жасаған миномет атысы себеп болды», — деді агенттік сұхбатшысы. Шабуылдан зардап шеккендердің саны туралы мәлімет берген жоқ. […]
    • 5 Years ago
    • 0