Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркия прокуроры терактіге айыпталған өзбек азаматына 2385 жыл беруді сұрады

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар. Түрік прокуратурасы 2017 жылдың 1 қаңтарында Стамбұлдың «Рейна» түнгі клубындағы теракт бойынша айыпталып жатқан өзбекстандық Абдулкадыр Машариповты 2385 жылға (40 рет өмір бойы бас бостандығынан айыру) соттауды сұрады, деп centralasian.org жазады.  «Anadolu» агенттігі хабарлағандай, Машарипов конституциялық құрылымды өзгертуге әрекет қылған және 39 адамды өлтіруге қатысқан деп айыпталып жатыр. Егер ол кінәлі деп танылса, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Буркина-Фасода лаңкестік шабуылдан кем дегенде 39 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар. Буркина-Фасоның солтүстігінде болған лаңкестік шабуылдан кем дегенде 39 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости  Faso порталының сайтында үкімет шығарған коммюникеге сілтеме жасап. Коммюникеге сәйкес шабуыл 25 қаңтарда Сум провинциясындағы Силгаджи ауылында болған. «Осы аумақта қорғаныс және қауіпсіздік күштері жүргізген операциялар осы қатыгез шабуылдың салдарынан 39 жерлесіміздің қайтыс болғанын белгілеуге мүмкіндік берді», […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы америкалық ұшақ апатын «Талибан» мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар. 27 қаңтарда Ауғанстан шығысындағы Газни провинциясында ұшақ құлады. Мұны провинция губернаторының өкілі растады. Ұшақ радикалды «Талибан» қозғалысы қадағалайтын аймақта құлаған. Апат неден болғаны әзірге белгісіз.Бұл туралы centralasian.org хабарлайды.  Бірнеше сағат өткеннен кейін тәлібтер өкілі Забихулла Муджахид Газни провинциясына барлау мақсатымен ұшып бара жатқан америкалық ұшақ апатын қозғалыс мойнына алады деп мәлімдеді. «Ұшақтағы барлық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияда миналанған автокөлік жарылысынан сегіз бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар. Жексенбі күні Сирияның солтүстігінде Түркиямен шекаралас аудандардың бірінде бомбаның жарылуы салдарынан сегіз адам қаза тапты, тағы 20 адам жарақат алды, деп САНА АА сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды.   Алеппо провинциясының солтүстігіндегі Аазаз қаласындағы мейрамхана манында жарылғыш зат салынған көлік жарылды . Жарылыс салдарынан сегіз бейбіт тұрғын қайтыс болып, тағы 20 адам […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Балх провинциясында әуе шабуылдары нәтижесінде 16 содыр жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар. Сенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциядағы тәлібтердің баспаналарына жасалған әуе соққыларынан кемінде 16 содыр өлтірілді. Бұл туралы армияның солтүстік аймақтағы өкілі Мұхаммад Ханиф Резайға сілтеме жасап Синьхуа  агенттігі хабарлады . Сол күнгі әуе соққыларының нысаны Балх аумағындағы тәлібтердің баспанасы болды.Нәтижесінде 16 қарулы содыр жойылды, деп хабарлады шенеунік. Оның айтуынша, соңғы бірнеше күн […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Малиде Қауіпсіздік кеңесінің он тоғыз қызметкері содырлардың шабуылынан қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар. Малиде содырлардың әскери лагерге шабуылы салдарынан қауіпсіздік күштерінің 19 қызметкері қаза тапты, тағы бес адам зардап шекті, деп Мали армиясының сайтта жарияланған мәлімдемесіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Жексенбі күні содырлар Сегу облысының Соколо қаласындағы әскери лагерьге шабуыл жасады. Содырлар өздерімен бірге лагерьден қару-жарақ пен әскери техниканы алып кетті. Террорлық топтардың ешқайсысы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • АҚШ өкілі ИМ-не қарсы коалиция мен Сирия мәселесін Еуропада талқылайды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар. АҚШ-тың арнайы өкілі Джеймс Джеффри 27-30 қаңтарда Еуропаға барып, коалиция мен Сирия мәселелерін талқылайды, деп хабарлайды РИА Новости  АҚШ Мемлекеттік департаментіне сілтеме жасап. Джеффри Сирия бойынша арнайы өкілі мен ИМ-мен күрес жөніндегі коалицияның арнайы өкілі (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) қызметтерін қоса атқарады. Джеффри, Сирия бойынша мемлекеттік департаменттің тағы бір өкілі Джоэл […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Перуде бортында «бомба бар» деген хабарламадан кейін ұшақ шұғыл түрде қонды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар. Жұма күні жолаушылар ұшағы бортында жарылғыш зат бар екені туралы хабарламаға байланысты Перуның Писко әуежайына шұғыл түрде  қонды. Бұл туралы хабарламаны елдің Көлік және коммуникациялар министрлігі Twitter-де жарияланды, деп хабарлайды ТАСС. Әуе кемесі Лима Республикасының астанасынан Хульяку қаласына ішкі рейсті орындаған. Қонғаннан кейін борттағы 118 жолаушы мен экипаж мүшелері жұмысы уақытша тоқтатылған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияда көлік жарылысы салдарынан бірнеше түрік сарбазы қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар. Бейсенбі күні Сирияның солтүстігіндегі Ракка провинциясының ауылдық аймағында болған жарылыста бірнеше түрік әскері қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі САНА  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады . Көлік Ракка провинциясының солтүстігіндегі Хамам ауылының жанында жарылды. Бұл жарылыс Түркияның бақылауындағы Сирияның солтүстік аймақтарындағы бірнеше шабуылдар топтамасының кезектісі болды.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Индонезияның 600-ден астам азаматы террористік әрекет жасады деп күдіктелуде

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар. Индонезияның саясат, құқық және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үйлестіруші-министрі Мохаммад Махфуд қазіргі уақытта елдің 660 азаматы террористік іс-әрекетке күдікті деп мәлімдеді. Бұл туралы  Kompas басылымына сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Индонезия Үкіметі мәселені шешу жолдарын іздейді. Себебі, бұл көптеген министрліктер мен ведомстволарға қатысты. Солардың бірі — негізгі міндеттері әлеуметтік зардапдапды есепке алу болатын, әлеуметтік […]
    • 4 Years ago
    • 0