Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • «Орталық — 2019» оқу-жаттығудың белсенді фазасы басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек. Оқу-жаттығуға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан елдерінің әскери қызметшілері, 20 мың бірліктен астам әскери техника мен қару-жарақ, 600 шамасында ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылған, деп NUR.KZ хабарлайды. Оқу-жаттығу броньды транспортерлер, жаяу әскер жауынгерлік машиналары, танкілер, жойғыштар, әскери-көлік ұшақтары, жауынгерлік тікұшақтар, тактикалық зымыран кешендері және артиллериялық қару-жарақтар қолданылды. Сонымен қатар әскери […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • РФ ІІМ АСЕАН елдерінің полицейлерімен есірткіге қарсы күресте тәжірибесімен бөлісуге дайын

    НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек. Ресей ІІМ 2020 жылы есірткі қылмыстарын ашу тәжірибесін үйрету үшін АСЕАН елдерінен полиция тобын қабылдауға дайын, деп мәлімдеді мекеме басшысы Владимир Колокольцев Ханойдағы 39-шы АСЕАНАПОЛ конференциясында сөйлеген сөзінде, деп РИА Новости хабарлайды. «2020 жылы есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды ашу тақырыбы бойынша АСЕАН елдерінен кезекті полиция тобын оқуға қабылдауға дайынбыз. Ресей тарапы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • EKOWAS Батыс Африкадағы «исламшыл қаупімен» күреске $1 млрд бөледі

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек.»Батыс Африка елдерінің экономикалық қоғамдастығына» (EKOWAS ) кіретін елдердің көшбасшылары өңірдегі күшейіп келе жатқан «исламшыл қаупімен» күреске $1 млрд бөлуді міндеттелді. Бұл туралы Reuters ақпараттық агенттігі EKOWAS  өңірлік блогы басшысының мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады, деп REGNUM жазады. EKOWAS-тың Батыс африкандық блогының он бес мүшесі, олардың ішінде — Мавритания мен Чад президенттері Буркина-Фасоның […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ле Дриан: Франция Суданды АҚШ-тың «қара тізімінен» алып тастауды қолдайды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек. Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан Суданды АҚШ-тың  «қара тізімінен» (лаңкестікті қолдайтын мемлекеттердің)шығаруды талап ететінін мәлімдеді, деп Le Figaro сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды. Жан-Ив Ле Дриан Хартумға (Судан) сапары кезінде Суданды халықаралық қоғамдастыққа қайта ықпалдастыру туралы айтты. «Осы тізімнен Суданды алып тастау үшін біз ықпалымызды тигіземіз, бұл Суданға қаржы институттарымен […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ресейде «Центр-2019» әскери жаттығуы басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек. 16 қыркүйекте Ресейде жыл сайын өткізілетін «Центр-2019» стратегиялық командалық-штабтық әскери жаттығу басталды. 21 қыркүйекке дейін жалғасатын жаттығуға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Пәкістан мен Үндістан әскерилері де қатысады, деп Азаттық Радиосы хабарлайды.  Бұл жолы жаттығуларда Орталық әскери округі (Ресейде бұған қоса, Батыс, Шығыс және Кавказ әскери округтері бар) басты назарға алынады. Ресей қарулы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мальдив аралдары экстремистік идеологияларды қолдау туралы заңды қатайтады

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек. Мальдив Республикасының Үкіметі терроризмнің алдын алу туралы Заңға түзетулер енгізу арқылы экстремистік идеологияларды қолдау туралы заңды қатайтады. Қазіргі заң шет елдердегі лаңкестік ұйымдар қатарында қақтығыстарға қатысу үшін елден кеткен адамдар үшін 10 жылдан 20 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын көздейді, деп REGNUM АА хабарлайды. Ел парламенті жаңа түзетулерді қабылдаған жағдайда, лаңкестік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақ үй: Усама бен Ладеннің ұлы оққа ұшты

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек. «Әл-Қаида” террористік ұйымының негізін қалаған Усама бен Ладеннің ұлы Хамза бен Ладенді арнайы операция кезінде атып өлтірген деп хабарлады сенбі, 14 қыркүйекте Ақ үй, деп Азаттық Радиосы жазады.  «Әл-Қаида” ұйымына жетекшілік еткен Хамза бен Ладен Пәкістан мен Ауғанстан шекаралары маңындағы аумақта қаза тапқан. АҚШ президенті Дональд Трамп жариялаған мәлімдемеде оқиғаның қашан болғаны […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БҰҰ діни объектілерді терроризмнен қорғау жоспарын әзірледі

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек.БҰҰ діни нысандарды лаңкестердің шабуылынан қорғау жоспарын әзірледі. Бұл туралы Ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерреш мәлімдеді, деп Islam-today хабарлайды. «Барлығымыз білетіндей біздің әлем антисемитизмнің, мұсылмандарға қарсы жеккөрушілік пен христиандарға шабуылдардың ұлғаюына тап болып отыр, әлемде, әсіресе,  соңғы айларда, христиандық, мұсылман және иудейлік ғибадатханаларда діншілдерге қарсы лаңкестік әрекеттер  жасалуда». «Мен бұл шабуылдарды қатаң айыптаймын. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • РФ СІМ: Сирияда соғыс аяқталды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирияда соғыстың аяқталғанын хабарлады, деп Айқын газеті жазады. «Сириядағы соғыс шынымен аяқталды. Мемлекет ақырындап бейбіт өмірге аяқ басып келеді», — деді Лавров. Ол Сирия Араб Республикасы үкіметінің бақылауында жоқ аймақтарда ғана шиеленістің барын алға тартты. Бұл аймақтар – Идлиб және Евфраттың шығыс жағалауы. Министр Сирияның топырақ […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ШЫҰ өкілдері лаңкестер және олардың дрондарымен күресу жолдарын талқылайды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Аймақтық терроризмге қарсы құрылым кеңесінің отырысы Петербургте ашылды, оның қатысушылары халықаралық терроризммен және содырлардың ұшқышсыз ұшатын аппараттарды пайдалануымен күрес мәселелерін талқылайды, деп РИА Новости хабарлайды. «Әлемдегі жағдай шиеленісуде. Біздің елдеріміз үшін негізгі қауіп халықаралық террористік ұйымдардан туындайды. Бұл туралы бұрын-соңды болмаған лаңкестік әрекеттер, атап айтқанда, ШЫҰ диалог бойынша […]
    • 5 Years ago
    • 0