Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Иракта лаңкестердің бірнеше баспанасы жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз. Ирактың қарулы күштері «Ислам мемлекеті» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  содырларының үш жасырын баспанасын  жойды, бұл туралы 20-тамызда  Kurdistan.ru хабарлайды. Объектілер таласты Киркук провинциясында табылған, әскерилер мұнда жарылғыш заттар, сондай-ақ оқ-дәрілер тапты. Киркук билігі Багдадты провинцияны нығайтуға жәрдемдесуге  шақырды,  өйткені ДАИШ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) содырлары өз белсенділігін мұнда жиі танытады. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • 2018 жылы Қытай полициясы 38,8 тонна есірткі тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз. Есірткі заттар айналымын бақылау  Қытай ұлттық комиссиясы Қытайдың 109 қаласының есірткімен күрестегі жетістігі  туралы мәлімдеді,  деп 19 тамызда Синьхуа агенттігі хабарлады, деп жазады REGNUM АА. 2019 жылы қаңтар айында Юньнань провинциясындағы Куньмин мен  және Гуандун провинциясындағы  Чжуншаньді қоса алғанда, бүкіл Қытай бойынша 109 қала есірткіге қарсы күресте көшбасшылықты алуға ниет білдірді. 2018 […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БАҚ: ЕО Кабулдағы лаңкестік әрекетті айыптады

    НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз. Еуропалық Одақ билігі Ауғаныстан астанасында үйлену тойы кезінде жасалған лаңкестік әрекетті айыптайды. Бұл туралы Еуропалық сыртқы саяси қызметінің хабарламасында айтылған, деп REGNUM хабарлайды. «ЕО алдағы уақытта да Ауғанстанды халықаралық лаңкестікке қарсы күресте қолдайтын болады, ЕО өзінің қайғы-қасіретке ортақтастығын білдіреді», — делінген хабарламада. Агенттік хабарлағандай, 17 тамызда Ауғанстанның астанасында той салтанаты кезінде жойқын […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Ислам мемлекеті Кабулдағы жарылыс үшін жауапкершілікті өзіне алды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз.»Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) сенбі күні Кабулдағы үйлену тойында болған жарылыс үшін жауапкершілікті өзіне алды, деп хабарлайды Рейтер агенттігі исламшылардың мәлімдемесіне сілтеме жасап.Бұл туралы РИА Новости жазады. Жарылыс сенбі күні жергілікті уақыт бойынша 22.40-та Кабулдың үйлену залдарының бірінде орын алды. Жарылғыш құрылғыны жанкешті лаңкес іске қосты. Куәгерлердің айтуынша, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы үйлену тойында жарылыстан 40 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз. Ауғанстан астанасында болған үйлену тойындағы жарылыс салдарынан 40 адам мерт болып, 100-ге жуығы зардап шеккен.Бұл туралы TOLO News сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.  Ақпаратқа сәйкес, жарылыс кезінде той өтіп жатқан ғимаратта ондаған адам болған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға болған жерде қанға бөккен ондаған адамның денесі жатқан. Ауғанстан ІІМ баспасөз қызметі жарылысты жанкештінің жасағанын мәлімдеді.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Пәкістанда мешітте жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз. Пәкістандағы мешіттердің бірінде жарылыс болып, 4 адам қаза тапты, деп 24.kz  хабарлайды.  Тағы 15 тұрғын жарақат алды. Олардың арасында бір имам бар. Лаңкестік Кветта қаласынан 25 шақырымдай жердегі Кучлак мекенінде болды. Полицияның хабарлауынша, бомба мешітке күні бұрын қойылған. Әзірге шабуылды ешқандай лаңкестік топ мойнына алған жоқ. Қазір жарылысты ұйымдастырғандар іздестіріліп жатыр. Айта […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркия ІІМ желісі бойынша іздеуде жүрген лаңкестер елдің шығысында бейтараптандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз. Күрдістан жұмыс партиясының (КЖП) содырлары Битлис провинциясында бейтараптандырылды, деп ТР ІІМ сілтеме жасап  АНАДОЛУ агенттігі хабарлайды. Битлис провинциясында түрік жандармериясының қызметкерлерімен бейтараптандырылған төрт лаңкестің  екеуі Түркия ІІМ желісі бойынша іздестіріліп жатқан аса қауіпті қылмыскерлердің «сұр тізімінде» болған. Эюп Чечан мен Мустафа Яман туралы айтылған, деп Түркия ІІМ хабарлайды. Оларды ұстау үшін 300 […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Австралияда 766 келі метамфетамин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН,  14 тамыз. Австралиялық Квинсленд полициясы ірі есірткі партияларын таратумен айналысатын халықаралық ұйымдасқан синдикаттың қылмыстық әрекетін тергеу барысында 766 килограмм метамфетаминді тәркіледі, деп хабарлайды  РИА Новости  Австралия полициясының сайтына сілтеме жасап. «Күрделі тергеу салдарынан полиция Квинсленд пен Австралия үшін ең көлемді партия болып табылатын 766 килограмм метамфетаминді тәркіледі», — делінген полиция сайтында жарияланған хабарламасында. Хабарламада […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сирияның үкімет әскері содырлардың форпостына шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз. Сириялық араб әскерінің Идлиб пен Хамадағы лаңкестер  форпостына сәтті шабуыл жасауы туралы SANA агентіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Үкімет әскерлері «Джебхат ан-Нусра»  (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) тобының лаңкестері бар Эль-Таманаа (Идлиб провинциясы) мен Морикада (Хама провинциясы) шабуыл жасады. Сириялық әскерлер лаңкестерде  болған  бірқатар дүркін оқ атудың реактивті қондырғыларын  қиратты, сондай-ақ содырларды […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сирия әскерилері содырлардың үш далалық командирлерін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз. Идлиб провинциясында Хан-Шейхун қаласында содырлардың форпостына шабуыл жасаған Сирия әскері «Джабхат ан-Нусра» террористік ұйымы жағында соғысқан «Джейш әл-Ахрар»экстремистік тобының үш далалық командирлерін жойды. Деп Al-Masdar-ға сілтеме жасап RT хабарлайды. Порталдың мәліметтері бойынша, командирлер Сирия армиясымен Сукейка қаласына шабуыл кезінде  жойылды. Сондай-ақ, Сирияның үкімет әскерлері операция қорытындысы бойынша жаудың қорғаныс шебін бұзды. Бұған […]
    • 5 Years ago
    • 0