Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Иран шекарашылары 1,6 тоннадан астам есірткі тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде. Иранның оңтүстік-шығысындағы Сараван қаласында шекарашылар 1,6 тонна есірткі тәркіледі,деп Систан және Белуджистан провинциясы Шекара әскерлерінің қолбасшысы, бригадалық генерал Мохаммади Молашахиге сілтеме жасап ИрТАГ хабарлайды. «Тыйым салынған заттар, оның ішінде 1605 кг апиын, 18 кг героин, сондай-ақ Калашников автоматы есірткі сатушылардан тәркіленді«, — деп нақтылады ол. Иран есірткі контрабандасымен озық күресуде. Иран полициясының күш-жігерінің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы жарылыс салдарынан үш бала қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде. Ауғанстандағы жарылыс салдарынан кем дегенде үш бала қаза тауып, 23 адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости  Khaama Press агенттігіне сілтеме жасап. Оқиға Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинциясында болған. Жергілікті үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, мотоциклде орнатылған қолдан жасалған жарылғыш құрылғы адам көп жиналған жерде іске қосылды. Агенттіктің мәліметінше, зардап шеккендердің арасында алты бала […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Панамада 4 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде. Панаманың әскери теңіз қызметі патруль кезінде жылдам жүзетін қайықтан 4 мыңға жуық бумаға сақталған кокаинды тапқан. Ел билігінің мәлімдемесіне сай, ол Колон провинциясында қолға түскен, деп хабарлайды 24.kz. Есірткі тасымалымен айналысқан 5 колумбиялық азамат қамауға алынды. Осылайша, бұл осы жылы жүргізілген ең ірі әрі сәтті операциялардың бірі болып отыр. Айта кетсек, Орталық Америка АҚШ […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Вице-президент лауазымына кандидатқа шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде. Жексенбі күні Ауғанстан вице-президенті лауазымына кандидат Амрулла Салех басқаратын Green Trend саяси қозғалысының кеңсесіне шабуыл жасалған, деп bugin.kz хабарлайды.  Салдарынан кем дегенде екі адам қаза тауып, 25-і жараланған. Бұл туралы Reuters шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлады. Жарылыс жекеменшік университет маңында болған, артынша содырлар оқу орнына баса-көктей кіріп, осы ғимаратқа жапсарлас Green Trend кеңсесіне оқ жаудырған. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Малайзия мен Индонезия әскери лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде. Индонезия мен Малайзия қарулы күштері Батыс Ява индонезиялық провинциясындағы бітімгершілік миссиялардың оқу орталығында лаңкестікпен күрес бойынша бірлескен оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды Regnum  Antaranews-ке сілтеме жасап. «Мен Индонезия мен Малайзиядан келген барлық сарбаздарға бірлескен оқу — жаттығу кезінде тәртіп, жанкештілік, шынайылық пен ынта-жігер үшін алғысымды білдіремін», — деп мәлімдеді Индонезия қарулы күштерінің генерал-майоры […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Нигерияда лаңкестер 23 адамды өлтіріп кетті

    НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде.Нигерияда «Боко Харам» лаңкестері Борно штатындағы 1 ауылға шабуыл жасап, 23 адамды жер жастандырды, деп 24.kz хабарлайды.  Содырлар жерлеуден қайтып келе жатқан тұрғындардың алдынан шығып, оқ жаудырған. Қазір лаңкестер іздестірілп жатыр. Айта кетейік, «Боко харам» лаңкестік ұйымы Африканың батысындағы бірнеше мемлекетте 2009 жылдан бері ойран салып келеді. Нигерияның өзінде бұл лаңкестік топ мүшелерінің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мароккода ИМ бес жақтаушысы ұсталды

      НҰР-СҰЛТАН,28 шілде. Сенбі күні Марокконың Орталық сот тергеу бюросы  елдің солтүстігіндегі Танжер қаласының маңында «Ислам мемлекеті» экстремистік тобымен байланысты 5 адамды ұстады. Бұл туралы СИНЬХУА агенттігі елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Ведомствоның мәлімдеуінше, 24-36 жас шамасындағы экстремистер ИМ-мен (ҚР-да тыйым салынған ұйым) байланыс орнатып, Мароккода террористік әрекеттерді ұйымдастыруды жоспарлаған.Марокконың заң құрылымдары одан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тәлібтер мен Үкімет келіссөздері шетелдік әскерлерді шығарғаннан кейін ғана өтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 28 июля. «Тәлібан» қозғалысы шетел әскерлерін елден шығару туралы хабарланғанға дейін ауған Үкіметімен тікелей келіссөздер жүргізбейді. Бұл туралы жексенбі күні Reuters  агенттігі Катар саяси кеңсесінің ресми өкілі Мұхаммад Сохаил Шахиннің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады. «Ауған аралық келіссөздері шетелдік әскерлерді (Ауғанстаннан) шығару туралы хабарланғаннан кейін ғана басталады», — деп мәлімдеді Шахин. Сенбі күні Ауғанстанның бейбітшілік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Үндістан Пәкістандағы лаңкестерді жою бойынша шаралары қабылдауға шақырды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде. Үндістанның СІМ ресми өкілі Равиш Кумар Пәкістанды өз аумағында террористік ұйымдармен күресті күшейтуге шақырды. Бұл сөздер Пәкістанның премьер-министрі Имран Ханның Кашмир мен Ауғаныстанда ұрысқа қатысқан 30 мыңнан  40 мыңға дейін террористер ел аумағындағы болғанын мәлімдегеннен кейін айтылды, деп  Regnum АА хабарлайды. Сыртқы саясат ведомствосының өкілі Пәкістан мен оның басшылығы елде лаңкестердің болуына […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Олимпиада қатысушысы 50 келі есірткімен ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде. Голландиялық спортшы Мадия Гафур ұзақ уақытқа түрмеге тоғытылуы мүмкін, деп хабарлайды prosports.kz.  Неміс кеденшілері Мадия көлігін тоқтатқан кезде, 50 келіден артық есірткі табылған екен. Тауардың жалпы құны 2 миллион еуроға бағаланып отыр. Айта кетейік, 26 жастағы Гафур 2016 жылы Бразилияда өткен олимпиада ойындарының қатысушысы.
    • 5 Years ago
    • 0