Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанда автокөлік жарылысы нәтижесінде кем дегенде төрт адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде. Ауғанстанның шығысындағы Газни провинциясында болған көлік жарылысы нәтижесінде кем дегенде төрт адам қаза тауып, 20 адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости  Tolo News телеарнасына сілтеме жасап. Полиция басшысының мәліметінше, жарылыс сенбі күні таңертең Аб Банд ауданында орын алған. Қазіргі уақытта басқа да мәліметтер жоқ.
    • 5 Years ago
    • 0
  • БҰҰ Бас Ассамблеясы БҰҰ мен ҰҚШҰ ынтымақтастығын нығайту туралы резолюция қабылдады

    НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде. БҰҰ Бас Ассамблеясы БҰҰ мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) ынтымақтастығын тереңдету туралы резолюция қабылдады, деп хабарлайды РИА Новости. Құжатқа сәйкес, Бас Ассамблея БҰҰ мен ҰҚШҰ  «БҰҰ-ның жаһандық лаңкестікке қарсы стратегиясын дәйекті және жан-жақты жүзеге асыру мүддесінде өзара іс-қимылды жалғастыруға шақырады». Қарар авторлары БҰҰ мен ҰҚШҰ жүйесінің мамандандырылған мекемелерін «ынтымақтастықты тереңдетуге […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Кабулда болған лаңкестік әрекеттер үшін жауапкершілікті ИМ мен Талибан қозғалысы өздеріне алды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде. «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы бейсенбі күні болған Кабулдағы үш жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, деп хабарлайды АфТАГ  Amaq News агенттігіне сілтеме жасап. Дәл осы топ жанкешті лаңкестің қаланың 16-шы ауданындағы автобусқа жасалған шабуылын қоса алғанда, тізбекті жарылыстардың артында тұр. Сонымен қатар, тәлібтер Кабул қаласының Деспечари ауданында автокөлік бомбасын жарғанын мәлімдеген. Радикалды […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Чилиде полиция учаскесінде жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде. Чили астанасы Сантьягодағы  Уэчураба  муниципалитетінің полиция учаскесінде пошта арқылы жіберілген бомбаның  жарылысы кезінде сегіз адам зардап шекті. Елдің бұрынғы ішкі істер министрі Родриго Инспетерге  тағы бір жарылғыш зат жіберілді деп хабарлайды РИА Новости  Mercurio басылымына сілтеме жасап. Басылымның мәліметтері бойынша, учаскеге жіберілген бомба жарылған, зардап шеккендердің барлығы полиция қызметкерлері. Ел президенті Себастьян […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда бомба жарылып, бес адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде. Бейсенбі күні таңертең Ауғанстанның астанасы Кабулда болған автобустағы жарылыс салдарынан кем дегенде бес адам қаза тауып, он адам жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости Tolo News телеарнасына сілтеме жасап. Рахимидің айтуынша, жарылғыш құрылғы жанкешті лаңкес іске қосқан.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Пәкістанда жойқын жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде. Пәкістанның Кветта қаласындағы бомба жарылысы нәтижесінде екі адам қаза тауып, тағы 16 адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости  Dawn басылымына сілтеме жасап. Полиция өкілі мотоциклге қойылған жарылғыш зат адам жиі шоғырланған дәріхана маңайында іске қосылғанын мәлімдеді.  Зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Кветта ауған шекарасына жақын орналасқан-Белуджистан провинциясының ең […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • 270 кг есірткі тиелген фургон полиция учаскесін қақырата соқты

    НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде. Аустралияда 270 кг есірткі тиелген фургон аса қатты жылдамдықпен келіп, полиция учаскесінде тұрған патруль машинасын қақырата соқты, деп хабарлайды Reuters агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат. Келеңсіз жағдай Сидней қаласының шетіндегі Иствуд ауданында болған. Есірткі тасымалдаған жігіт оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Алайда, бір сағатқа жеткізбей, полицейлер оны ұстап алды. Оның фургонын тексеру кезінде кузовынан 270 килограмнан астам […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сомалиде жарылыстан 17 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде. Сомали астанасы Могадишо қаласында жойқын жарылыс болып, 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды  24.kz. Тағы 28 тұрғын түрлі деңгейде жарақат алған. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, бұл лаңкестік әрекет. Жарылғыш зат халықаралық әуежайдың тексеру-өткізу пунктінде іске қосылған. Шабуылға қатысты жауапкершілікті әлі ешқандай ұйым өз мойнына алмады. Бірақ құқық қорғау органдары жарылысты ұйымдастырған «Аш-Шабаб» […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ШЫҰ елдері есірткімен күреске бағытталған «Өрмек» операциясын өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде.  Шілдеде Шанхай Ыынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің аумағында жүйкеге әсер ететін заттарды, синтетикалық және басқа да есірткілерді жеткізу және тарату арналарының жолын кесуге бағытталған «Өрмек» операциясын өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды. Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, операцияға Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Египетте төтенше жағдай режимі тағы 3 айға ұзартылды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде.  Египетте төтенше жағдай тағы үш айға созылды. Бұл туралы ел президенті Абдель Фаттах ас-Сиси мәлімдеді, деп 24.kz хабарлайды.  Президент бекіткен қаулыда мемлекеттің қарулы күштері мен ұлттық полициясына терроризмнің алдын алу және оларды қаржыландыру жолдарын анықтау, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырылған. Айта кетейік, бұл мемлекет басшысының бастамасымен елдегі төтенше жағдай тәртібін оныншы мәрте созу.  […]
    • 5 Years ago
    • 0