Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Нью-Йоркте еліміздің терроризмге қарсы бастамалары талқыланды

    Нью-Йорк. 4 сәуір. БҰҰ жанындағы қазақстандық миссияның бастамасымен Нью-Йорк маңында ұйымға мүше елдердің делегациялары қатысқан отырыс өтті, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы. Жиынның негізгі тақырыбы Қазақстан Президентінің лаңкестіктен азат әлемге жету туралы тәртіп Кодексін қабылдау бастамасын талқылау болды. БҰҰ-ның барлық аймақтық тобының делегациялары Қауіпсіздік Кеңесінің лаңкестікке қарсы комитетінің басшылары мен сарапшылары терроризммен күрестегі мемлекетаралық ынтымақтастықтың […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Нигерияда «Боко Харам» лаңкестерінің шабуылынан 18 адам қаза тапты

    Абуджа. 3 сәуір. Нигерияда бекінген «Боко Харам» лаңкестері қарапайым халыққа тағы шабуыл жасады, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы. Бұл жолы қастандықтан 18 адам қаза тапты. Тағы 84 кісі жараланған. Бұл туралы жергілікті жедел жәрдем қызметіне сілтеме жасап France Press басылымы хабарлады. Мәліметтерге қарағанда шабуыл елдің солтүстік шығысындағы Майдугури қаласында жасалған. Оларға полиция қызметкерлері тойтарыс берген. […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Сирияда 300-ден астам лаңкес үкімет әскерлерінің жағына өтті

    Дамаск. 29 наурыз. Сирия әскерінің Шығыс Гутаны лаңкестерден тазарту шаралары әлі жалғасып жатыр. Тіпті 300-ден астам содыр үкімет әскері жағына өткен, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы. Бірақ олар мұндай жасаққа ену үшін алдымен құқық қорғау органдарының тексерісінен өтуі тиіс. Айта кетейік, соңғы бірнеше күнде Шығыс Гутадан 13 мыңнан астам содыр отбасымен бірге Идлиб провинциясына көшірілді. […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан тәліптермен бейбіт мәмілеге келуге ниетті

    Қабул. 28 наурыз. Ауғанстанның сотүстік бөлігінде шамамен 3 мыңдай лаңкес бар. Олардың 80 пайызы шетелдік. Бұл туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымының аймақтық лаңкестікке қарсы бөлімінің басшысы мәлімдеді. Айтуынша «Ирак және Левант лаңкестік ұйымын» қолдайтын бұл содырлар аймақтан квази-мемлекет құрып, барлығын өз ережелеріне бағындырғысы келеді. Бұл – содырлардың жергілікті тәліптерден басты айырмашылықтарының бірі. Айта кетейік, бұған дейін […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Сирияда радикалды топтың 5 мыңға жуық мүшесі Идлибке көшірілді

    Идлиб. 28 наурыз. «Ахрар аш-шам» радикалды тобының 5 мыңға жуық мүшесі мен олардың отбасылары сириялық Хараста қаласынан Идлибке көшірілді. Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. Сонымен қатар Шығыс Гутаның батысындағы Джобар қаласында шоғырланған «Фейлак ар-Рахман» және «Тахрир аш-Шам» топтары жақын арада тізе бүгеді. Мұндай қадамға олар Сирия әскері мен […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Навруз мерекелеу кезінде Кабулда лаңкестік шабуыл

    Кабул. 21 наурыз. Батыс Кабулдың шиит қасиетті жерінің аумағында Навруз мерекелеу үшін жиналған тұрғындардың арасында лаңкестік салдарынан кем дегенде 26 адам қаза тауып, 18 адам жарақат алған. Ауғанстан ІІМ-нің өкіліне сілтеме жасай отырып Reuters агенттіктің хабарлауынша, Али Абад ауруханасының және Кабул университетінің жанында жанкеш жарылғыш құрылғыны іске келтірді. Куәгерлердің айтуы бойынша, сол аймақ полицейлермен қоршауға алынған және […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Иракта тұтқында болған балаларды бейбіт өмірге бейімдеу жұмыстары жүргізілуде

    Багдад. 12 наурыз. Иракта лаңкестік топтармен бірге мәжбүрлі түрде қару ұстап әскерилерге қарсы ұрыстарға қатысқан балаларды бейбіт өмірге бейімдеу жұмыстары қолға алынып жатыр, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы. Содырлардың тұтқынында болған бүлдіршіндер мен жасөспірімнің көбі – езидтер. Ер балалар қару ұстап, соғысса, қыздар күң болып, қорланып, зорланған. Қазір елде мұндай балаларды оңалтуға арналған 2 арнайы орталық […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда 40-тан астам содырдың көзі жойылды

    Қабул. 6 наурыз. Ауғанстан әскері елдің бірнеше провинциясында қарулы топтарға әуеден соққы беріп, 40-тан астам содырдың көзін жойды, хабарлайды Хабар 24 телеарнасы. Әскери операция Гильменд, Орталық Урузган және Джаузджан өңірінде жүзеге асырылды. Әуе соққысы кезінде «Талибан» радикалды қозғалысы мен «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымының 2 базасы және бірнеше қару-жарақ қоймасы талқандалып, ондаған көлігі жойылды. Бірақ […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Брюссельде терактқа дайындалды деген күдікпен сегіз адам ұсталды

    Брюссель. 6 наурыз. Бельгия полициясы Брюссельде террористік актқа дайындалды деген күдікпен сегіз адамды ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. Брюссельдің Моленбек коммунасында жексенбі күні тінту өткізілген. Ұсталғандар лаңкестік шабуыл жасауға дайындалды деген күдікке ілікті. Сот оларға бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім шығаруы тиіс. Тінту барысында қару-жарақ немесе жарылғыш зат табылмаған. Тергеп-тексеру шаралары […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Синай түбегіндегі операция барысында лаңкестердің көзі жойылды

    Каир. 22 ақпан. Египет армиясы Синай түбегінің солтүстігі мен орталық бөлігінде лаңкестікке қарсы операция жүргізіп, 4 содырдың көзін жойды, деп хабарлайды Хабар 24. Сонымен қатар әскери әуе күштері 8 нысанды талқандаған. Бұл туралы елдің күштік құрылым өкілдері хабарлады. Әскерилер лаңкестердің аймаққа жасырған қоймалары мен бекіністерін тауып, оқ дәрілерін тәркілеген. Айта кетейік, Синай түбегіндегі әскери операция […]
    • 7 Years ago
    • 0