Анкара. 4 қаңтар. Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркия парламентінің шешімімен, 19 қаңтардан бастап, елдегі төтенше жағдай режімі тағы үш айға созылады. Еске сала кетсек, 2016 жылдың шілде айында мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен соң аталмыш елде ТЖ режімі енгізілген еді. Негізгі тәртіпсіздіктер Анкара мен Ыстанбұл қалаларында болды. Салдарынан 240 түрік азаматы мерт болып, 2 мыңнан астамы жараланды. […]