Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Буркина-Фасоның солтүстігінде содырлардың шабуылынан кем дегенде 50 адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым.Буркина-Фасоның Сахель аймағында ұйымдастырылған қарулы шабуылда 50 адам қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Үкімет мәлімдемешісі Лионел Билго жасаған мәлімдемесінде сенбі күні түнде Сейтенга ауданына куәлігі белгісіз қарулы адамдардың шабуыл жасағанын айтты. Бейбіт тұрғындар нысанаға алынған шабуылда осы таңға дейін 50 адамның мәйітінің табылғанын білдірген Билго қаза тапқан […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Түрік әскерилері КЖП-ға тиесілі қару-жарақ пен оқ-дәрілердің үлкен партиясын ұстап қалды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым. Пенче-Килит операциясы аясында КЖП террористік ұйымынан көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді, деп Anadolu агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Бұл туралы жексенбі, 12 маусымда Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігінде хабарлады. Министрлік Түркия шекарасы маңындағы террорлық қаупін жою мақсатында басталған Пенче Килит операциясының жоспарлы түрде жалғасып жатқанын атап көрсетті. Хабарламада […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • СДК «Әл-Хол» лагерінде ИМ содырларының тобын тұтқындады

    НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым. «Сирия демократиялық күштері» баспасөз орталығының хабарлауынша, «СДК-нің арнайы бөлімшелері Хасаканың шығыс бөлігінде орналасқан «Әл-Хол» лагерінде операция жүргізді, деп  Firat күрд ақпарат агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Операция барысында олар ДАИШ-ке белсенді түрде ақша аударып жүрген және Хасака ауылы мен Сирияның солтүстігі мен шығысындағы әртүрлі аймақтардағы кейбір белсенді […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • YPG/PKK террористерінің жақтастары  Финляндия мен Швецияда акциялар өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым. YPG/PKK террор ұйымы Финляндияның бас қаласы Хельсинки мен Швецияның бас қаласы Стокхомда шеру өткізді, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. YPG/PKK террор ұйымы Финляндияның бас қаласы Хельсинки мен Швецияның бас қаласы Стокгольмда шеру өткізді. Финляндия парламентінің алдына жиналған террор жақтаушылары Финляндияның НАТО-ға кірмеуін талап етті. Террор ұйымы […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Канада парламентінің ғимараттары ықтимал қауіпке байланысты эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым.  Канадалық парламент ғимараттары кешенінің қызметкерлері ықтимал қауіпке байланысты сенбі күні эвакуацияланды. Қауіп сипаты жарияланбайды, деп Парламент Қауіпсіздік қызметі мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Хабарламада полицияның «ықтимал қауіп-қатерді» тексеріп  жатқаны және парламент ғимаратындағылардың жасырынғандығы айтылған. «Бүгін (11 маусым – ТАСС ) Парламенттік қауіпсіздік қызметі […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Дараа провинциясында мина жарылысынан  қаза тапқандар саны 11-ге жетті

    НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым. Дарааның солтүстігіндегі Дейр әл-Адас қаласының шығысындағы Әл-Аюн аймағында лаңкестер қалдырған мина жарылысынан зардап шеккендердің саны 11 адамға жетті, деп SANA агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. САР ІІМ мәлімдемесінде қайғылы оқиға бидай жинауға шаруаларды тасымалдап келе жатқан көлік жолында болғаны айтылған. Салдарынан 11 адам қаза тауып, 26 адам […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • РКК террористері Германиядағы түрік мекемелеріне шабуыл жасауы ықтиимал — министрлік

    НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым. Германия Ішкі істер министрлігі PKK (КЖП) террор ұйымының елдегі түрік мемлекеттік мекемелеріне шабуыл жасау мүмкіндігін жоққа шығармады . Бұл туралы ведомствода Anadolu агенттігі тілшісінің тиісті сауалына берген жауабында айтылған, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Германиядағы Түркияның (жартылай) мемлекеттік мекемелеріне қарсы [PKK] агрессивті әрекеттерінің қаупі әлі де бар», — деп […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Чехия полициясы құны 60 миллион еуро болатын кокаин тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым. Чехияның Йичин және Рыхнов-над-Кнежноу қалаларындағы супермаркеттердің қызметкерлері жұма күні банан қораптарынан жарты тонна кокаин тапты, деп Чехия полициясы мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «Йичин және Рыхнов-над-Кнежноу супермаркеттерінің қызметкерлері банан қораптарынан кокаин салынған пакеттерді тапты. Криминалистика мамандары дәл осындай «тауарлар» Чехияның басқа жерлеріне де […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харамның» 10 мүшесі залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым. Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харам» лаңкестік ұйымына қарсы операция барысында 10 террорист залалсыздандырылды деп хабарлайды Anadolu агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Хадин Кай» операциясының қолбасшысы генерал-майор Кристофер Мұса  Борно штатындағы Кондуг аймағына лаңкестерге қарсы жасалған әуе шабуылында олардың нысанаға алынғанын айтты. Мұса операция барысында 10 террористтің залалсыздандырылғанын, 3 […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Содырлардың бақылау бекетіне жасалған шабуылынан Малидің екі әскери қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым. Малидің солтүстігінде лаңкестік әрекеттен екі сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Stopterror.uz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Томбукту аймағындағы әскери бақылау бекетіне белгісіз содырлар шабуыл жасаған. Шабуыл салдарынан екі әскери қызметкер қаза тауып, бесеуі жараланған. Еске салайық, өткен аптада екі шабуылдың салдарынан […]
    • 2 Years ago
    • 0