Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ирактың тумасы Германияда алты адамды пышақпен жарақаттады

    НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр. Германияда пойызда ер адам жолаушыларға пышақпен шабуыл жасап, бірнеше адамды жарақаттады, деп Хабар24 сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Оқыс оқиға Ахен қаласына бағыт алған отарбада болды. Әйтеуір вагонда кездейсоқ тәртіп сақшысы болып, қаскөйді залалсыздандырды. Оған жолаушылар да көмектескен. Шабуыл жасаған босқындар орталығында тұратын 30 жастағы Ирак азаматы екен. «Зардап […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Жұма намазы кезінде Кабул мешітінде жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр.Кабулдағы Аюоб Сабер мешітінде жарылыс болды, деп хабарлайды TOLO News-ке сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Задран мырзаның айтуынша, жарылыс мешітте жұма намазы кезінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, үш адам зардап шеккен. Кабул полиция басқармасының өкілі оқиға орнына қауіпсіздік күштерінің жеткенін қоса айтты. Қауіпсіздік қызметкерлері жарылыстың мән-жайы туралы түсініктеме […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Түркияның Париждегі Бас консулдығына КЖП шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр.Түркияның Париждегі Бас консулдығына бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшелері тарапынан шабуыл жасалды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Париж Бас консулдығына куәлігі әлі белгіленбеген адамдар тарапынан 12 мамыр түнгі сағат 02:30 мөлшерінде шабуыл жасалды. Шабуылда бас консулдық ғимаратының терезесі және қабырғалары зақымдалды. Франция органдары шабуылға байланысты тергеу бастады.
    • 2 Years ago
    • 0
  • Мысыр қарулы күштері Солтүстік Синайда 14 лаңкестің көзін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр.Мысыр қарулы күштері сәрсенбі күні Солтүстік Синай мухафазасында қақтығыстар мен әскери операциялар кезінде 14 лаңкестің көзін жойды, деп елдің қарулы күштері мәлімдеді. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Мысыр қарулы күштері мәлімдегендей,  Солтүстік Синайдағы бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасамақ болған тәртіп сақшыларымен қақтығыс кезінде жеті лаңкес өлтірілді. […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Пышақпен қаруланған палестиналық Израиль әскеріне шабуыл жасамақ болған кезде залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр.Сәрсенбіге қараған түні пышақ ұстаған палестиналық Иерусалимдегі Ескі қаланың «Мақта қақпасы» маңында орналасқан шекарашыларға қарай «Аллаһу Акбар» деп шап етті. Бұл қақпалар Храм тауына апарады,деп Israel Info-ға сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «Магав» жауынгерлері шабуылдаушыны дер кезінде байқап, оған «Тоқта» деп айқайлады, ол әрекет етпеген соң оқ жаудырды. Палестиналық […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде 10 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр.Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Террорге қарсы күрес табандылықпен жалғасады. «Зәйтүн бұтағы», «Бейбітшілік бұлағы» және «Евфрат қалқаны» операциялық аймағына шабуыл жасауға дайындалған тағы 10 PKK/YPG-лік террорист Түрік Қарулы Күштері тарапынан залалсыздандырылды» делінді. Бұл туралы TRT агенттігі жазады. Енді бір жағынан Бингөлде  PKK-ға қарсы «Ерен Аблука-9» операциясы басталды. Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде террор ұйымы PKK-ны ел күн […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алжирде әскерилер лаңкестердің алты сыбайласын ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр. Алжир үкіметінің Ұлттық халықтық армиясының (ҰХА) әскери қызметкерлері бірқатар операциялар барысында террористтердің алты сыбайласын анықтап, ұстады, деп Ұлттық қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «Терроризмге қарсы күрес аясында ҰХА бөлімшелері 4 мамырдан 10 мамырға дейін республика аумағында бірқатар операция жүргізіп, нәтижесінде лаңкестік […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Иракта ДАИШ-ке қарсы операцияда 9 террористтің көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр.Ирактың Киркук қаласының Сергаран қалашығы маңында екі күн бұрын террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы операция басталған еді. Операцияда  9 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Ирак үкіметінің мәлімдемесіне қарағанда Ирак армиясы  тарапынан Сергаран қалашығы маңында 9 мамырда террор ұйымына қарсы бастаған операцияның жалғасқаны білдірілді. Мәлімдемеде террористтер тығылған бір үңгірдің жойылғаны […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сирияның Баб ауданында бомбалы шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр.Сирияның солтүстігіндегі Баб ауданында бір көлікке тиелген бомбаның жарылуы салдарынан 1 бейбіт тұрғын қаза тапты, деп TRT агенттігі хабарлайды. Түрік Қарулы күштерінің Евфрат қалқаны операциясымен террордан тазартылған Баб ауданының Зәмзәм аумағында көлікке тиелген бомба жарылды. Алғашқы мағлұматтарға қарағанда террор шабуылында 1 бейбіт тұрғын қаза тапты. Оқиға орнында тергеу жүргізген жергілікті қауіпсіздік күштері шабуылдың […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде 10 террорист залалчыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр. Сирияның солтүстігінде КЖП бөлшектеуші террор ұйымы (PKK/YPG)  мүшесі 10 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігі хабарлайды.  Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Шабуылға дайындалған террористтер  залалсыздандырылуда. Террормен күрес табандылықпен жалғасып жатыр. «Бейбітшілік бұлағы» және «Евфрат қалқаны» операциялық аймағына шабуыл жасауға дайындалған тағы 10 КЖП (PKK/YPG-лік) террорист Түрік Қарулы Күштері тарапынан залалсыздандырылды» делінді.
    • 2 Years ago
    • 0