Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Үндістанда сот 2008 жылы террористік шабуыл ұйымдастырғаны үшін 38 адамды өлім жазасына кесті

    НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан. Үндістанның Ахмадабад қаласының арнайы соты жұма күні 2008 жылы 50-ден астам адамның өмірін қиған лаңкестік әрекеттер сериясын ұйымдастырды және жасады деп айыпталған 38 адамды өлім жазасына кестіғ деп NDTV арнасы хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. 8 ақпанда Гуджарат штатының соты осы іс бойынша […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде жарылыс салдарынан 1 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан. Сирияның солтүстігіндегі Баб ауданында бомба орнатылған көліктің жарылуы салдарынан бір адам қаза тапты, деп TRT агенттігіне  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. «Евфрат қалқаны» операциясымен террордан тазартылған Баб аудан орталығындағы «Фатиме Зехра» атындағы мешіті жанында көлікке қойылған бомба жарылды. Террор шабуылынан 1 адам қаза тапты. Оқиға орнында тергеу жүргізген жергілікті қауіпсіздік күштері шабуылды бөлшектеуші […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасында бірнеше бомбалы шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан.  Сомалидің бас қаласы Могадишода азаңғы уақытта бірнеше жарылыс болды, деп TRT агенттігіне  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Жарылыстардың Кахда полиция бөлімшесі маңында және Якшид ауданы аймағында жасалғаны білідрілді. Бомбалы шабуылдардың артынан қарулы қақтығыс дыбыстары естілді. Шабуылдар мен кейінгі қарулы қақтығыстар кезінде қаза тапқандар немесе жараланғандарға қатысты ақпарат берілмеді. Шабуылдардың […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ҰҚШҰ Бас хатшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты талқылайды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы «Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдаудағы БҰҰ мен өңірлік және субөңірлік ұйымдар арасындағы ынтымақтастық: БҰҰ мен ҰҚШҰ арасындағы ынтымақтастық» тақырыбы бойынша бейнеконференция форматында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады, деп ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов мәлімдеді, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Дамаскіде әскери автобуста жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан. Дамаскінің Дуввар Джамарик ауданында сириялық әскерилер мінген автобуста жарылғыш зат іске қосылып, бір сарбаз қаза тауып, 11-і жараланды, деп Сирия қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп РИА Новостиге   сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды «2022 жылдың 15 ақпаны, сейсенбі күні сағат 7.25 шамасында Дамаск қаласында Дуввар Джамарик ауданы маңында әскери автобуста […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • «Ансар Алла» содырлары Йемендегі Хадджа мен Таизге шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан. Йеменнің батысындағы Хадджа қаласына ираншыл «Ансар Алла» (хуситтер) қозғалысының бүлікшілері зымыран атқылап, екі бейбіт тұрғынды өлтіріп, тағы екеуін жаралады. Бұл туралы  Anadolu агенттігіне сілтеме жасап«Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Йемен армиясының бесінші әскери аймағының қолбасшылығының мәліметінше, зымыран Хайран ауылындағы тұрғын үйге түскен. Бұған қоса, Йеменнің ресми ақпарат агенттігі хуситтердің елдің […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Парижде полицейлерге пышақты шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан. Францияның астанасы Парижде полицияға пышақты шабуыл жасалды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Пышақпен шабуыл жасаған адам залалсыздандырылды. Ішкі істер министрі Гералд Дарманин Twitter-дегі парақшасында Париждегі Солтүстік пойыз стансасында жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00 маңында пышақты бір адамның полицияға шабуыл жасағанын білдірді. Дарманин шабуылшының полиция тарапынан залалсыздандырылғанын түсіндірді. Франция Қатынас […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • АҚШ-та пышақпен қаруланған белгісіз біреу 11 адамды пышақтады 

    НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан. АҚШ-тың оңтүстік-батысындағы Нью-Мексико штатына қарасты Альбукерке қаласында белгісіз біреу 11 адамды пышақпен жарақаттаған, деп Хабар24 сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Пышақ жарақатын алған 11 адамға қатысты істі полиция тергеп жатыр. Зардап шеккендердің барлығының жағдайы тұрақты. Жалғыз әрекет еткен күдікті ұсталды», – делінген полицияның Twitter-дегі мәлімдемесінде. KRQE News 13 телеарнасының […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде төрт террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан.Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағына шабуыл жасауға дайындалған төрт террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Ұлттық Қорғаныс министрлігі «Терроризмге және террористерге жол берілмейді. Мықты әскерлеріміз «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағына шабуыл жасауға дайындалған КЖП ( PKK/YPG) террорлық ұйымының 4 мүшесін залалсыздандырды. Террористердің шабуылдарына мықты тойтарыс беруді жалғастырамыз» деп […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Йеменде БҰҰ-ның бес қызметкері ұрланды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан. Йеменнің оңтүстігіндегі Абьян провинциясында БҰҰ-ның бес қызметкері ұрланған. Бұл туралы Синьхуа агенттігі Йемендегі гуманитарлық көмек координаторы мен резидент-үйлестірушінің байланыс жөніндегі аға кеңесшісі Рассел Гикиге сілтеме жасап хабарлады, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Оның айтуынша, ұрланған адамдар өз миссиясын аяқтағаннан кейін Аденге оралып келе жатқан.  «БҰҰ олардың босатылуын қамтамасыз ету […]
    • 2 Years ago
    • 0