Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Жанкешті Кандагардағы шиит мешітінің жанында жарылыс жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан. Ауғанстанда Талибанның қамалы деп аталған оңтүстіктегі Кандагар уәлаятындағы шиіттердің Фатымие мешітіне екі  бомбалы шабуыл жасалды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Жанкешті шабуылда 30 адам көз жұмды, 200-ден астам адам жарақат алды. Мешіттің қауіпсіздікке жауапты қызметкері Муртаза Зарифтің айтуына қарағанда уәлаяттың орталығында орын алған мешітке жұма намазы барысында бомбалы шабуыл […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Лавров:Орталық Азия елдері АҚШ-тың әскер әкелуіне қарсы

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тың Орталық Азияға әскер орналастыру талабына аймақ елдерінің қарсы екенін айтты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Сергей Лавров Беларусьтың бас қаласы Минскте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері жиналысы аясында журналистердің АҚШ-тың Өзбекстанға террормен күрес күштерін орналастыру ниетіне байланысты сұрақтарына жауап […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Испанияның солтүстігінде 21 жасар ер адам университетке оқ жаудырды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан. Испанияның солтүстігіндегі Леиоа қаласында бір кісі Del Pais Vasco Университеті ғимаратына оқ жаудырды.Бұл туралы TRT агенттігі хабарлайды.  Шабуылдаушы тұтқынға алынды. Испания Баск аймағының полиция ұйымы хабарлама жариялап,  шабуылда ешкімнің зиян шекпегенін, университет ғимаратының босатылғанын білдірді. Куәгерлер шабуылдаушы кісінің қолындағы қарумен ғимаратқа кіргенін, кемінде үш рет оқ жаудырғанын айтты. Полиция оқиғаға байланысты тергеу бастады. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияда «Боко Харамның» 76 мүшесі ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан. Батыс Африка елі Нигерияның Борно уәлаятында террор ұйымы Боко Харамның болмысы бар аймақтардың бірінде қарулы топтарға қарсы операцияларда 76 адам ұсталды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Борно уәлаяты полиция директоры Умар Абду баспасөз мәслихатында қауіпсіздік мәселелеріне қарсы күрес аясында уәлаяттың Чибок, Джере, Кондуга және Мафа аймақтарында […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Теракт нұсқасы жоққа шығарылмайды:Норвегияда белгісіз азамат бес адамды садақпен атып өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан. Норвегияның Конгсбер қалашығында бір дүкен маңында бейтаныс біреу садақпен 5 адамды мерт қылды, тағы екі адам жарақат алды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Конгсберг полиция басқармасы мәлімдемешісі Оейвинд Аас 5 адам қаза тапқан шабуылда жарақат алғанның біреуінің «Coop» атты дүкеннің  тәртіп сақшысы екенін айтты. Аас екі жарақаттың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияда «Боко Харам» алып қашқан 15 адам ұйымнан қашып үлгерді

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан. Борно уәлаяты Әйел істері жөніндегі комиссары Зувайра Гамбо бір жыл бұрын Борно уәлаятында Боко Харам алып қашқан 15 әйел мен баланың террористердің қолынан қашып құтылғанын мәлімдеді.Бұл туралы TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Гамбо араларында жүкті бір әйел де бар тұтқындардың шамамен 6 сағаттай жүрген соң жергілікті қауіпсіздік күштері […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мексикада 2,5 мың тоннаға жуық синтетикалық есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан.Мексикада 2,5 мың тоннаға жуық есірткі тәркіленді, деп «Хабар 24» сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Мексика әскери-теңіз күштері 2 жарым тоннаға жуық метамфетамин деп аталатын химиялық есірткіні қолға түсірді. Заңсыз жүкті алып бара жатқан қылмыстық топ Энсенада қаласының жағалауына жақын жерде ұсталды. Әскерилердің айтуынша, айдында жылдам қайықтың жүрісі күдік туғызған. Осыдан […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ердоған: биыл көндіру жолымен 153 террор ұйымы мүшесі берілді

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан. Президент сөзінде биыл көндіру жолымен 153 террор ұйымы мүшесі берілгенін білдірді, деп TRT агенттігі хабарлайды. Президент Режеп Тайып Ердоған Сириядан Түркияға бағытталған террорлық лаңкестікке байланысты: «Сириядан елімізге бағытталған террорлық шабуылдардың қайнары ерекшелігіндегі кейбір жерлер жөнінде шыдамымыз қалмады» деді. Ердоған бас қала Анкарадағы Президенттік Кабинет жиналысынан кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында сөз сөйледі. Президент Режеп Тайып […]
    • 3 Years ago
    • 0
  •  ДАИШ басшысының орынбасары Иракта ұсталды 

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан. Ирак әскері ДАИШ террористік тобы (Ислам мемлекеті — Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) жетекшілерінің бірін ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz  Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.  Бұл туралы Ирактың премьер-министрі Мұстафа әл-Казыми мәлімдеді. Оның сөзінше, арнайы операция елден тыс жерде жүргізілген. «Біздің ISF (Ирак қауіпсіздік күштері) әскери күштері сайлау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салып жатқанда, INIS (Ирак […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияда көлік жарылып, 4 адам мерт болды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан.  Сирияның Африн қаласында көлік жарылып, 4 адам қаза тапты, деп Хабар24 хабарлайды.  Жарылыс салдарынан 4 адам қаза тапты. Тағы 6 азамат жарақат алды. Зардап шеккендердің бәрі шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Африн қаласы бүгінде түрік әскерінің бақылауында. Осыған дейін бұл өңірде болған шабуылдарға Сириядағы күрд жасақтары айыпталып келген.
    • 3 Years ago
    • 0