Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • ФТБ: Террористер АҚШ-та ауқымды шабуыл жасау жоспарларынан бас тартпайды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек. АҚШ Федералдық тергеу бюросы «Әл-Каида» мен ДАИШ лаңкестік топтары осал жерлерді іздеуді жалғастыруда және Америка аумағында ауқымды террорлық актілер жасау жоспарларынан бас тартпайды деп санайды,-деп  РИА Новостиге сілтеме жасап Tengrinews.kz  хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Федералдық тергеу бюросының директоры Кристофер Рэй мекеме террористік ұйымдарды бақылауды жалғастырып жатқанын айтты. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Үндістан портында Ауғанстаннан келген үш тоннаға жуық героин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек. Үндістандағы контрабандаға қарсы күрес қызметінің қызметкерлері Гуджарат портындағы ауқымды операция аясында құны 2,7 миллиард доллар болатын үш тоннаға жуық героин тәркіледі, деп жазады ВВС news . Тальк деп келген тауар Ауғанстаннан Иранның Бендер-Аббас порты арқылы жеткізілді. Үндістанның салық барлау басқармасы (DRI) Үндістанға бара жатқан жүктің құрамында есірткі бар деген хабар алды. Барлау […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • КЖП-ның бес террористі өздігінен берілді

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек. Ішкі істер министрлігінің координациясымен жүргізілген көндіру жұмыстары нәтижесінде КЖП сепаратистік террорлық ұйым (PKK-дан)  қашқан бес террорист бүгін қауіпсіздік күштеріне берілді, деп TRT хабарлайды. Берілген террористтер 1999 жылы мен 2016 жылдар арасында террорлық ұйымға қосылған, Ирак және Сирияда лаңкестіктерге қатысқан. Биыл өздігінен берілген террорист саны осылайша 151-ге жетті. Сонымен қатар Ирактың солтүстігінде «Пенче-Шимшек» операциялық […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда бірнеше жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек. Ауғанстан астанасы Кабулда және Нангархар провинциясындағы Джалалабад қаласында жарылыс болды, зардап шеккендер бар, деп РИА Новостиге сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Қауіпсіздік күштеріндегі дереккөздің хабарлауынша, Кабулдағы алғашқы жарылыс Даште-Барчи аймағында болды, зардап шеккендер бар. Екінші жарылыс 13 -ші ауданның Ирфани Харрготи аймағында болды, зардап шеккендер туралы әлі ақпарат […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде көліктің жарылуы салдарынан 7 бейбіт тұрғын жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек. Сирияның солтүстігіндегі Баб ауданында бомба тиелген көліктің жарылуы салдарынан 7 бейбіт тұрғын жарақат алды,деп TRT хабарлайды. «Евфрат қалқаны» операциясымен террордан тазартылған Баб ауданының Земзем аумағында бір көлікке орналастырылған бомба жарылды. Террор шабуылында 7 адам жараланды. Жараланғандар ауруханаға жеткізілгенде, өрт сөндірушілер жарылыстан кейін шыққан өртті сөндірді. Оқиға орнында тергеу жүргізген жергілікті қауіпсіздік күштері шабуылдың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Француз әскерилері «Үлкен Сахарадағы ислам мемлекеті» ұйымы басшысының көзін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек. Франция президенті Эммануэль Макрон француз қарулы күштері ДАИШ («Ислам мемлекеті» — Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік ұйым) құрылымына кіретін «Үлкен Сахарадағы Ислам мемлекеті» жетекшісінің көзін жойғанын мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz . Макрон «Үлкен Сахарадағы Ислам мемлекеті» тобы басшысының көзі жойылғанын Twitter-дегі парақшасында жазды. «Француз әскерлері «Үлкен Сахарадағы Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының басшысы Аднан Абу […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигердің оңтүстік -батысындағы ауылға содырлардың шабуылы салдарынан 11 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек. Әскердегі дереккөзге сілтеме жасай отырып, Ниамей қаласынан алынған ақпарат бойынша, жексенбі күні Нигерияның оңтүстік -батысындағы ауылға белгісіз содырлардың шабуылы салдарынан 11 бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды . Нигер әскерінің хабарлауынша, жексенбі күні кешке мотоцик мінген  белгісіз содырлар тобы Тиллабери департаментіндегі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Колумбияда құны 80 миллион доллардан асатын кокаин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек. Колумбияда билік әскері 2 жарым тоннадан астам кокаин тәркіледі, деп Хабар 24 хабарлайды.  Әскери әуе күштерімен бірлесіп жүргізілген операция кезінде 5 адам қамауға алынған. Күдікке ілінген кеме арнайы рейд кезінде көзге түсті. Есірткі заттары Орталық Американың басқа елдеріне жіберілмек болған. Мамандар тәркіленген кокаинның құны қара базарда 80 миллион доллардан асады дейді.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мьянма орталығында болған жарылыстан екі адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек. Мьянманың орталығындағы коронавирусқа тексеру пункттерінің бірінде бомбаның жарылуы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы төрт адам жарақат алды. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитеттің» ресми сайты жазады. Жарылыс Мандалай қаласының маңындағы Аунмьетазан елді мекенінде болды. Қаза болғандар мен жараланғандардың арасында Мьянма қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері де, бейбіт […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Украина қауіпсіздік қызметі Беларусь шекарасы маңында терроризмге қарсы жаттығулар өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек. Украина Қауіпсіздік қызметі Беларусь шекарасы маңында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізді. Ол жерде атом электр станциясындағы ықтимал диверсияға қарсы әрекетті  пысықтады. Бұл туралы дүйсенбіде Волынь облысындағы мекеме басқармасы өзінің Facebook -тегі парақшасында хабарлады, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» Республикалық қоғамдық бірлестігі хабарлайды.   «Украинаның қауіпсіздік қызметі Беларусь шекарасына жақын жерде терроризмге […]
    • 3 Years ago
    • 0