Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сирияда 12 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Сирияда «Эвфрат калканы» операциясы аймағында шейіт болған екі әскердің өші алынғанын, 12 террористің залалсыздандырылғанын хабарлады, деп TRT жазады. Министр Акар Бас Штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер және Құрлық Күштері қолбасшысы генерал Үміт Дүндармен бірге Сирияның солтүстігіндегі  жасақтардың тасымал және әкімшілік шекара желісінде бақылау мен зерттеу жүргізді. Шекара […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомалиде үкімет әскерлері орталық аймақта «Аш-Шабабтың» 15 содырының көзін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде.  Сомали ұлттық армиясы бүгін исламистік «Аш-Шабаб» тобына қарсы күресті күшейтіп, орталық Хиран провинциясындағы қауіпсіздік операциясы кезінде 15 содырдың жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. Операцияны басқарған командир нақтылағандай, Хиран провинциясының Матабаан ауданында орналасқан Мадхой ауылында жүргізілген операциялар кезінде 15 содырдың көзі жойылды. Сомали қарулы күштерінің хабарлауынша, үкіметтік күштер көтерілісшілерді орталық аймақтағы жасырын […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • CENTCOM: АҚШ Кабулға Талибанға қарсы күресте қолдау көрсетуді жалғастырады

    НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде.  АҚШ алдағы апталарда ауған қауіпсіздік күштеріне «Талибан» қозғалысының содырларына қарсы күресте  ауадан қолдау көрсетуді жалғастырады, деп АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) қолбасшысы генерал Кеннет Маккензи мәлімдеді. Бұл туралы CNN сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, американдық тарап ауған қауіпсіздік күштері мен тәлібтер арасындағы шайқас жалғасып жатқан Кандагар провинциясының аймағында ауадан қолдау көрсетті. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркияның арнайы қызметтері Иракта КЖП-ның аса қауіпті террористін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде.  Түркияның ұлттық барлау ұйымы (MIT) тағы бір сәтті операция жасады, оның барысында Ирактың солтүстігінде аса қауіпті террорист «Сердар Пир Авеста» лақап атымен танылған Хакан Атеш жойылды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Түркияның қауіпсіздік құрылымдарындағы ақпарат көздеріне сүйенсек, Атеш Ирактың Хакурк ауданындағы террористердің «логистикалық операциялары үшін жауапты» болып саналды. MIT қызметкерлері 2015 жылдың маусым […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Гонконг кеденiшілері құны шамамен 30 миллион доллар болатын есірткі заттарын тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде.  Соңғы екі аптада Гонконг кеденшілері 20 жыл ішіндегі әртүрлі есірткі заттарының ең ірі үш партиясын тәркіледі, олардың жалпы құны 230 миллион гонконг долларынан ($29,6 млн) асады. Олар импортталған тамақ өнімдерінің арасында жасырылған, деп кеден өкілі Ли Камвиннің баспасөз конференциясында жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады. «Біз коронавирустық пандемия аясында есірткі синдикаттарының тәуекелге […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Афиныда мұнай компаниясының кеңсесі жанында жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде. Сенбіге қараған түні Афины маңындағы Вари қаласындағы мұнай компаниясының кеңсесі жанында жарылыс болып, бір адам жарақат алды. Бұл туралы Proto Thema газетіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Полиция дереккөздерінің хабарлауынша, орнатылған жарылғыш зат кешкі сағат 22: 30-дан кейін (Мәскеу уақытымен) Каподистриу көшесіндегі компания ғимаратының жанында іске қосылды. Кіре берісте тұрған күзетші аздап жарақат […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде КЖП террористерінің шабуылында екі түрік әскері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде.  Сирияның Әл-Баб аймағында КЖП (PKK/YPG) террористтер жасаған шабуылда 2 әскер шейіт болып, 2 әскер жарақат алды, деп TRT хабарлайды. Шабуылмен байланысты Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Евфрат қалқаны» аймағында бронды бір көлігімізге террористтер тарапынан жасалған шабуылда 2 батыр әскеріміз шейіт болып, 2 әскеріміз жарақат алды. /… /. Шабуылдың артынан аймақта террор нысаналары […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Украинаның тәртіп сақшылары Түркиядан келген 370 келі героинді  тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде.  Украинаның тәртіп сақшылары Түркиядан кірпіш тиелген жүк көліктерімен келген 370 келіге жуық героинді тәркіледі, контрабанданың жалпы құны 36,8 миллион долларды құрайды, деп Украинаның Бас прокуроры Ирина Венедиктоваға сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.  «Тәртіп сақшылары Киев қаласындағы қоймаға Ираннан Украинаға жүк көлігін жеткізуді бақылаған. Автокөліктің тіркемесінен арнайы жабдықталған қуыс кірпіш муляждарынан есірткі заты […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның Хасаке провинциясындағы «Әл-Хол» босқындар лагерінде үш адам өлтірілді

    НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде.  Хасаке провинциясында АҚШ күштері қолдаған «Касад» топтарының бақылауындағы «Әл-Хол» босқындар лагерінде үш адам қаза тапты, деп хабарлайды SANA жергілікті ақпарат көздеріне сілтеме жасап. Ақпарат көздері үш бейбіт тұрғынды, оның ішінде бір әйелді, бәсеңдеткіші бар тапаншамен атып өлтіргенін айтып, лагердегі бейберекетсіздік пен сенімсіздікке байланысты мұндай оқиғалар үнемі қайталанып отыратынын хабарлады.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ирактың қауіпсіздік қызметі Бағдадтың бір ауданында террористті  ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде.  Бағдаттағы жедел командалыққа сілтеме жасай отырып«Ас-Сомария Ньюс»ақпараттық агенттігі Ирак күштері ел астанасындағы Ар-Рашидия кварталында нақты барлау ақпараттарға негізделген қауіпсіздік жоспары аясында террористті ұстай алды деп хабарлады.Бұл туралы «SANA» агенттігі хабарлайды. Ұсталған адамның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді. Сонымен қатар, саперлер елордалық Аз-Зафарания кварталында қолдан жасалған жарылғыш затты залалсыздандырды. Бұған дейін […]
    • 3 Years ago
    • 0