Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Алматыда ер адамнан 500 данадан астам «экстази» тәркіленді

    АЛМАТЫ, 06 қыркүйек. Алматыда контрабандалық жолмен Еуропадан ірі көлемде есірткі заттарын өткізбек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «26 тамыз күні Алматы қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде ҚР азаматы ұсталды. Оған Еуропадан пошта арқылы есірткі заттары жеткізілген. Тексеру кезінде  500-ден астам дана «экстази» дәрілері, яғни психотроптық заттар табылды. Контрабандалық жолмен жеткізілген есірткі заттары  тәркіленді», — […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • СҚО-да ірі есірткі партиясы тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН,05 қыркүйек. Солтүстік Қазақстан облысында марихуана мен гашиштің  ірі партиясы тәркіленді, деп Экспресс К хабарлайды. Петропавл қаласының шетіндегі саяжайда жедел қызметкерлер  10 килограмм марихуана мен екі килограмм гашишті сатып жатқан жерінде, бұрын сотты болған 1976 және 1985 жылы туылған облыс орталығының екі тұрғынын қолға түсірді. Одан әрі тінту барысында саяжай учаскелерінің бірінде және жалға алынған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ұлыбританияда 1,3 тонна героин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қыркүйек. Қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық бюро Ұлыбританияның шекара қызметімен бірлесіп құны 120 млн фунттан асатын 1,3 тонна көлеміндегі героинді тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат   telegraph.co.uk агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің деректеріне қарағанда, 30 тамыз күні Феликсстоув кемежайына тоқтаған MV Gibraltar контейнер тасушысынан 1,3 тоннаға жуық есірткі тәркіленген. Антверпенге бағыт алған кеме жолда Ұлыбританияға тоқтаған.Оны шекара қызметінің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Гуанчжоу сотында Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты отырыс өтті

    Сыртқы істер министрлігі Қытайда есірткі контрабандасымен айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша сот отырысы өткенін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгін Гуанчжоу сотында есірткі контрабандасымен айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша отырыс өтті. Отырыс барысында қорғаушы тарап ұсынған қылмыстық істің материалдары қаралды. Отырысқа қорғаушылар, Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің өкілдері, Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Көкнәр-2019» — Қызметтік ит есірткінің иесін тауып берді

    НУР-СУЛТАН, 02 қыркүйек. Арнайы есірткі заттарын іздеуге үйретілген ит Бейнеу — Нукус пойызының дәретханасында есірткі салынған жасырын орынды табуға көмектесті, деп  ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлайды. Бейнеу шекара отрядына қарасты «Бейнеу-теміржол» бөлімшесінде шекара наряды кеше арнайы үйретілген иттің көмегімен «Бейнеу – Нүкүс» бағытындағы № 648 пойыз вагондарының бірінің әжетханасында, жылу батареясының артына қыстырылып қойған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Иранда 1,7 тонна есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз. Иранда Захедан провинциясының оңтүстігіндегі Никшахр фермасында 1789 келі апиын табылған. Бұл туралы провинция  командирі генерал Мохаммад Ганбари мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат  ИРНА агенттігіне сілтеме жасап. «Кешенді жедел-іздеу шараларының нәтижесіндепровинция полициясы елдің оңтүстігіндегіі қалалардан Захеданға есірткі партияларының тасымалдануын білген. Есірткінің Никшахрдағы сақталған орнын тауып, 1789 елі апиын тәркіледі»,- деп мәлім етті Ганбари. Иран полициясының […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Колумбиялық полицейлер табыттан 300 келі есірткі тауып алды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз. Колумбиялық құқық қорғаушылар табыттың ішіне тығылған салмағы 300 келі есірткі тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап. «Есірткі екі табыт салынған катафалкіні тексергеннен кейін алынды. Олардың біреуінен 300 келі каннабис табылды», — делінген хабарламада. Белгілі болғандай, полиция жүргізушіні бірден қамауға алған. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.  
    • 5 Years ago
    • 0
  • Австралияда 750 кг есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз. Сиднейде Мексиканың 42 жастағы азаматы Хуан Мануэль Плаза Лопес қолға түсті, ол сиыр терісін 750 кг астам есірткі контрабандасы үшін пайдаланды деп күдіктенеді деп полиция хабарлайды.  Бұл туралы 29 тамыз күні Australian Associated Press-ке сілтеме жасап Regnum АА  хабарлайды. Ведомстваның мәліметіне қарағанда, құқық қорғау органдарының қызметкерлері 10 тамызда сиыр терілері бар контейнерлерді […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркістандық полицейлер есірткі сатқан күдіктіні ұстады

    ТҮРКІСТАН, 28 тамыз. Түркістан облысы Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын өзінің таныс азаматы «марихуанна» есірткі затын сатумен айналысатынын айтып арызданған, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 297 бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша тіркелген және ТО […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Павлодар облысында есірткі арнасының жолы кесілді

    ПАВЛОДАР, 28 тамыз. ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті Павлодар облысы аумағына есірткі заттарын жеткізу өңірлік арнасын ұйымдастыруға қатысы бар ҚР азаматы К. Құсаиновтың заңға қайшы әрекетін анықтап, жолын кесті, ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.  Атап айтқанда, ҰҚК департаменті жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде К. Құсаинов 2019 жылғы 1 наурызда өзінің автокөлігімен Қарағанды қаласынан Павлодар қаласына […]
    • 5 Years ago
    • 0