Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • ІІМ: Заңсыз айналымнан 700 данадан астам қару мен 170 келіден астам есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан. Ішкі істер министрлігі елдегі заңсыз қару сақтау жайты және есірткі таратумен күрес жағдайына қатысты соңғы деректермен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. «Жедел-профилактикалық шара барысында қаруды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 451 адам ұсталды. Олардан 774 дана атыс қаруы және 7 737 арнайы құралдар мен […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мысыр полициясы тоғыз қылмыскердің көзін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан. Мысыр полициясы Дакахлия мухафазасындағы рейд кезінде тоғыз қылмыскерді өлтіріп, көп мөлшерде қару-жарақ пен есірткі тәркіледі, деп елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Мәлімдемеде есірткі контрабандасымен және қарулы тонаумен айналысқан қылмыстық топтың Дакахлиядағы фермада жасырынып жүргені айтылған. Рейд кезінде болған атыста қылмыстық […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде есірткі қойып кетушілер ұсталды

    АҚТӨБЕ, 18 ақпан. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде екі дилерді ұстады. Ұсталғандар 28 жастағы ер адам және 22 жастағы қыз, олардан көк түсті ұнтақ заты бар 26 түйіршік тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ұсталғандардың айтуынша, ұсталғанға дейін бірнеше минут бұрын олар 10 есірткі түйіршігін қойып үлгерген, кейін соны полиция қызметкерлеріне көрсеткен. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ҰҚК: Алматыда тоғыз келі психотропты зат анықталды  

    АЛМАТЫ, 18 ақпан. Ақпанның басында Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті психотропты заттар дайындайтын заңсыз зертхананы анықтады, деп ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлады.  «Көрсетілген заңға қайшы әрекетке қатысы бар болғаны үшін Алматы тұрғыны ұсталды. Заңсыз айналымнан шамамен тоғыз келі психотропты зат мефедрон пен «α-PVP» тәркіленді. Оның заңсыз нарықтағы бағасы шамамен 149 миллион теңгеге бағаланып отыр», — делінген […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Петропавл мен Өскеменде синтетикалық есірткі  сатушылары ұсталды

    ПЕТРОПАВЛ, 16 ақпан.2022 жылғы 14 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Петропавл және Өскемен қалаларында Интернет-дүкендер арқылы синтетикалық есірткі өткізуге қатысы бар бес азаматты ұстады, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Заңсыз айналымнан 2 кг астам мефедрон, «α-PVP» психотроптық заттары және 600 гр «Спайс» шегу қоспасы алынды. Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР ҚК 297-бабының […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматыда 900-ден астам есірткі жарнамасы жойылды

    АЛМАТЫ, 15 ақпан. Алматыда 900-ден астам есірткі жарнамасы жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Трафаретті жарнама науқаны қаланың Алмалы, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарының аумағында өтті. Оған полиция қызметкерлері, еріктілер және жанашыр азаматтар қатысты. – Айтпақшы, еріктілер мен белсенділер есірткі қылмысымен күрестегі біздің тұрақты серіктестеріміз. Қоғам заң үстемдігін насихаттап, өскелең ұрпақтың салауатты өмір сүру қағидаттарын дамытып, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Шымкентте 30-дан астам есірткі жарнамасын жойылды

    ШЫМКЕНТ, 11 ақпан. Шымкенттік полицейлер 30-дан астам есірткі жарнамасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 10 ақпанда Абай ауданының Полиция басқармасы №2 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары өз әкімшілік аумағында орналасқан ғимараттардың сыртқы қабырғаларына бейнеленген есірткі жарнамаларын жою жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шара барысында тәртіп сақшылары Жарқымбеков көшесіндегі ғимараттар мен тұрғын үйлердің қасбеттеріндегі есірткі заттарын жарнамалайтын графикалық жазбаларды анықтап, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда синтетикалық есірткінің өндірісі бойынша ірі есірткі зертханасы жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 ақпан. Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері елорданың және Қарағанды облысының есірткі полицейлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында “Family Village” коттедж қалашығындағы үйлердің бірінде синтетикалық есірткінің өндірісін жолға қойып, қала аумағында олардың көтерме саудасымен айналысқан екі жас қызды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматы полициясы “Өз өміріңе балта шаппа” атты есірткіге қарсы әлеуметтік ролик шығарды

    АЛМАТЫ, 08 ақпан. Алматы полициясы есірткіге қарсы әлеуметтік ролик шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Әлеуметтік бейнеролик жастардың назарын қазіргі заман дертіне және есірткіні қолданудың салдарына аудару мақсатында түсірілді. – Мақсатты аудитория – көбінесе жаман әсерге ұшырайтын және психикасы жетілмегендіктен есірткі сатушыларының айла-амалына түсіп кетуі мүмкін жастар. Бейнероликте есірткі тұтынушыларға да, сатушыларға да зиянды салдары көрсетілген. Түсірілімге […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ШҚО-да Ресейден синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді

    ӨСКЕМЕН, 07 ақпан. Жақын шетелден тасымалданған ірі есірткі арнасының жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  Шығыс Қазақстан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел әзірлемес барысында Семей және Өскемен қалаларына синтетикалық есірткінің ірі партияларын жеткізіп отырған адамдарды ұстады. Осы жылдың қаңтар айында полицейлердің назарына облыстың екі […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 20 of 124« Бiрiншi...10«1819202122 » 304050...Last »