Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркістан облысының полицейлері шекарадан есірткі алып өтпек болған Өзбекстан азаматын ұстады

    ТҮРКІСТАН, 18 қараша. Түркістан облысының полицейлері шекарадан есірткі алып өтпек болған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері есірткі қылмыстарының алдын алу бойынша үздіксіз жұмыс жасауда. Мәселен, Сарыағаш АПБ-нің полицейлері шекара бекеті қызметкерлерімен бірлесіп, түрлі заңсыздыққа жол бермеу мақсатында рейдтік жұмыстарын тұрақты жүргізіп отырады. Осындай кезекті жұмыс күнінде ҚР-нан […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Елорда полицейлері құны 30 млн теңгеге бағаланған есірткі заттарын тәркіледі 

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша. 16-20 қараша аралығында елорда аумағында «Дәрмег» жедел-алдын алу шарасының 3-кезеңі өтіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Жедел-алдын алу шарасының аясында елорда аумағында есірткілік заттар мен психикалық белсенді заттарды сатумен айналысатын тұлғалардың қызметі анықталуда. Осылайша, іс-шараны жүргізудің алғашқы күнінде, ағымдағы жылдың 16 қарашасында Жеңіс көшесінде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Аргентина полициясы 10 тоннаға жуық есірткі тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша.Аргентинаның қауіпсіздік күштері елдің солтүстігіндегі Мисионес провинциясындағы контрабандашылардан он тоннадан астам марихуананы тәркіледі, деп елдің қауіпсіздік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады. Есірткі заттар иттердің көмегімен табылған, иттер тыйым салынған заттардың иісін сезіп қалған деп хабарланды. Тінту кезінде жүк көлігінен марихуананың ірі партиясы табылды, оның салмағы он тонна деп бағаланады. Контрабандашылар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ҰҚК: Трансұлттық қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша. Ұлттық қауіпсіздік комитеті трансұлттық қылмыстық топты ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz  комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2020 жылдың сәуір-қазан айлары кезеңінде ҚР ҰҚК шетелден ҚР-ға синтетикалық есірткі жеткізуді, сондай-ақ оларды жасауды және «Борат24» интернет-дүкені арқылы сатуды жүзеге асырған трансұлттық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесу бойынша ауқымды операция өткізді. «Трансұлттық есірткі құрылымындағы 34 қатысушы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Теміртау тұрғынынан жарты келіден астам гашиш тәркіленді

    ТЕМІРТАУ, 14 қараша. Теміртауда тұратын жас жігіттен жарты келіден астам гашиш тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Теміртау қаласы Полиция басқармасының есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлеріне белгісіз бір азаматтың есірткі сатып жүргені туралы ақпарат келіп түскен. Жедел тексеру барысында полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы азаматты қолға түсірді. Ұсталған азаматтың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Петропавл полицейлерімен 60 кг жуық марихуананы жойылды

    ПЕТРОПАВЛ, 14 қараша. Петропавлда полицейлер «Қарасора» операциясы аясында заңсыз айналымнан алған 59 кг марихуана жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткінің кезекті партиясын өртеді. Қазан айының соңында «Қарасора» операциясы аясында Петропавлда 59 келіден астам марихуана тәркіленді. Қала көшелерінің бірінде Toyota Mark II автокөлігі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ІІМ-де БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқарма өкілдерімен кездесу өтті

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша. ІІМ-де БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен бірлескен жобалар талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ішкі істер министрлігінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Бағдарламалық кеңсесінің басшысы Навид Риазбен кездесті. Сондай-ақ, іс-шараға Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Шымкентте “STOP: Есірткіге жол жоқ” акциясы өтті

    ШЫМКЕНТ, 13 қараша. Шымкентте “STOP: Есірткіге жол жоқ” акциясы өтті жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен қалалық Жастар ресурстық орталығының өкілдерімен бірлесіп қала аумағындағы ғимарат қабырғаларында адам өміріне қауіп төндіретін есірткі заттарының графикалық үлгідегі жарнамаларын өшіру бойынша “STOP: Есірткіге жол жоқ” акциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Талдықорғанда «Telegram» мессенджері арқылы синтетикалық есірткі сатумен айналысқан күдіктілер ұсталды

    ТАЛДЫҚОРҒАН, 12 қараша. Алматы облысының полицейлері синтетикалық есірткі саудасымен айналысқан топты ұстады, — деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысы Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткілерді заңсыз таратумен айналысқан бір топ адамды ұстады. «Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу жүргізді. Оның барысында бес адамнан құралған топ анықталды. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Перу полициясы 1.5 тоннаға жуық есірткі тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша. Перу полициясы Лима қаласынан «Барселона» клубының және Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің суреті салынған есірткі партиясын тәркіледі, — деп хабарлайды  Тengrinews.kz Vesti.kz  сайтына сілтеме жасап. Есірткі арнайы қораптарға салынған, ал оның сыртында аргентиналық футболшының суреті мен қолтаңбасы қойылған. Тәркіленген есірткі мөлшері — 1417 келі. Шамамен осы мөлшердегі есірткінің құны — 85 миллион доллар.
    • 4 Years ago
    • 0