НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша. Ішкі істер министрлігі маусым мен қазан аралығында өткізген жыл сайынғы «Қарасора» арнайы операциясының нәтижелерін жариялады. Полиция қызметкерлері 21 тоннадан астам есірткі тәркіледі, оның ішінде 14 тоннадан астамы Қызылорда облысына тиесілі. Осылайша, аталған өңір қарасораны заңсыз өсіру фактілерінің саны бойынша антирейтингте көш бастады, деп stan.kz жазады. ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Тілеген Маткеновтің сөзінше, […]