Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркістан облысының полицейлері сора егістігін жойды

    ТҮРКІСТАН, 19 тамыз. Түркістан облысының полицейлері бес мың түп сора егістігін жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Отырар ауданы Сырдария өзенінің жағасында бір гектарға жуық жер теліміне есірткі затына ұқсас өсімдіктіктердің егілгені жөнінде хабарлама алды. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары тексеруге шықты. Полицейлер тінту кезінде бес мың түп есірткі затын тауып, тәркілеп алды. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нидерландыда бір тонна кокаин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз. Нидерландтық кеденшілер Роттердам портында импортталған ананас салынған контейнерден бір тонна кокаин тапты, деп nege.kz жазады.   «Есірткі ананас контейнерінде жасырылған, олардың құны – 75 миллион еуро», – делінген хабарламада. Контейнер өткен сенбіде бельгиялық Антверпеннен келген. Тәртіп сақшылары есірткі контрабандасына қатысы бар адамдарды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауласында есірткі өсірген атыраулық қолға түсті

    АТЫРАУ, 19 тамыз. Атырау полицейлері Еркінқала селосы тұрғынының ауласынан өсіп тұрған 1898 түп есірткі шөптерін тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция департаментінің қызметкерлері “Қарасора” алдын-алу шарасы барысында, қала шетінде орналасқан Еркінқала селосы тұрғынының үйінің ауласынан заңсыз өсірген 1898 түп қара сора тауып, тәркіледі. Тексеру барысында, полицейлермен осы мекен-жайдан бұдан басқа кептірілген сора табылып, алынды. Сараптама қорытындысымен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматы полицейлері жыл басынан бері 188 келіден астам есірткі тәркілеген

    АЛМАТЫ, 18 тамыз. Алматы полицейлерімен 190 келіге жуық есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жыл басынан бері Алматы полициясы есірткіге қатысты 252 қылмысты анықтады, олардың 87-і есірткі саудасымен байланысты. Заңсыз айналымнан 188 келіден астам есірткі, оның ішінде 30 келіден астам марихуана, 29 келіден астам гашиш және 400 граммға жуық героин тәркіленді. «Қазіргі уақытта жастар арасында […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда трансұлттық есірткі картелінің мүшесі 13 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз.Тәжікстан азаматы есірткінің заңсыз айналымымен айналысқан трансұлттық топқа қатысқаны үшін 13 жылға сотталды, деп Тәжікстан Республикасының Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан хабарлайды. Прокуратураның хабарлауынша, есірткі тобы Тәжікстан мен Ауғанстан азаматтарынан құралған. Тергеу мәліметтері бойынша, Куляб қаласында 2016 жылдың қараша айында үш азамат әрі қарай сату үшін Ауғанстаннан есірткі тасымалдау арнасын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Шымкент полицейлерімен үйінде есірткі зат сақтаған жергілікті тұрғын анықталды

    ШЫМКЕНТ, 18 тамыз. Шымкент тұрғынының пәтерінен есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 7 тамызда Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен республикалық деңгейде өткізіліп жатқан “Қарасора – 2020” және “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген жұмыстар барысында Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы көпқабатты үй пәтерлерінің бірінде полиэтиленді пакетке оралған түрінде есірткіге ұқсас заттарды сақтаған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ҰҚК: Нұр-Сұлтанда жасырын есірткі зертханасы жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз. 2020 жылғы 30-31 шілдеде ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Экономикалық тергеу департаментімен және ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде Қазақстан Республикасының үш азаматы мен бір шетелдікті ұстады, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.  Күдіктілердің Ақмола облысының аумағында кейіннен Нұр-Сұлтан қаласында таратылған психотроптық заттарды өндіретін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жеті ай ішінде Маңғыстау облысында 60 есірткі қылмысы анықталды

    АҚТАУ, 12 тамыз. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 60 есірткі қылмысының фактісін анықтады, деп Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Маңғыстау Медиа хабарлайды.  «Нашақорлықтың алдын алу әрбір сынып, әрбір орта және жоғары оқу орындары, әрбір отбасы арқылы жасөспірім мен жастардың есірткіге қарсы психологиялық иммунитетін қалыптастыра отырып, есірткіге қарсы насихат […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қазақстан шекарасында 400 гр гашишті алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды

    ПЕТРОПАВЛ, 12 тамыз. 2020 жылғы 7 тамызда қазақстандық шекарашылар шекарадан есірткі алып өтпек болған азаматты қолға түсірді, — деп хабарлайды Egemen.kz. Қазақстаннан Ресейге шығатын «Қарақоға» автомобиль өткізу пунктінде «К» деген РФ азаматын ұсталды. Ол автомобиліне жасырылған ерекше иісі бар өсімдік тектес затты өткізбекші болған. Сараптама нәтижелері анықталған есірткі заты салмағы шамамен 400 грамм болатын «Гашиш» екенін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Рудныйда құны миллион теңге болатын  есірткі тасымалдаушысы ұсталды

    ҚОСТАНАЙ, 10 тамыз. Қостанай облысында синтетикалық есірті сатқан ер адам ұсталды, — деп  Polisia.kz  сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлайды.  4 тамызда 28 жастағы Рудный қаласының тұрғыны ұсталды. Ол синтетикалық есірті сатты деген күдікке ілінді. Ер адамды тексеру барысында одан 97 zip-пакетик анықталды. Күдікті ескірткіні скутерде ғана емес, пәтерде де сақтаған. Рудный қаласы полиция департаментінің есірткімен күрес бөлімінің басшысы […]
    • 4 Years ago
    • 0