Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркия мен Нидерланд полициясының бірлескен операциясы кезінде 3 тоннаға жуық героин тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 06 наурыз. Түркия мен Нидерландтың есірткіге қарсы полиция бөлімшелерінің бірлескен операциясының нәтижесінде 2384 кг героин тәркіленді. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлуға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, операция Қазақстан, Германия, Польша, Нидерланды және Түркияның аумағын қамтыды. Осылайша, Түркияның шығыс шекараларындағы бірқатар елдерден Еуропаға есірткі жеткізетін арна тоқтатылды.
    • 5 Years ago
    • 0
  • БҚО-да қарасора өсірумен айналысқан әкелі-балалы сотталушыларға үкім шықты

    ОРАЛ, 05 наурыз. БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қарасора өсірумен айналысқан әкелі-балалы сотталушыларға үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Судья Бақыт Ермахановтың мәлім еткеніндей, 1986 жылғы Николай мен 1961 жылғы Владимир Полянскийлер айыпты деп танылды. Н.Полянский ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қостанай облысында ірі көлемде есірткі сатқан қылмыстық топ ұсталды

    ҚОСТАНАЙ, 04 наурыз. Қостанайлық тәртіп сақшылары облыс аумағында есірткі таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция бастығы Бекет Аймағамбетовтің айтуынша, бұл іс сотқа жеткен. Осы дерек бойынша 200 жедел-із кесу шаралары жүргізілген. Алты күдіктіге қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды. Олар есірткіні заңсыз […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысында отбасылық жұп марихуана сатқаны үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

    ТҮРКІСТАН, 03 наурыз. Түркістан облысында полиция қызметкерлері марихуана сатумен айналысқан ерлі-зайыптыларды ұстады,-деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасына Түркістан қаласының тұрғындары есірткі сатумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері есірткі затын өткізді деген күдікпен Түркістан қаласының тұрғындары, ерлі-зайыптыларды құрықтады. Белгілі болғандай, ер адам мен оның […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Есірткі граффитиі үшін үш жылға бас бостандығынан айырылады

    НҰР-СҰЛТАН, 02 наурыз. Ақмола полицейлері есірткіні жарнамалаған Павлодар қаласының тұрғынын ұстады,-деп хабарлайды Polisia.kz. Қылмыс осы жылдың 27 ақпанында Ерейментау қаласында жасалды. Учаскелік полиция инспекторы өзінің әкімшілік учаскесін аралау кезінде көп қабатты үйлердің біріндегі кіреберісінің қабырғасынан есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тарату бойынша тыйым салынған сайттың атауын қамтитын жазулар тапты. Бұл ақпарат дереу тіркелді. Криминалдық полиция бөлімшесінің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Есірткісіз қоғам: граффити жазулары өшірілді

    АҚТАУ, 01 наурыз. Маңғыстаулық полицейлер ерікті жастармен бірге граффити жазуларды өшірді,-деп хабарлайды Polisia.kz. Маңғыстау облысы Полиция департаменті Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы Ақтау қаласы «Арман» жастар орталығының ерікті жастарымен бірге қала аумағындағы граффити жазуларды өшіруде. Мақсаты — есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысында өткен жылы есірткіге еліткен 166 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған

    ТҮРКІСТАН, 29 ақпан. Түркістан облысында өткен жылы есірткіге еліткен 166 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған, бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қ.Дәлбеков айтып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. «Есірткі — бұл ғасыр дерті. Онымен күрес жүйелі түрде жүргізіліп келеді, алайда оны пайдаланып, тұзағына түсіп қалатындар аз емес. Сонымен қатар бүгінде есірткінің синтетикалық түрлері де көбейген. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Панамада 5 тонна есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан. Панамада 5 тонна есірткі тәркіленді, деп 24.kz хабарлайды. Бұл туралы жергілікті тәртіп сақшылары хабарлады. Полицейлердің мәлімдемесіне сай, есірткі зат сүңгуір қайық ішінен табылған ол Колумбия жағалауынан шығып, Орталық Америкаға жүзіп бара жатқан. Қазір осы оқиғаға байланысты 4 колумбиялық азамат ұсталып, қамауға алынды. Айта кетейік, Орталық Америка есірткі тасымалдауда негізгі бекет саналады.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Елордада 2019 жылы 180 келіге жуық есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. Елордалық полицейлер былтыр есірткі саудасына қатысты 73 қылмыстық іс қозғаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, кейінгі кезде есірткінің дәстүрлі түрлерімен қатар, синтетикалық есірткілер мен олардың баламалары кеңінен таралып келеді. Атап айтқанда, өткен жылдың шілде айынан осы уақытқа дейін синтетикалық есірткі заттармен байланысты 73 қылмыстық іс тіркелген. «2019 жылы қала аумағында […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматыда есірткі тасымалдаушы бір келі “синтетикамен” ұсталды

    АЛМАТЫ, 27 ақпан. Алматы полициясы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бір килограмм психикалық белсенді заттары бар Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақсай-4 шағын ауданындағы жалдамалы пәтерді қарау кезінде қызметкерлер қонақ бөлмесінен күлгін түсті ұнтақ салынған үш полиэтилен пакетті тауып, тәркілеген. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат салмағы бір килограмнан асатын синтетикалық есірткі болып шыққан. Анықталғандай, […]
    • 5 Years ago
    • 0