Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Есірткі сайтын жарнамалаушы қолға түсті

    НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар. Елордалық полиция департаментінің қызметкерлері алдын алу шараларын жүргізу барысында астыртын синтетикалық есірткі саудалайтын интернет-сайттарды жарнамалаумен айналысқан қала тұрғынын ұстады, деп nege.kz хабарлайды.  40 жастағы ер адам трафарет пен бүріккіш бояуды қолданатын тұрғын үйлер мен гараждардың қабырғаларында синтетикалық есірткінің жарнамасы жазылған жазулар қалдырып отырған. Бұрын бірнеше рет сотталған күдіктінің өзі де есірткі қолданатын болған. Аталған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Петропавлда героин сатумен айналысқан әйел ұсталды

    ПЕТРОПАВЛ, 28 қаңтар. Петропавлда героин өткізу нүктесіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Солтүстік Қзақстан облысының полицейлері аса ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін бұрын сотты болған жергілікті әйелді ұстады. «Ол оқшауланған өмір салтын ұстанып, есірткіні алдын ала келісу арқылы белгілі адамдарға өткізіп отырған. Ұстау барысында күдікті әйел жасырынып кетпек […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Бішкекте 438 килограмнан астам есірткі заты тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар. Бішкекте Алтымышов атындағы көшенің жекеменшік үйінде жасырын есірткі зертханасы табылды. Онда каннабис пен галлюциногендік саңырауқұлақ өсіріп келген. Бұл жөнінде Бішкек қаласы ішкі істер басқармасына сілтеме жасап centralasian.org хабарлайды.  Мекеме мәліметінше, заттардың бәрі сол жерде тәркіленген. Тәркіленген заттың салмағы 438,07 келі болған. Бұл оқиға бойынша заңсыз есірткі сақтау бабымен қылмыстық іс қозғалған.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақтауға синтетикалық есірткі әкелген екі қыз ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар.  Маңғыстау облысында екі апталық жедел әзірлеме нәтижесінде Маңғыстау облысы Ақтау қаласы аумағына мефедрон синтетикалық есірткісін жеткізу арнасына тосқауыл қойды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметіне cілтеме жасап baq.kz. Ақтау қаласына аталған есірткіні жеткізу туралы мәлімет алынғаннан кейін жалға алынған пәтерде қолдарында жалпы салмағы 96 грамм есірткі партиясы бар Қазақстаннның екі әйел азаматы ұсталды. Жауап алу […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Душанбеде жыл басынан бері 23 келіден астам есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар. Тәжікстан астанасының полиция қызметкерлері 20 келіден астам есірткіні тәркіледі, деп хабарлады ТаджикТА. «Асадулло Гайратов, Андалеба Муиддинов  және Мирзовали Назаров азаматтарынан полиция қызметкерлері 9 кг гашиш тәркіледі. Күдіктілер «Саодат» сауда орталығынын жанында есірткіні шартты сатып алушыға сатпақ болған жерінде ұсталды. Есірткіні елордаға А.Гайратов әкелген, ал  А.Муиддиновтың пәтерінде сақталған», — деп хабарлады Тәжікстан ІІМ баспасөз орталығы. Сондай-ақ, есірткі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматыда есірткіні жарнамалаған көше суретшісі қамауға алынды

    АЛМАТЫ, 21 қаңтар.  Алматы қаласы Бостандық ауданының полициясы есірткі құралдары мен психотроптық заттарды таратуға тыйым салған сайттардың атын жарнамалаған 25 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған А. есімді азаматқа есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын насихаттау және заңсыз жарнамалау айыбы тағылды. «Есірткіні насихаттағаны немесе заңсыз жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Граффити жазбалар арқылы есірткі жарнамалаушы күдіктілер ұсталды – ҚР ІІМ

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар. Граффити жазбалар арқылы есірткіні насихаттайтын және жарнамалаушы күдіктілер ұсталды, деп ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, есірткі қылмысы үшін жауапкершілікті қатаңдататын қылмыстық заңнамаға енгізілген түзетулер күшіне енгеннен кейінгі алғашқы аптада есірткіні жарнамалау мен насихаттау үшін жауапкершілік белгілейтін Қылмыстық кодекстің жаңа бабы бойынша екі қылмыстық […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қытайдың Гуандун провинциясында жылына 820 кг есірткі тәркіленеді

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар. Гуандун провинциясының Гуанчжоу қаласының полициясы 2019 жылы есірткінің заңсыз айналымы туралы 2750 істі ашты, деп хабарлайды 19 қаңтарда Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Аталған кезеңде 820 кг есірткі тәркіленді және 2983 есірткі сатушысы ұсталды. Сонымен қатар, тыйым салынған заттарды өндіруге арналған 2 тоннадан астам шикізат тәркіленді. Жалпы 13 425 нашақор анықталды, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақтауда есірткі сатумен айналысқандар ұсталды

    АҚТАУ, 17 қаңтар.  Маңғыстау облысы аумағында көптен бері синтетикалық есірткі жеткізумен айналысып келген екі адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 16 қаңтарында таңғы сағат 09: 30-да Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласындағы «Грин Парк» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінде Алматы қаласының тумасы екі ер […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қызылордада жеңіл автокөліктен 16 келі марихуана табылды

    ҚЫЗЫЛОРДА, 17 қаңтар. Қызылорда облысында жеңіл көлікпен 16 келіден астам есірткі тасымалдаған адам қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Биылғы жылдың 15 қаңтарында Қызылорда облысының полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде Қармақшы ауданы тұсындағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тасжолының бойында тоқтатылған жеңіл автокөліктен есірткі табылды. «Тексеру жүргізу барысында автокөліктің артқы жүк салғышынан ерекше иісі бар сөмке және […]
    • 5 Years ago
    • 0