Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Алматыда есірткіні жарнамалаған екі ер адам ұсталды

    АЛМАТЫ, 20 қыркүйек.  Есірткі заттарын жарнамалады деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жібек жолы көшесінде орналасқан кеңселердің бірінің қызметкерлері полицияға бірнеше рет хабарласқан. Олар белгісіз біреулердің есірткі жарнамасын ғимараттың қасбетіне және терминалдың бетіне іліп кеткенін айтқан. «Бүгін кеңсе күзетшілері күдікті екі адамды байқап қалып, учаскелік инспекторға хабарлады. Бұл адамдар банкоматтың қабырғасына трафаретты қолдану […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Колумбиялық әскери-теңіз күштері сегіз тонна кокаинды ұстап алды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек. Колумбиялық ұлттық әскери-теңіз күштері құны 500 миллион АҚШ доллары шамасында  болатын сегіз тонна кокаинды ұстап алды, деп Noticias Caracol телеарнасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Хабарланғандай, есірткі заттар  Тумако муниципалитетінің жағалауына жақын жердегі жартылай батпалы сүңгуір қайықта болған, Орталық Америкаға өткізілмек болған.Жүктің кімге тиесілі екені туралы мәліметтер келтірілмейді. Телеарна мәліметтері бойынша, осындай […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысында екі күнде 50 келіге жуық есірткі анықталды

    ТАРАЗ, 19 қыркүйек. Жамбыл облысында «Допинг» екікүндік жедел-алдын алу шарасы барысында есірткі қылмысына қатысты 19 факті анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Анықталған құқықбұзушылық фактілерінің 16-сы қылмыстық, 3-еуі әкімшілік санатқа жатады. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті. «Есірткі құралдарының заңды және заңсыз айналымы саласындағы құқықбұзушылықтарды анықтау жөніндегі профилактикалық жұмыстар барысында заңсыз айналымнан алынған есірткі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Елордада аса ірі көлемде есірткі табылды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек.  Елордалық полицейлер арнайы операция барысында аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. «36 жастағы ер адам Тараз көшесінде көлігінің жанында ұсталды. Оның көлігін тінту кезінде жедел уәкілдер орындық астынан ұнтақ тәрізді зат салынған полиэтилен пакет тапқан. Сараптама қорытындысы бойынша, салмағы 200 […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • РФ ІІМ АСЕАН елдерінің полицейлерімен есірткіге қарсы күресте тәжірибесімен бөлісуге дайын

    НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек. Ресей ІІМ 2020 жылы есірткі қылмыстарын ашу тәжірибесін үйрету үшін АСЕАН елдерінен полиция тобын қабылдауға дайын, деп мәлімдеді мекеме басшысы Владимир Колокольцев Ханойдағы 39-шы АСЕАНАПОЛ конференциясында сөйлеген сөзінде, деп РИА Новости хабарлайды. «2020 жылы есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды ашу тақырыбы бойынша АСЕАН елдерінен кезекті полиция тобын оқуға қабылдауға дайынбыз. Ресей тарапы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Есірткі пайдаланған павлодарлық теракт туралы жалған хабар таратқан

    ПАВЛОДАР, 18 қыркүйек. Теракт туралы жалған ақпарат таратқан Павлодар тұрғыны бес жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Тәртіп сақшылары бұрын сотталған 36 жастағы облыс орталығының тұрғынын анықтап, ұстады. Ол есірткі пайдаланып, ұялы телефонымен 112 операторына лаңкестік әрекетке куә болғанын хабарлаған», — деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Белгілі болғандай, 22:00-де Павлодар тұрғынынан полицияға […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қызылордада ауыл маңынан есірткі алқабы анықталды

    ҚЫЗЫЛОРДА, 17 қыркүйек.  Қызылорда облысында сора өсірген 35 және 36 жастағы екі адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Олар Жаңақорған ауданына қарасты Түгіскен елді мекенінен 45 шақырым жердегі алқапқа есірткі өсімдігін еккен. Бұл орынды полицейлер «Көкнәр-2019» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады. Аталмыш алқапта екеуі заңмен тыйым салынған сора өсімдігін өсірген. «Оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері жұмыс жүргізді. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Арал ауданында ауласында сора өсірген азамат сотталды

    АРАЛ, 13 қыркүйек. Қызылорда облысының Арал ауданында үйінің ауласында сора өсірген тұрғын сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жергілікті тұрғын өз үйінің ауласында 14 түп сора өсімдігін өсірген. Сотта ол өзінің қылмыстық әрекетін мойындады. Қылмыстық іс іс құжаттарымен толық дәлелденді. «Сот үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Ол 6 ай мерзімге бас бостандығынан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • 100 келіден астам есірткі саудалаған ШҚО-ның екі тұрғыны 11 жылға сотталды

    ӨСКЕМЕН, 12 қыркүйек. ҚР ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті каннабистік топтағы есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар ҚР азаматтары М. Бейсембаев пен Д. Ережеповтің  заңсыз әрекеттерін анықтап, жолын кесті, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.  Атап айтқанда, 2019 жылғы 27 наурызда ҰҚКД көрсетілген адамдарды салмағы 82 кг 343 г есірткі құралдарын өткізбекші болған кезде […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Шу қаласының тұрғынынан 300 келіге жуық марихуана тәркіленді

    ТАРАЗ, 11 қыркүйек.  Жамбыл облысында жол талғамайтын көлігінен ширек тоннадан астам марихуана табылды, деп  облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлады. «Бірлік — Мойынқұм — Ұланбел тас жолының 33-ші шақырымында Жамбыл облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Шу қаласының 40 жастағы тұрғынының басқаруындағы Toyota Runner көлігін ұстады. Ер адам салмағы 287,5 келі болатын […]
    • 5 Years ago
    • 0