Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Шу ауданынын тұрғынынан 125 келіден астам марихуана тәркіленді

    ТАРАЗ, 21 тамыз. Жамбыл облысы Шу ауданындағы Жаңа жол ауылының 25 жастағы тұрғынынан 125 келіден астам марихуана тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктіні «Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында қолға түсірген. «Қолға түскен күдіктіден өзіне тән ерекше иісі бар өсімдік салынған төрт қап тәркіленді. Сот-химиялық сараптамасының […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • 2018 жылы Қытай полициясы 38,8 тонна есірткі тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз. Есірткі заттар айналымын бақылау  Қытай ұлттық комиссиясы Қытайдың 109 қаласының есірткімен күрестегі жетістігі  туралы мәлімдеді,  деп 19 тамызда Синьхуа агенттігі хабарлады, деп жазады REGNUM АА. 2019 жылы қаңтар айында Юньнань провинциясындағы Куньмин мен  және Гуандун провинциясындағы  Чжуншаньді қоса алғанда, бүкіл Қытай бойынша 109 қала есірткіге қарсы күресте көшбасшылықты алуға ниет білдірді. 2018 […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Есірткі сатқан Қостанай тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылады

    ҚОСТАНАЙ, 20 тамыз. ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті «XXXoxoclub.biz ғаламтор-дүкені арқылы психотропты құралдардың заңсыз айналысына қатысы бар ҚР азаматы Д.Яковенконың заңсыз іс-әрекетін анықтап жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Іс деректеріне сүйенсек, 2018 жылы ҰҚК департаменті Қостанай облысы аумағында синтетикалық есірткі сатуды жүргізген «XXXoxoclub.biz сайтын анықтаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған ғаламтор-ресурсын Д.Яковенко есімді азаматтың құрғаны […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Краснояр өлкесінде пошта жәшігінде салмағы 1 килограмнан астам есірткі табылды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз.  Краснояр өлкесінің полицейлері синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркіледі. Бұл туралы аймақ бойынша ІІМ Бас басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Интерфакс хабарлайды. «Норильск қаласының есірткі айналымын бақылау бөлімінің қызметкерлері пошта ғимаратынан ішінде ұнтақ тәріздес зат салынған пластик қорапты тәркіледі. Жүргізілген зерттеу көрсеткендей, бұл салмағы 1 келіден  асатын синтетикалық есірткі»,-делінген баспасөз хабарламасында. Сәлемдеме  иесі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде есірткі саудалаған бұрынғы полицейлерден тұратын топтың мүшелері сотталды

    АҚТӨБЕ, 18 тамыз.  Ақтөбеде есірткі саудасымен айналысып келген бұрынғы полиция қызметкерлерінен тұратын топтың мүшелері сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК сайтына сілтеме жасап. «ҚР ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті каннабис есірткі құралы заңсыз айналысына қатысы бар, құрамына бұрынғы полиция қызметкерлері А.Жақсылықов (1970 жылғы) және Б. Мұхамедьяров (1966 жылғы) кірген топтың заңсыз іс-әрекетін анықтап, жолын кесті», […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жыл басынан бері Ақмола облысында 425 келі есірткі заттары тәркіленді

    КӨКШЕТАУ, 17 тамыз. Ағымдағы жылдың басынан бастап облыс көлемінде тәртіп сақшылары есірткімен айналысқан 69 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 425 кг әр түрлі есірткі заттары тәркіленген.Бұл туралы  облыстық полиция департменті бастығының орынбасары Бауыржан Әленов мәлім етті, деп kokshetautv хабарлайды.  Әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселенің бірі – есірткі саудасы.Бұл біздің еліміз үшін де ерекше түйткіл. Тіпті, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қызылордада 500 кг есірткі тәркіленді

    ҚЫЗЫЛОРДА, 16 тамыз. Қызылорда облысының полиция қызметкерлері биылғы жылдың маусым-шілде айларында заңсыз айналымнан 500 келі есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл қылмыстық істер облыс көлемінде жүргізілген «Көкнәр-2019» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында белгілі болды. Жергілікті сақшылар 1 маусымнан бастап бұл бағытта нәтижелі жұмыстар атқарды. Алғашқы екі айдын қорытындысы бойынша 200-ден астам есірткіге қатысты құқық бұзушылығы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Екатеренбург-Түмен тас жолында сегіз келі есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз. Екатеринбург – Түмен федералды тас жолында көлігінің жасырын жерінде сегіз килограмм синтетикалық есірткі табылған Приморье тұрғыны ұсталды,деп аймақ бойынша РФ ІІМБ сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «Тексеру барысында полиция қызметкерлері көлік құралындағы жасырын жерінде  ақ түсті ұнтақ тәріздес заттар салынған пакеттері бар  екі шелек тегістегіш тауып алды.  Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген зат […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Австралияда 766 келі метамфетамин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН,  14 тамыз. Австралиялық Квинсленд полициясы ірі есірткі партияларын таратумен айналысатын халықаралық ұйымдасқан синдикаттың қылмыстық әрекетін тергеу барысында 766 килограмм метамфетаминді тәркіледі, деп хабарлайды  РИА Новости  Австралия полициясының сайтына сілтеме жасап. «Күрделі тергеу салдарынан полиция Квинсленд пен Австралия үшін ең көлемді партия болып табылатын 766 килограмм метамфетаминді тәркіледі», — делінген полиция сайтында жарияланған хабарламасында. Хабарламада […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ресей ІІМ: Саратов қаласында есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз. Полиция қызметкерлері аймақтық ФҚҚБ-мен бірлесіп Саратов қаласында есірткі сатқаны үшін күдікті ер адамды қолға түсірді, тінту кезінде одан сегіз килограмм есірткі және 100 килограмм реактив тәркіленді, деп хабарлады Ресей ІІМ   ресми өкілі Ирина Волк. «Жалға алынған тұрғын үйде ер адам түрлі химиялық реактивтер мен зертханалық жабдықтарды қолданып, тыйым салынған заттарды синтездеп, содан […]
    • 5 Years ago
    • 0