Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Есірткі заттарын саудалаған 1200-ден аса сайт бұғатталды

    НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде. Биыл қылмыстың осы түрі бойын­ша 82 іс қозғалыпты.Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қалалық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің басшысы Сергей Ильяных хабарлады, деп egemen.kz жазады.  Оның ішінде 50 деректе, құрықталған тұлғалар есірткі саудасымен айналысқаны мәлім болды. Тәртіп сақшылары, әсіресе синтетикалық есірткі заттарының таралуына тоқтау болмай тұр­ғанын айтады. Мәселен, ағым­дағы жылы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Таразда түзеу мекемесіне есірткіні жаңғаққа салып өткізбек болған

    ТАРАЗ, 24 шілде. Жамбыл облысы Тараз қаласындағы ерекше режимдегі ЖД-158/7 түзеу мекемесінің ережесін бұзып, заңға қайшы әрекетке баратындар азаймай тұр. Соңғы уақытта тиым салынған заттарды пошта арқылы жіберу белең алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ағымдағы жылдың 19 шілдесі күні мекеме қызметкерлер кезекті рет қамаудағыларға келіп түскен сәлем-сауқатты тексеру барысында көңілге күпті, күдікті заттарды анықтаған. Режим бөлімінің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматы облысының тауларынан есірткі жинаған тұрғын ұсталды

    ТАЛДЫҚОРҒАН, 23 шілде. Алматы облысының тауларынан есірткі жинаған тұрғын ұсталды. Тергеу барысында күдікті құрамында есірткі бар өсімдікті өзі пайдалану үшін жинағанын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Арнайы іс-шара барысында Кеген ауданындағы «Торайғыр» тауында есірткі жинап жүрген 49 жастағы азамат ұсталды. Оның иық дорбасынан 3 келіге жуық марихуана тәркіленді. Іс бойынша тиісті сараптама тағайындалды. Аталған дерекке сәйкес […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • 270 кг есірткі тиелген фургон полиция учаскесін қақырата соқты

    НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде. Аустралияда 270 кг есірткі тиелген фургон аса қатты жылдамдықпен келіп, полиция учаскесінде тұрған патруль машинасын қақырата соқты, деп хабарлайды Reuters агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат. Келеңсіз жағдай Сидней қаласының шетіндегі Иствуд ауданында болған. Есірткі тасымалдаған жігіт оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Алайда, бір сағатқа жеткізбей, полицейлер оны ұстап алды. Оның фургонын тексеру кезінде кузовынан 270 килограмнан астам […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ШЫҰ елдері есірткімен күреске бағытталған «Өрмек» операциясын өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде.  Шілдеде Шанхай Ыынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің аумағында жүйкеге әсер ететін заттарды, синтетикалық және басқа да есірткілерді жеткізу және тарату арналарының жолын кесуге бағытталған «Өрмек» операциясын өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды. Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, операцияға Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Аумағында есірткі сатылған шымкенттік ЖОО-ны арнайы комитет тексереді

    НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде. ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан аумағында есірткі сатылған шымкенттік ЖОО туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат . Ерболат Мұхамеджан өзінің Facebook парақшасында Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті осы ЖОО-ға тексеріс жүргізіп жатқанын айтқан. «Қазіргі уақытта аталмыш фактіге қатысты тексеріс жүріп жатыр. Білім беру мәселесінде ЖОО-ның меншік нысаны маңызды емес, ең […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қазақстанда соңғы 10 жылда есірткі тұтынушылар саны азайған

    НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде. Қазақстанда есірткі мен ішімдікке тәуелді адамдар туралы статистикалық мәлімет жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Нашақорлық туралы айтатын болсақ, Қазақстанда соңғы 10 жылда наркологиялық тіркеуде тұрған адамдар саны азайған», — дейді Нұр-Сұлтан қаласының наркология және психотерапия орталығының дәрігер-наркологы Тоқтар Қойшыбеков. Дәрігердің сөзінше, елімізде 20 мыңға жуық адам есірткіге және 100 мыңға жуық адам ішімдікке тәуелді. «Бұдан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қазақстанда есірткі сатушыларды іздеу және ұстау бойынша арнайы операциялар өтті

    НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде. Нұр-Сұлтан полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бөлімінің бастығы Сергей Ильин жедел жұмыс барысында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларында есірткі сатушылар құрықталғанын айтты, деп ЭХО КАЗАХСТАНА хабарлайды.  “Синтетикалық есірткі алу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Биылғы жылы киви әмиянға ақша салу және аудару жолымен психикалық белсенді заттарды тікелей өткізумен, сондай-ақ елорда […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Шымкент университетінде есірткі притоны анықталды

    ШЫМКЕНТ, 20 шілде. Шымкенттегі оқу орнында есірткі притоны анықталды, деп Шымкент қаласының ПД хабарлайды.  «Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында қала университеттерінің бірінің спортзалында есірткі затын тұтыну үшін притон ұйымдастырылғанын анықтады», — делінген хабарламада. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 302-бабы 1-бөлігімен «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысында бес күнде 53 келіден астам марихуана тәркіленді

    ТАРАЗ, 19 шілде. Жамбыл облысының аумағында есірткі мен психобелсенді заттарды жеткізу арналарының жолын кесуге бағытталған «Өрмек» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Бес күндік іс-шара барысында заңсыз айналымнан 53 келі 646 грамм «марихуана» есірткі заты тәркіленді,- деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өрмек» жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижесінде 11 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде төртеуі Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен […]
    • 5 Years ago
    • 0