Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Иранда 4 айда 388 тоннадан астам есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 03 тамыз.  31 Шілдеде Иран полициясы басшысының орынбасары ағымдағы ирандық күнтізбелік жылының (2020 жылдың 20 наурызынан бастап)  алғашқы 4 айында елдің полиция күштері 388 тоннадан астам тыйым салынған есірткіні тәркілегенін мәлімдеді. Бұл туралы ирандық IRNA агенттігіне сілтеме жасап  REGNUM агенттігі хабарлады. Бригада генералы  Ғасем Резаидің мәліметінше, ел бойынша алғашқы төрт айда 388 000 келіден […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Өзбекстанда шекара қызметінің әскери қызметшілері 30 келіден астам есірткіні тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде.  Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі шекара әскерлерінің әскери қызметшілері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Ташкент облысы Бекабад ауданы Шырынбулок ауылында бұрын сотталған жергілікті тұрғын 10 кг 130 гр апиын мен 19 кг 74 гр гашишпен ұсталды, деп жазады Sputnik Өзбекстан. Белгілі болғандай, оның тәжікстандық танысы оған есірткіні өзбек-тәжік шекарасындағы сым қоршауы арқылы берген. Есірткі заттарын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жыл басынан бері Алматы облысында заңсыз айналымнан  4 тоннадан астам түрлі есірткі құралдары алынды

    АЛМАТЫ, 30 шілде. Алматы облысының полицейлері синтетикалық есірткіге қарсы күресті күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Есірткі қылмысымен күресушілер интернет ресурстар мен мессенджерлерді пайдалана отырып, адамдардың есірткінің синтетикалық түрлеріне көшу үрдісін атап өтті. Полицейлер бұл форманы қауіптілердің қатарына жатқызады. Осыған байланысты, тыйым салынған психотроптық заттар мен темекі қоспаларын өткізу арнасы болып табылатын ақпараттандыру объектілерінің сілтемелері бар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысының полицейлері есірткіге қарсы күрес жүргізуде

    ТҮРКІСТАН, 29 шілде. Түркістан облысының полицейлері қарасора еккен, есірткі сатқан күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түлкібас АПБ-нің полиция қызметкерлерімен бірлесіп,  кезекті қарасора егістігін жойды. Мәселен, полицейлер  Түлкібас ауданы тұрғынының үйінің бақшасынан құрамында есірткі заты бар алты түп өсімдік тапқан. Оған қоса тінту кезінде жедел уәкілдер,  күдіктіден өсімдік тектес ерекше иісі бар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Камбоджада есірткі контрабандасына қатысты күдіктілер ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде. Камбоджада есірткі заттарын сақтау және контрабандалау күдігімен Оңтүстік Кореяның екі азаматы қамауға алынды, деп Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды. Жарияланған мәліметтерге сәйкес жергілікті құқық қорғау органдары оңтүстік кореялықтарды 23 шілдеде ұстады. Күдіктілер тұрған Пномпен қаласындағы пәтерден 1,38 кг метамфетамин табылғандығы белгілі. Оңтүстіккореялықтар Камбоджадан Оңтүстік Кореяға есірткі жеткізумен айналысқан деп […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • 90 келі есірткі сақтаған маңғыстаулық 10 жылға бас бостандығынан айырылды

    АҚТАУ, 28 шілде.  Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылының тұрғыны үйінде 90 келі «кептірілген марихуана» сақтағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Қазақпарат. Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта анықталғандай, Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылының тұрғыны А-ның үйін тінту барысында жалпы салмағы 90 келі «кептірілген марихуана» есірткі заты […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Колумбияда «Шығанақ қауымы» есірткі картелі жетекшісінің інісі тұтқындалды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде. Колумбияның көші-қон қызметі «Шығанақ қауымы» —  елдегі ең ірі қылмыстық топ басшысының інісін ұстады, деп РИА Новости хабарлайды. «Колумбияның көші-қон қызметі Богота қаласында Колумбия азаматы,  «07» лақап атымен белгілі, Арлей Антонио Усугу Торресті ұстады. «Отониэлдің» інісі,  Усуга Торрес АҚШ-тан депортацияланғандарға арналған  рейспен елге ұшып келген кезде ұсталды», — делінген хабарламада. «07»  Урабеньос […]
    • 4 Years ago
    • 0
  •  Түрмеге жіберген сәлем-сауқатқа есірткі жасырған жамбылдық тұтқындалды

    ТАРАЗ, 27 шілде. Азық-түлікке есірткі жасырған Тараздық тұрғын түрмедегі досына беріп жібермек болған жерінде қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қала тұрғыны тыйым салынған затты шәйдің ішіне жасырған. Осыдан екі күн бұрын ЖД-158/7 мекемесінің жедел-режим тобы азық-түлік пен қажетті заттарды жазасын өтеуші досына тапсырамын деп, бірақ өзі есірткі бермек болған А. есімді ер адамды ұстады. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • “Қарасора-2020” ЖПІШ аясында Түркістан облысында есірткі егістігі анықталды 

    ТҮРКІСТАН, 24 шілде. Түркістан облысының полицейлері кезекті есірткі егістіктерін жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Созақ аудандық ПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы аясында  аудан орталығы тұрғыны үйінің бақшасынан құрамында есірткісі бар түптерді анықтады. Жедел уәкілдер тінту барысында күдіктіден қарасораға ұқсас алты есірткі түптері мен “кептірілген есірткі заты” бар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Бұлақ түбіне есірткі еккен Қызылорда облысының екі тұрғыны ұсталды

    ҚЫЗЫЛОРДА, 23 шілде. Бұлақ жанында есірткі еккен Қызылорда облысының екі тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2020 жылы 19 шілде күні қызылордалық полицейлермен Жаңақорған ауданы, Қосүйеңкі ауылынан 40 шақырым жерде орналасқан “Бота соққан” деп аталатын жерде бұлақ жанында егілген 240 түп сора өсімдігі (жалпы салмағы 14 кг. 383,28 гр.) және 100 түп көкнар өсімдігі (жалпы […]
    • 4 Years ago
    • 0