Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Панамада 5 тонна есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан. Панамада 5 тонна есірткі тәркіленді, деп 24.kz хабарлайды. Бұл туралы жергілікті тәртіп сақшылары хабарлады. Полицейлердің мәлімдемесіне сай, есірткі зат сүңгуір қайық ішінен табылған ол Колумбия жағалауынан шығып, Орталық Америкаға жүзіп бара жатқан. Қазір осы оқиғаға байланысты 4 колумбиялық азамат ұсталып, қамауға алынды. Айта кетейік, Орталық Америка есірткі тасымалдауда негізгі бекет саналады.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Елордада 2019 жылы 180 келіге жуық есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. Елордалық полицейлер былтыр есірткі саудасына қатысты 73 қылмыстық іс қозғаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, кейінгі кезде есірткінің дәстүрлі түрлерімен қатар, синтетикалық есірткілер мен олардың баламалары кеңінен таралып келеді. Атап айтқанда, өткен жылдың шілде айынан осы уақытқа дейін синтетикалық есірткі заттармен байланысты 73 қылмыстық іс тіркелген. «2019 жылы қала аумағында […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматыда есірткі тасымалдаушы бір келі “синтетикамен” ұсталды

    АЛМАТЫ, 27 ақпан. Алматы полициясы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бір килограмм психикалық белсенді заттары бар Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақсай-4 шағын ауданындағы жалдамалы пәтерді қарау кезінде қызметкерлер қонақ бөлмесінен күлгін түсті ұнтақ салынған үш полиэтилен пакетті тауып, тәркілеген. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат салмағы бір килограмнан асатын синтетикалық есірткі болып шыққан. Анықталғандай, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қордай ауданының екі тұрғынынан бір келіден астам героин заты табылды

    ТАРАЗ, 27 ақпан. Жамбылдық полицейлер аса ірі көлемдегі есірткі затын сатушыларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia kz. 25 ақпан күні арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қордай ауданының 45 және 42 жастағы екі тұрғынының тұрғылықты мекенжайына тінту жұмыстарын жүргізді. Полиэтиленді қалташаға салынған есірткі заты күдіктілердің бірінің үйінен, екіншісінің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Иран полициясы аймақтағы әріптестеріне есірткі трафигі туралы дабыл қақты

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Соңғы бір жылда Иранда бір мың тонна есірткі тәркіленді. Басым бөлігі Ауғанстан және Пәкістанмен іргелес елдің оңтүстік-шығыс аумағынан табылды. Иран полициясы есірткі тарататын қылмыстық синдикаттарға жалғыз өзі төтеп беруі жылдан жылға қиындап баратынын алға тартып, дабыл қағып отыр, деп 24.kz хабарлайды. Иран Түркияға, ал одан кейін Еуропаға есірткі жеткізудің ең қысқа жолы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Маңғыстау облысында жыл басынан бері есірткі сататын 24 сайт жабылды

    АҚТАУ, 25 ақпан. Жыл басынан бері Маңғыстау облысында есірткі заттарын сату жарнамасын орналастырған 24 сайт анықталып, жабылды,-деп хабарлайды Polisia.kz. Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында интернет-кеңістігіне тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. Мониторинг кезінде есірткі құралдары мен есірткі түрлерін жарнамалаумен және сатумен айналысатын 24 сайт анықталып, олардың барлығы бұғатталған. Мұндай сайттарды құру есірткі құралдарын насихаттау және заңсыз жарнамалау […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматы облысының тұрғыны үйінде марихуана өсіріп, дайындаған

    АЛМАТЫ, 25 ақпан. Алматы облысының полицейлері есірткі зертханасын ауыздықтады,-деп хабарлайды Polisia.kz. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел ақпарат бойынша Іле ауданының А. есімді тұрғыны есірткі заттарын шығарып , таратумен айналысқанын анықтады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде сараптама актілерімен белгіленген “марихуана” есірткі заты бар 8 сіріңке қорабы тәркіленді.Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҰҚК: Ираннан есірткі контрабандасын ұйымдастырған 3 адам ұсталды

    АҚТАУ, 24 ақпан. 2020 жылғы ақпанның басында Ақтау халықаралық әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ираннан «героин» есірткі затының контрабандасын ұйымдастыру фактісі бойынша Қазақстанның үш азаматын ұстады, ол ұсталғандардың асқазанында тасымалданған, деп ҚР ҰҚК ресми сайты хабарлайды.  Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ұсталғандардың ішкі құрылысынан 302 героин капсуласы табылып, алынды, құны 50 миллион теңге болатын олардың жалпы салмағы шамамен 1 кг (5 000 […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркияда ондаған мың есірткі таблеткалары тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан. Түркияның құқық қорғау органдары құрамында есірткі заттары бар 32 мың 600 таблетканы тәркіледі. Бұл туралы  Anadolu Ajansi агенттігіне сілтеме жасап  REGNUM хабарлайды. Журналистердің мәліметінше, тыйым салынған дәрі-дәрмектерді алу жөніндегі арнайы операция Хатай провинциясында өтті. Рейд барысында екі адам қамауға алынды. Естеріңізге сала кетейік, ел билігі соңғы уақытта есірткі саудасымен күрес жұмыстарын күшейтті. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Оралда 5 келіден астам есірткі тәркіленді

    ОРАЛ, 21 ақпан.  Батыс Қазақстан облысында есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған екі күдіктіні қолға түсірді, деп 24.kz хабарлайды.  Оның бірінен 4 келі марихуана табылса, екіншісінен алынған есірткі сараптамадан өтіп жатыр. Алғашқы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 296 бабының 4-ші тармағы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Жалпы жыл […]
    • 5 Years ago
    • 0