Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Интернет арқылы есірткіні таратушыларға қылмыстық жауапкершілік белгілейтін бап енгізілді

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар. Есірткі сататын интернет сайттардың жарнамасы бар граффити суреті салғандар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың 11 қаңтарынан бастап есірткіні насихаттайтын және сататын интернет сайттардың сілтемесін таратуға байланысты қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. «Қылмыстық кодекске есірткіні насихаттау немесе жарнамалау […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • 2019 жылы Ресейде есірткі туралы ақпараттары бар 21 мыңға жуық сайт бұғатталды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 қаңтар. 2019 жылдың басынан бастап есірткі туралы заңсыз ақпарат таратылған 21 мыңға жуық интернет-ресурстар бұғатталды. Сонымен қатар, веб-ресурстардың көпшілігі Ресейден тыс жерлерде тіркелген, деп хабарлайды ТАСС РФ ІІМ баспасөз орталығына сілтеме жасап. «2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 қарашасына дейін Ресей Ішкі істер министрлігінің Есірткі айналымын бақылау жөніндегі бас басқармасы 37 мыңнан астам […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Франция кеденшілері 600 келіден астам гашишті тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 02 қаңтар. Дүйсенбі күні Франция кедені елдің оңтүстік-шығысындағы Дром департаментінде үш күдіктіні ұстап, 600 келіден астам гашиш тәркіледі. Бұл туралы сәрсенбіде жергілікті БАҚ Нанси қаласының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Синьхуа агенттігі . Дүйсенбі күні кеден қызметкерлері A7 автожолының учаскесінде екі көлікті тексеру кезінде 643 кг гашишті тауып алып, Нанси қаласының прокуратурасына тапсырылған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Марокко полициясы 16 тоннадан астам марихуана тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қаңтар. Марокконың Ұлттық қауіпсіздік бас басқармасы полиция елдің солтүстігіндегі Танжер портында 16,2 тонна марихуана тәркілегенің мәлімдеген, деп жазады Синьхуа агенттігі. Мекеме Кеден қызметкерлерінің жәрдемдесуімен құқық қорғау органдары жүк көлігінде тасымалданған 16,2 тонна есірткі тәркіледі және шығу тегі мороккалық 35-жастағы жүргізушіні ұстағаның мәлімдеген. Тексеру қорытындылары көрсеткендей, жүк жоспар бойынша Еуропаға бағыт алған . Морокконың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Марихуана мен метадон бақыланатын есірткі заттар тізіміне енді

    НҰР-СҰЛТАН,  31 желтоқсан. Метадон және марихуана Қазақстанда бақылауға жататын наркотикалық заттар тізіміне енді. Ел  үкіметі 2019 жылдың  25 желтоқсандағы қаулысына сәйкес заңға толықтырулар енгізіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv . Сондай-ақ, медицина саласында пайдаланатын ерекше бақылаудағы наркотикалық және  психотроптық заттар тізіміне  «Метадон, Метазоцин да» еніп отыр. Қаулы ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған күннен бастап 10 күн ішінде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Снюс сатқан сауда орындарына 500 АЕК дейін айыппұл салынады

    ТАРАЗ, 31 желтоқсан. Қазір улы затты ел аумағына кіргізуге де, сатуға да тыйым салынған. Алайда аты жаман улы қоспа жергілікті нарықта таралып үлгерген. Бұл жағдайды мамандар қатаң бақылауға алды. Қазір дүкендер жаппай тексеріліп жатыр, деп 24.kz хабарлайды. Бүгінгі күнге дейін 10 аудан мен облыс орталығындағы 400-ден аса сауда орны қамтылып, екі бірдей сату дерегі анықталды. Дәрігерлер […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жаңа заң: Жасөспірімдерге есірткі сатқандар өмір бойына сотталады

    НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан.ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов есірткі қылмысы үшін жауапкершілікті күшейту шараларын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мемлекет басшысы қол қойған Қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру бойынша ҚР Заңы арқылы есірткіні насихаттап, заңсыз жарнамалағаны үшін (Қылмыстық кодекстің 299-1-баптары) 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді. «Есірткі затын сатудың жаңа тәсілдерін тауып, үйлер мен жатақханалардың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Беларусьте жарты тонна героин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан. Беларусь тәртіп сақшылары жарты тонна героин тәркіледі, деп 24.kz хабарлайды.  Ел тарихында бұрын-соңды осындай көп көлемде  есірткі қолға түспеген еді. Жалпы героин Беларусьте сирек кездеседі. Бір граммның орташа бағасы 100 доллар, бұл есірткіге құмар жергілікті тұрғындар үшін өте қымбат баға. Тергеу барысында героинның Ауғанстаннан Еуропа елдеріне тасымалданғаны анықталды. Ал Минскке бұл жүкті 3 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Өмір бойы бас бостандығынан айыру:Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан. Қытай соты отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның ақпаратынша, бүгін Қытайдың Гуанчжоу сотында есірткі тасымалдағаны үшін айыпталған Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот үкімі шықты. «Қытай соты өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкімді өзгеріссіз қалдырды», — делінген хабарламада. Үкім […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сенат есірткі саудасына жазаны күшейтетін заңды қабылдады

    НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан. Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында қылмысқа қарсы күресті күшейтуді тапсырды. Әсіресе, адам өлтіру, зорлау, педофилия, мар ұрлығы, браконьерлік, […]
    • 4 Years ago
    • 0