Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Өзбекстанның құқық қорғау органдары қызметкерлері есірткі контрабандасының жолын кесті

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша.Өзбекстан құқық қорғау органдарының қызметкерлері шекарада елге Тәжікстан мен Ауғанстаннан 115 келіден астам гашиш, апиын және героин кіргізбек болған есірткі курьерлерін ұстады.Бұл туралы республиканың Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің баспасөз орталығына сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан хабарлайды. Сұрхандария облысы бойынша МҚҚ басқармасының қызметкерлері облыстық кеден департаментімен бірлесіп жүргізген жедел іс-шара барысында төрт өзбек пен Тәжікстанның бір […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Рязань колониясында жазасын өтеп жатқан ер адам терроризмге жәрдемдескені үшін 15 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша. Рязань облысындағы колонияда жазасын өтеп жатқан ер адам халықаралық террористік топты қаржыландырып, оған басқа да тұтқындарды тартқаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп Рязань облысы бойынша ФҚҚБ хабарлайды.Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды , оның төрт жылын түрмеде, […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Хабаровск өлкесінде героин жеткізу арнасы жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша. Хабаровск өлкесінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері героин жеткізу арнасын жойды. Қылмыскерлер алты жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы аймақ бойынша Ресей ФҚҚБ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. 37 және 46 жастағы екі ер адам жеке көлігімен Иркутск облысынан Хабаровскіге есірткінің ірі партиясын алып өтпек болған.Бұл жайт қауіпсіздік қызметкерлеріне белгілі болды. Олар […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда прокуратура Ауғанстаннан Орталық Азияға есірткі тасымалдаумен айналысып келген топ мүшелеріне 30 жылға дейін жаза сұрады

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша. Тәжікстанның бас прокуратурасы соттан жарты тонна есірткімен ұсталған трансұлттық қылмыстық топтың мүшелеріне 20 жылдан 30 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Бұл топтың ұйымдастырушысы — Душанбе тұғыны Азизулло Абдуллоев. Ол «Азизи хонасоз» лақап атымен танымал. Қылмыстық топтың ішінде […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сот Новосібір тұрғынын терроризмді қаржыландырғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша. Сот халықаралық іздеуде жүрген Новосібір тұрғыны Боходирджон Чукаевты шетелдік террористік ұйымдарды қаржыландырғаны үшін жалпы режимдегі колонияда алты жылға бас бостандығынан айырды, деп Новосибирск облысы бойынша ФҚҚБ сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Бүгін 1-ші Шығыс аудандық әскери соты Б.С. Чукаевты террористік іс — әрекетке жәрдемдескені, терроризмді қаржыландырғаны […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Бішкекте «Хизб ут-Тахрир» ұяшығының жетекшілері мен мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция өтті

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша. Бішкекте «Хизб ут-Тахрир*» діни-экстремистік ұйымының  астыртын топтарының бірінің жетекшілері мен белсенді мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді, деп Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қырғызстан хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Осылайша, Бішкек пен Шу облысында тыйым салынған әдебиеттерді таратуға, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерді заңсыз әрекеттерге […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Астрахан тұрғынына терроризмді ақтағаны үшін 350 мың рубль айыппұл салынды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша. 10 қарашада Оңтүстік аудандық әскери соты Интернетте терроризм идеологиясы мен тәжірибесін қолдайтын пікірлер жариялаған Астрахан тұрғыны Андрей Агафоновқа 350 мың рубль айыппұл салды, деп соттың баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл туралы  ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Сот 2019 жылдың наурыз айында интернетте жасалған террористік шабуыл туралы жаңалықты талқылау кезінде ер […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Ресей Сыртқы істер министрі Ресей мен Қазақстанның Ауғанстан бойынша ынтымақтастығы туралы айтты

    НҰР-СҰЛТАН, 09 қараша. Ресей мен Қазақстан Ауғанстаннан келетін лаңкестік және есірткі қаупін жүйелі түрде бірлесіп талдайды, деп РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдемесіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Біз бірге Ауғанстаннан келетін лаңкестік және есірткі қауіптерін жүйелі түрде талдаймыз. Біз осы елдің іс жүзіндегі билігімен ауғанаралық реттеу және ТМД-ның оңтүстік шекараларындағы көп қырлы сын-қатерлерді жою […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Мурманск әуежайы миналау  туралы хабарламаға байланысты эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 қараша. Мурманск әуежайы миналау туралы ақпаратқа байланысты эвакуацияланды, деп хабарлайды ТАСС әуеторабының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Мурманск әуежайы» АҚ-да жарылыс қаупі туралы хабарламаға байланысты аэровокзал кешенін эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Барлық қызметтер  жарылыс қаупі туындаған жағдайда белгіленген іс-шаралар жоспарына сәйкес жағдайды пысықтауда», — деді агенттік сұхбатшысы. Әуежайдың онлайн таблосындағы ақпаратқа сәйкес, Мәскеуден шыққан 6479 […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Хақас Республикасында терроризмге шақырған Өзбекстан азаматы 3 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 қараша. Хақас Республикасында Орталық Азия аймағы елдерінен келгендер арасында лаңкестік идеологияны таратумен айналысқан Өзбекстан азаматына қатысты үкім шығарылды. Оның жоспары республикада Ресей Федерациясының аумағында тыйым салынған «Өзбекстан ислам қозғалысы*» лаңкестік ұйымының ұяшығын құру болды, деп «Экстремизму.нет» сайтына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды Ресей Федерациясының аумағына кірген кезде ер адам […]
    • 2 Years ago
    • 0