Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • ІІМ: Тәжікстанда ИМ мүшесі болуы мүмкін күдікті милиция қызметкерлерін өлтіруді жоспарлаған

    НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан. Тәжікстанның құқық қорғау органдарының қызметкерлері Шахринав ауданында террористік шабуылдың жолын кесті. Бұл твуралы Ішкі істер минстрлігі Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы Шоди Хафиззодаға сілтеме жасап centralasian.org хабарлайды.  «Ислам мемлекеті» тобының мүшесі болуы мүмкін күдікті Шахринав ауданының милиция қызметкерлерін өлтіруді жоспарлаған. Ол ұсталды, қазір қамауда отыр», — деді министрлік басқармасының басшысы. Іске қатысты басқа мәлімет […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде терроризм айыбымен Қырғызстан азаматы жеті жылға бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан. Мәскеудің әскери соты 19 ақпанда 32 жастағы қырғыз азаматы Талант Онуровты жеті жылға соттау туралы үкім шығарды, деп centralasian.org хабарлайды.  Сот оны теракт дайындады және терроризмді интернетте насихаттады деп таныды. Тергеу мәліметі бойынша, Онуров терроризм идеологиясын қалыптастыратын материалдарды желіде жариялаған. Қырғыз азаматы үш жылды түрмеде, төрт жылды қатаң режимдегі колонияда өтейді. Прокуратура мәліметі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ҰҚШҰ: Терроризм мен есірткі контрабандасымен күресте Тәжікстанға көмек беріледі

    НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан.Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Станислав Зась және Тәжікстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Насрулло Махмудзода 17 ақпанда Душанбеде кездесіп, биыл жазда Тәжікстанда ҰҚШҰ хатшылар кеңесінің жиналысын өткізуді талқылады, деп centralasian.org хабарлайды.  Кездесу барысында Тәжікстан ұйымға төрағалық етіп жатқан 2021 жылы атқарылатын істерді талқылаған. Станислав Зась қазір тәжік-ауған шекара сызықтарын бекіту бойынша ҰҚШҰ-ның […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • 2015 жылы Бішкекте лаңкестік әрекетті дайындаған күдікті ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан. 2015 жылы Бішкекте лаңкестік шабуыл дайындады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды, деп Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сілтеме жасап SPUTNIK Қырғызстан хабарлайды. Оның халықаралық террористік топтың содыры екендігі және 2015 жылдың жазында елордада өткен арнайы операция кезінде залалсыздандырылған астыртын ұяшығының құрамында ерекше ауыр террористік қылмыстар жасағаны үшін іздеуде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ФҚҚ: 10 өңірде «Хизб ут-Тахрир» террористік ұйымының мүшелері ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан. ФҚҚ ауқымды операция барысында Ресей Гвардиясымен және Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Ресейдің 10 аймағында РФ тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир» халықаралық террористік ұйымының мүшелерін ұстады. Бұл туралы Ресей ФҚҚ-нің Қоғаммен байланыс орталығына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.  «Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі Ұлттық гвардия әскерлерінің федералды қызметінің бөлімшелерімен және Ресейдің Ішкі істер министрлігімен бірлесіп […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тәжікстан Сириядағы босқындар лагерінен 260 азаматтарын қайтаруды жоспарлап отыр

    НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан. Тәжікстан үкіметі Сириядағы босқындар лагеріндегі азаматтарын елге қайтаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан. Бұл туралы Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин Душанбеде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Отанына қайтарылуы тиіс азаматтардың тізімі 260 адамнан тұрады. Министрдің айтуынша, бүгінде Тәжікстан азаматтары күрд құрамалары бақылайтын аумақта орналасқан «Ал-Хавз» және «Ар-Равз» лагерлерінде орналасқан. Сирожиддин Мухриддин […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ФҚҚ Татарстан мен Қырымда ИМ қаржыландырушылар тобын ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан. ФҚҚ Татарстан мен Қырымда қайырымдылық көмек атын жамылып, содырларға қаражат жинап жүрген Ресей Федерациясында тыйым салынған «Ислам мемлекеті» (ИМ) халықаралық террористік ұйымының қаржыгерлер тобын ұстады. Бұл туралы ФҚҚ-нің Қоғаммен байланыс орталығына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды .  «ФҚҚ Қаржылық мониторинг жөніндегі федералды қызметпен  бірлесе отырып, Қырым және Татарстан Республикаларында Ресей Федерациясының аумағында тыйым […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Краснодар өлкесінде ФҚҚ қызметкерлері синтетикалық есірткі арнасын жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан. Краснодар өлкесінде синтетикалық есірткіні жеткізу арнасын ұйымдастыруға қатысы бар Ресей азаматы анықталды. Бұл туралы  Ресейдің  Краснодар өлкесі бойынша ФҚҚБ-на сідтеме жасап ТАСС  хабарлайды.  «Кущевский» стационарлық жол полициясы бекетінде ФҚҚ қызметкерлерімен көлігінің  жеке заттарының арасынан белгісіз заты бар полимерлі пакеттер табылған  азамат ұсталды. Сараптама нәтижелері бойынша пакеттерде синтетикалық есірткі құралдары, оның ішінде жалпы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Орынборда шетел азаматынан бір келіге жуық героин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан. Орынборда 26 жастағы шетелдік қамауға алынды. Одан 800 грамм героин табылды және тәркіленді, деп Орынбор облысы бойынша Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлады. Министрліктің хабарлауынша, ер азамат облыс орталығына есірткіге тәуелді адамдарға героин сатып ақша табу үшін келген. Жалға алынған пәтерде есірткі сақталған 169 түйіншек анықталды. Шетелдікке қатысты Ресей […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мәскеу түбінде синтетикалық есірткі шығаратын есірткі зертханасы жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан. Полиция қызметкерлері Мәскеу түбінде ай сайын 500 кг-ға жуық синтетикалық есірткі дайындайтын есірткі зертханасын анықтады. Тінту кезінде 165 кг есірткі тәркіленді.Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ирина Волкқа сілтеме жасап ТАСС  хабарлайды.  «Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Мәскеу облысының Волоколамск ауданындағы жалға алынған жеке үйде орналасқан есірткі зертханасын жойды.  Зертхана айына […]
    • 4 Years ago
    • 0