Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркіменстанда әскерге барудан бас тартқан «Иегово куәгерлері» түрмеге қамалды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Түркіменстан соты әскерге барудан бас тартқаны үшін «Иегово куәгерлері» қауымының мүшелерін түрмеге қамады деп хабарлады діни ұйымның ресми өкілі Азат Еуропа/Азаттық тілшісіне. Діни ұйым өкілі Джаррод Лопестің айтуынша, Түркіменстанның Дашогуз облысының соты 17 ақпанда діни қауым өкілі Вепа Матякубовты міндетті әскери борышын өтеуден жалтарды деп танып, екі жылға соттаған. Ұйымның дерегінше, Түркіменстан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қырғызстанда қамауда отырған адам «телефон терроризмі» актісін жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан. Қырғызстанда түрмедегі тұтқын арнайы қызметке қоңырау шалып, Бішкекте дайындалып жатқан терактілер туралы хабарлады, деп Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі жазады. Колонияның айыптық изоляторында ұсталған «телефон лаңкесі» жауап алу барысында кінәсін мойындады. Бұндай әрекетке бару себебі басқа қамаудағылар тарапынан түскен қауіп-қатерлер болды,  делінген хабарламада. Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы заңсыз көші-қон келісімін ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан. Парламент Сенаты халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Жиын комитет басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен өтті, деп 24.kz хабарлайды.  Бұл құжатпен 2019 жылдың 15 сәуірінде Ташкент қаласында қол қойылған Қазақстан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Самарқандта Орталық Азиядағы шекара қауіпсіздігі мәселелері талқыланады

    НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан. Самарқандта ТМД-ға мүше мемлекеттердің шекара ведомстволары басшыларының аймақтық кездесуі өтеді, деп хабарлайды УзТАГ . «2020 жылдың наурыз айында Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің шекара ведомстволарының басшыларының 5-ші аймақтық кездесуі өтеді», — деп хабарлайды Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің үйлестіру қызметі. Кеңеске Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстанның шекара ведомстволарының басшылары мен Шекара […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Орталық Азия елдеріне қару-жарақ жеткізілімі тоқтатылады

    Ресей БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінде террористерге қару-жарақтың жеткізілуіне жол бермеу жөніндегі жобаны жүзеге асыру үшін 500 мың доллар бөлді. Бұл туралы жұмада Ресейдің БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Василий Небензя БҰҰ-ның терроризмге қарсы кеңсесінің қолдауымен жаңа жобаны бастау жөніндегі шарада сөз сөйлегенде мәлімдеді, деп gossluzhba.kz   хабарлайды.  «Бұл БҰҰ қамқорлығындағы антитеррор, қарусыздану және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес астасқан алғашқы кешенді техникалық көмек […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде экстремизмге күдікпен алты қырғыз азаматы ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан. Мәскеуде экстремизмге күдікпен алты қырғыз азаматы ұсталды, деп gossluzhba.kz хабарлайды.  Мәскеу қаласының Мещанск соты тұтқындалған адамдарды 17 наурызға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдағаны атап өтілді. Қырғызстандықтар экстремистік қауымдастық құрды деген күдікке ілінді. ҚР-ның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі ұсталғандардың азаматтығы мен істің мән-жайы нақтылануда деп хабарлады.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тәжікстан 200 әйел мен баланы Сириядан шығару үшін келіссөз жүргізіп жатыр

    НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан. Тәжік билігінің мәлімдеуінше, қазір Сирия түрмелерінде Тәжікстанның шамамен 500 азаматы отыр, деп centralasian.org хабарлайды.  Олардың дені «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы жағында қарулы әрекеттерге қатысты деген айыппен ұсталған. Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддиннің мәлімдеуінше, Сирия аумағында 219 әйел мен бала елге оралғысы келеді. Тәжік билігі Дамаскімен келіссөздер жүргізіп жатыр. ЮНИСЕФ және Қызыл Крест […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда нашақорлар саны азаюда

    НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан. Тәжікстан Президенті жанындағы Есірткіні бақылау агенттігі есірткіге тәуелді азаматтар санының төмендегені туралы хабарлайды, деп жазады Синьхуа агенттігі. Егер 2008 жылы республикада 8 мың 645 есірткіге тәуелді адам тіркелген болса, 2020 жылдың 1 қаңтарына бұл көрсеткіш 5 мың 375 адамды құрады. Сондай-ақ, 2018 жылы Тәжікстанда айналымнан синтетикалық есірткілердің ең көлемді тәркілеу кезені болды […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Магадан — Кепервеем рейсінің жолаушысы бомба туралы хабарлағаннан кейін ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан. «ИрАэро» авиакомпаниясының «Магадан — Кепервеем» рейсінің жолаушысы бомба тасымалдағанын айтты. Ер адамды полицияға жеткізген, жарылғыш зат табылмады, деп Магадан көлік прокуратурасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «2020 жылдың 20 ақпанында «ИрАэро» Авиакомпаниясының  133 рейсінің «Магадан — Кепервеем» жолаушысы жарылғыш құрылғысы бар екендігі туралы мәлімдеді. Жолаушы Магадан әуежайындағы линиядағы полиция бөлімінің кезекші бөліміне […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ІІМ: Тәжікстанда былтыр тыйым салынған ұйымдардың 160 мүшесі ұсталған

    НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан. Тәжікстан ішкі істер министрінің хабарлауынша, өткен жылы ел аумағында тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың 162 мүшесі ұсталды, деп centralasian.org хабарлайды.  Олардың дені «Ислам мемлекеті», «Салафия» діни ағымы, Тәжікстан ислам өркендеу партиясына мүше болған деді Рамазон Рахимзода Душанбеде өткен баспасөз конференциясында. Террористік және экстремистік ұйымдардың 50-ден астам мүшесі шетелде ұсталған делінеді. Рамазон Рахимзоданың […]
    • 5 Years ago
    • 0