Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Тәжікстанда терроризмге қарсы тәжік-өзбек оқу-жаттығулары басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз. Тәжікстанның Хатлон әскери гарнизонының құрамына кіретін барлық күш құрылымдары бүгін таңғы сағат 6-да қауіп-қатер дабылы бойынша көтерілді, деп  ТаджикТА хабарлайды. «Хатлон облысының барлық қалалары мен аудандарында орналасқан Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің, Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің және басқа да құқық қорғау органдарының сарбаздары мен офицерлері, тәжік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған шараларын жетілдіру бойынша оқыту семинары өтуде

    Қызылорда. 12 маусым. Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының бастамасымен кент, ауылдық округ әкімдеріне арналған «Жергілікті атқарушы органдарының аймақта діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған шараларын жетілдіру жолдары» тақырыбындағы оқыту семинары Шиелі мен Жаңақорған аудандарында жалғасты. Жаңақорған ауданында өткен семинарда Облыстық […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Сараптамалық интернет карта арқылы деструктивті ағымдарды тарататын пайдаланушыларды анықтауға болады

    ҚАРАҒАНДЫ, 03 ақпан. Қарағанды облысында 15 конфессияның 324 діни бірлестігі және 44 шетелдік миссионер жұмыс істейді. Соңғы үш жылда өңірде деструктивті ағымды ұстанушылар санының айтарлықтай төмендегені байқалады, деп ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Тыйым салынған мазмұнды анықтау үшін сараптамалық интернет карта арқылы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіледі. «Бұл жүйе интернетте деструктивті ағымдардың материалдарын оқып, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қырғызстанның арнайы қызметтері содырларды қаржыландырған террористік топты залалсыздандырды

    АСТАНА, 12 қараша. Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) қызметкерлері түрлі лаңкестік ұйымдардың содырларын қаржыландырған лаңкестердің ұяшығын залалсыздандырды, деп Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз орталығы хабарлады. Бұл туралы  ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитет халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында халықаралық террористік ұйымдарды қаржыландырумен және жалған құжаттармен […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қазақстанда терроризм қауіп қатеріне дереу әрекет ететін арнай әскер құрылды

    Астана. 24 сәуір. Қазіргі уақытта терроризм қауіп қатеріне дереу әрекет ететін арнайы әскердің құрамы айқындалғаны туралы ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Мәжілістегі Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz. «Қорғаныс министрлігі басқа мемлекеттік мекемелермен бірігіп Қазақстан мемлекетінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарлы жұмыстарын жүргізе отыра, сонымен қоса Ұлттық қауіпсіздік комитетінің терроризмге қарсы орталығының жұмысына қатысып отырады. Бүгінде […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • РФ СІМ «Жусан» операциясына жоғары баға берді

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар. Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Қазақтанның өз азаматтарын Сирия мен Ирактың қауіпті аймақтарынан қайтару тәжірибесіне жоғары баға берді, деп 24.kz жазады.  Министр Сергей Лавров «бұл өз азаматтары алдындағы міндетін мінсіз орындаған тәуелсіз мемлекеттің батыл қадамы» деді. Үкіметтің жаңа құрамы бекітілуіне дейін Ресей Сыртқы істер министрі қызметін атқаратын Сергей Лавров өткен 2019 жылғы елдің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Франция билігі мешіттер мен намазханаларды бақылауға алды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 желтоқсан. Франция билігі мешіттер мен мұсылмандардың намазханасын жаппай тексеруді бастады. Ішкі істер министрі Джеральд Дарманеннің айтуынша, экстремизмге шақырушылар анықталса олар жабылады. Бұл туралы BBC сайтына сілтеме жасап factcheck.kz хабарлады. Бір аптадан кейін Францияның экстремизм туралы жаңа заңы жайлы белгілі болады. Қазан айында болған террористік шабуылдарға билік осындай шара қолданып жатыр. Осыған дейін Париж маңындағы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде лаңкестікке қарсы іс-қимылдар пысықталды

    Ақтөбе. 11 наурыз. Ақтөбеде екі күн бойы терроризмге қарсы күрес оқу-жаттығуы өткізілді.  Барлығы 32 техника мен 500 қызметкер қауіпті жағдай кезіндегі іс-қимылды пысықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбе қаласындағы  оқу-жаттығу кеше басталып, бүгін Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта жалғасты. Барлығы 32 техника мен 500-ден астам полиция қызметкері, арнайы жасақ қатысты. «Облыстағы терроризмге қарсы күрес жедел […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Түркияның қарулы күштері: Соңғы 6 жылда 18 мың террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар террормен күрес жайлы маңызды мәлімдеме жасады, деп TRT жазады. Министр Акар «Соңғы 6 жылда 18 мың 196 террорист залалсыздандырылды» деді. Террорды түбегейлі жоюға табанды екендерін түсіндірген министр Хулуси Акар «Ирактың солтүстігіне тығылған террористтердің залалсыздандырылуы үшін күрес жүргізудеміз. Күресімізді террористтерді түбегейлі жойғанға дейін жалғастырамыз. 2015 жылы 24 шілдеден бастап, террормен күресуіміз […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматы полицейлері арнайы орынға есірткі жасырмақ болған екі жігітті ұстады

    АЛМАТЫ, 17 мамыр. Алматыда полиция қызметкерлері есірткіқоюшыларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Әуезов ауданының патрульдік полицейлері тұрғын үй аулаларын аралау кезінде екі күдіктіні байқады. Жігіттер жер қазып жатқан сияқты болды, бірақ олар бағбандарға ұқсамады. – Патрульдік көлік жақындай бастаған кезде, айыпталушылар шегінуге тырысты. Олар полициядан жасырына алмады. Күдікті адамдар қатты қобалжыды және олардың әрқайсысының қалталарын жеке […]
    • 4 Years ago
    • 0