Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

    Астана. 12 шілде. Отырыста киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мен терроризмнің алдын алу жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды. Қазақстан Президенті қазіргі кезде цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығына тоқталып, бұл ретте кибер қауіп-қатерге және ақпараттық технологияларды заңсыз пайдалануға қарсы тұру қажеттігін атап өтті. – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адам өмірі мен мемлекеттің барлық саласында кездеседі. Сондықтан мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Наркограффити жасады деген күдікпен Ақсу қаласының тұрғыны ұсталды

    АҚСУ, 04 маусым. Ақсу қаласында есірткі жарнамалаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. – Ақсу қаласында қабылданған шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері есірткіні заңсыз жарнамалау және насихаттау фактісін анықтады. Наркограффити жасады деген күдікпен 37 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, ол есірткі сататын сайттар мен бояу спрейлерінің мекен-жайларын қолдануға арналған трафареті бар. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 299-1-бабы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ливияда теракт нәтижесінде 4 адам қаза тапты

    АСТАНА, 30 қазан. Ливияның орталық бөлігіндегі полиция бөлімшесіне «Ислам мемлекеті» (ИМ, ҚР тыйым салынған) террористік тобының шабуылы нәтижесінде төрт адам, оның ішінде жергілікті шенеуніктің ұлы қаза болды. Бұл туралы Эль-Джуфра муниципалитеттің муниципалитет кеңесінің Facebook-тегі мәлімдемесіне сілтеме жасап РИА Новости ақпараттық агенттігі хабарлайды. «Қазіргі уақытта Эль-Фукаха (Әл-Джуфраның муниципалитеті) ауданынан төрт адам шабуылдың нәтижесінде қаза тапты, оның ішінде […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Атырауда дәстүрлі емес діни ағымдардың зияны түсіндірілген кездесу өтті

    АТЫРАУ, 20 қыркүйек. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына жасаған ресми сапарында «Иманғали» мешітінде азаматтармен дәстүрлі емес діни ағымдардың зияны туралы түсіндіру жұмысын жүргізді, деп  ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлады. Бас мүфти азаматтардың ақида, фиқһ мәселесі бойынша қойған сұрақтарына жауап берді. Бірнеше сағатқа созылған жеке ықпал ету іс-шарасында Наурызбай қажы Тағанұлы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Профилактика – маңызды міндет

    Қызылорда. 13 мамыр. Қызылорда қаласындағы Достық үйінде ақпараттық-түсіндіру тобына арнайы «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында семинары өтті. Семинар шарасында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының саясаттанушы-сарапшысы Руслан Иржанов, аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Семинарда экстремизм мен терроризмнің алдын алудың өзекті мәселелері, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органның […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы басталды

    Ақтөбе. 3 сәуір. Ақтөбе облысында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қайта жаңғырды. Жобаның 7 бағыты бойынша жұмыс топтары құрылып, бүгін бірінші кездесу Қандыағаш қаласында өтті. Мұғалжар ауданының Ембі, Жем, Ақкемер, Батпақкөл елдімекендерінде басталған жұмыс облыстың барлық аудандарын қамтиды. Қандыағаш қаласында өткен кездесуге ақпараттандыру, әлеуметтік көмек беру және кәсіпкерлік бағыттағы топтар келді. Әрқайсысы өз саласы бойынша халықты […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Малидегі БҰҰ миссиясына содырлардың шабуылынан бір иорданиялық бітімгер қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 02 маусым. Сәрсенбі күні Малидің солтүстігінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Малидегі көп салалы кешенді тұрақтандыру миссиясының (MINUSMA) материальды-техникалық көлік колоннасына жасалған шабуылда бір иорданиялық бітімгерші қаза тауып, үшеуі жараланды. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш содырлардың шабуылын қатаң айыптады, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «Бас хатшы бұл шабуылды қатаң […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ресейдің Әуе-ғарыш күштері Сириядағы содырлардың жаттығу лагеріне соққы жасады

    АСТАНА, 17 қазан. Әуе-ғарыш күштері Сириядағы содырлардың оқу-жаттығу лагері мен заңсыз қарулы құрылымдардың командалық пунктіне әуеден соққы берді, 100-ге жуық радикалды, қару қоймаларын жойды, деп хабарлайды РИА Новости  Араб Республикасындағы соғысушы тараптарды татуластыру жөніндегі ресейлік орталық басшысының орынбасары генерал-майор Олег Егоровқа сілтеме жасап. Бұл туралы  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Сирияның солтүстік-батысындағы Түркияның […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияда әуе соққысынан 17 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар. Сирияда солтүстігінде әуе соққысынан бейбіт тұрғындар қаза болды, деп 24.kz хабарлайды.  Сирияның солтүстігіне жасалған әуе соққыларынан 17 бейбіт тұрғын мерт болды. Тағы 50-ге жуық азамат жарақат алды. Марқұмдар арасында балалар да бар. Белгілі болғандай, соққы Идлиб қаласының бірнеше ауданы мен 11 елді мекенге берілген. Оны Башар Асад режиміне қарасты қарулы күштер жасапты. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасындағы әскери базаның жанында жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 тамыз.Сенбі күні Сомали астанасы Могадишо қаласында әскери базаның жанында жойқын жарылыс болды. Бұл туралы Сомалидің Gubjug News ақпараттық порталына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды . Жарылыстың эпицентрі Варта-Набадд аймағындағы Бар-Аян қиылысындағы жолда болды.Куәгерлер әскери базаның аумағында көлікті жарып жіберген жанкешті-лаңкес туралы хабарлама таратуда. Мәліметтер бойынша бірнеше адам жарақат алды.
    • 5 Years ago
    • 0