Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Қарағанды тұрғынының үйінен полицейлер  есірткі зертханасы мен құны 76,5 млн теңге болатын есірткі заттарын тапты

    ҚАРАҒАНДЫ, 11 қазан. Тәртіп сақшылары синтетикалық есірткі жасаған қарағандылықты қолға түсірді. Ұсталған азаматтың пәтерінен 5 келі тыйым салынған зат табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ағымдағы жылдың 10 қазанында «Қарасора-2020» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында полиция қызметкерлері аспалы дорба көтерген ер адамды ұстады, оның ішінде салмағы шамамен 750 гр ақ түсті кристалды зат салынған целлофан пакеті […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Исламтанушы: Жат діни ағымдардың мәселесі Қазақстанда ушығып бара жатыр

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек.  Бүгінгі қоғамда жат діни ағымдарға бой ұрған жастар саны көп. Олар бұндай сенімге қалай келеді? Ұстаздары кімдер? Оларды райынан қайтару мүмкін бе? Мүмкін болса, ол қалай жүзеге асырылады? Осы сұрақтарға Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының директоры, исламтанушы Руслан Қайыргелді ҚазАқпарат ХАА берген сұхбатында жауап қайтарды.  — […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Шымкенттен Қарағандыға 1,5 кг психотроптық есірткі алып бара жатқан жүргізуші ұсталды

    ТАРАЗ, 04 қазан.  Жамбылдық полицейлер есірткі тасымалдаушыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының полиция бөлімшесінің қызметкерлері Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолының 168-шақырымында 22 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «БМВ» автокөлігін тоқтатты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Тексеру барысында «Рони« есімді қызметтік ит автокөліктің қақпағының астынан ақ кристалды ұнтақ заты бар полиэтилен пакетін тапты, ол […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Э» орталығы терроризмді ақтады деген күдікпен Петербург тұрғының ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 08 сәуір. Санкт-Петербургте әлеуметтік желідегі жарияланымдарында терроризмді ақтау белгілері анықталған азамат ұсталды. Санкт-Петербург тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ABN.news . Ленинград облысы Санкт-Петербург қаласы бойынша Ішкі істер министрлігі Бас басқармасының экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Светлановский даңғылындағы үйлердің бірінде 48 жасар азаматты ұстады. Бұған дейін полицейлер оның аккаунтынан […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Шымкент қаласының полиция қызметкерлері 60 келіге жуық есірткі заттарын тәркілеп алды

    ШЫМКЕНТ, 02 сәуір. Шымкент ҚПД ЕҚҚІҚБ-ның қызметкерлері 2020 жылда 271 құқық бұзушылықты анықтап, 60 келіге жуық есірткі заттарын тәркілеп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2020 жылдың 12 айында Шымкент қаласының Полиция департаментімен есірткінің алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша бірқатар кешенді жұмыстар атқарылды. Есептік мерзімде қала бойынша есірткінің заңсыз айналымына қатысты жалпы 271 құқық бұзушылық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның батысында «Талибан» қозғалысының 16 содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 маусым. Ауғанстанның батысындағы Фарах провинциясында ауған әскери-әуе күштері жасаған әуе соққылары нәтижесінде «Талибан» қозғалысының  16 содыры жойылды, тағы бесеуі жарақат алды. Бұл туралы провинция полициясының өкілі Мухибулла Мухибке сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. «Талибан» қозғалысының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым)  содырлары жұма күні таңертең Фарахтың маңындағы Дехак ауылына шабуыл жасамас бұрын қауіпсіздік күштерінің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигериядағы шабуыл: 20 қауіпсіздік қызметкері көз жұмды

    НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан. Нигериядағы қарулы шабуылда 20 адам Нигерияда ұйымдастырылған қарулы шабуылда 20 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты, деп TRT агенттігі хабарлайды.  Нигерия ұлттық баспасөзінде орын алған хабарларға қарағанда Замфара уәлаятында қарулы қарақшылармен күрес үшін жіберілген 20 қауіпсіздік қызметкері қарулы шабуылға тап болды. Шабуылда 20 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.
    • 3 Years ago
    • 0
  • ФҚҚ Красноярск тұрғындарын ХТҰ-ның қатарына жалдаған Орталық Азия азаматтарын ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек. Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Красноярскіде «Катиба Таухид вал-Жихад»* террористік ұйымының екі жалдаушысын анықтады, күдіктілер ұсталды, деп ФҚҚБ аймақтық бас басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.  «Красноярск өлкесіндегі Ресей ФҚҚБ қызметкерлері террористік идеологияны тарату жұмыстарын жүргізу үшін өлке астанасына Орталық Азия аймағындағы республикалардың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Буркина-Фасоның солтүстігіндегі террорлық шабуыл құрбандарының саны 160-қа жетті

    НҰР-СҰЛТАН, 07 маусым. Буркина-Фасоның солтүстігінде болған терактіден қаза тапқандардың саны 160-қа жетті, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. AIB жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, террористер сенбіге қараған түні Буркина-Фасоның солтүстігіндегі Яга провинциясындағы Солхан ауылының тұрғындарына оқ жаудырған. Салдарынан кем дегенде 100 адам қаза болды. Шабуылдаушылар бірқатар үйлер мен жергілікті базарды өртеп жіберді. Билік құрбан болғандар санының артуын жоққа шығармайды. Буркина-Фасо […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде теракт оқиғасына байланысты істі болғандардың алды бостандыққа шықты

    Ақтөбе. 18 маусым. Елімізде барлығы 600-ге жуық адам экстремизм бабымен сотталған. Құзырлы мекеме мамандары адасқан ағым жетегінде жүргендер қатарында жастардың көп екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. «Экстремизм бабымен сотталушылар жазалау мекемелеріне келгеннен кейін өмірге деген көзқарасын өзгертеді. Сотталғандардың өзімен ғана емес олардың отбасыларымен де жұмыстар ұйымдастырылады. 12 жыл басқа ағымда болған 25-30 жас шамасындағы жігіт […]
    • 6 Years ago
    • 0