Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Данияда арнайы операция кезінде 20 лаңкес ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан. Дания полициясы елде ауқымды операция жүргізіп, 20 лаңкесті ұстады, деп хабарлайды 24.kz. Мәліметке қарағанда, олар қару-жарақпен жарылғыш заттарды ұстап, елде лаңкестік әрекеттер ұйымдастырмақ болған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Айта кетейік, биыл тамыз айында Копенгагендегі салық агенттігінің жанында жарылыс болып, 3 адам тұтқындалған. Осыдан кейін билік Швециямен шекараға уақытша бақылау енгізген болатын.  
    • 5 Years ago
    • 0
  • Хабаровск қаласының барлық мектептеріне миналау туралы хабарламалар түсіп жатыр

    НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір. Хабаровск қаласының барлық мектептерінде дүйсенбі, 5 сәуір күні оқу орындарында жарылғыш құрылғылардың болуы мүмкін екендігі туралы анонимді хабарламаларға байланысты бірінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды, деп хабарлады қала әкімшілігі. Жаңалық жарияланған кезде эвакуацияланған оқушылар мен мұғалімдердің нақты саны белгісіз болды, деп хабарлайды Deutsche Welle. Полиция мен арнайы қызметтер  70 білім ордасының барлығын тексеріп жатыр. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ақтөбелік полиция есірткі жарнамалайтын 250 сайтты анықтады

    АҚТӨБЕ, 13 шілде. Ақтөбеде алты ай ішінде 117 келі есірткі заңсыз айналымнан алынды. Полиция қызметкерлері есірткі жарнамалайтын 250 сайтты анықтап, зерделеуге жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаменті алты айды қорытындылады. Өңірде есірткіге қатысты 31 қылмыстық іс тіркеліп, 88 күдікті қамауға алынды. Заңсыз айналымнан барлығы 117 келі есірткі алынып, тәркіленді. «Жыл басынан бері ірі көлемде […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • 15 террорист Сирияның солтүстігіндегі залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде. Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы», «Зәйтүн бұтағы» және «Евфрат қалқаны» аймақтарында бөлшектеуші террор ұйымы PПK/YPG мүшесі 15 террорист залалсыздандырылды. Бұл туралы TRT хабарлайды. Ұлттық қорғаныс министрлігінің әлеуметтік желідегі аккаунтында жасалған мәлімдемесінде «Қаһарман әскерлеріміз «Бейбітшілік бұлағы», «Зәйтүн бұтағы» және «Евфрат қалқаны» аймақтарында тағы бір сәтті операция жүргізді. Бейбітшілік пен қауіпсіздік ортасын бұзу үшін шабуыл жасауға әрекеттенген 15 PПK/YPG […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Есірткі сатқан Түркістан облысының тұрғыны 5 жылға сотталды

    ТҮРКІСТАН,  12 қаңтар. Көлік жуу орнында есірткі сатқан ер азамат бес жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Мақтаарал аудандық полиция бөліміне белгісіз азамат қоңырау шалып жергілікті тұрғынның есірткі сатумен айналысатыны туралы хабарлайды. Хабарламаны алған полицейлер бірден аталған жайтты тексеруге кіріседі. Күдіктіні қылмыс үстінде ұстау үшін қажетті шаралардың барлығын атқарады. Осылайша іске асырылған жұмыстардың нәтижесінде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Семей тұрғынынан 5 келіден астам марихуана тәркіленді

    СЕМЕЙ, 29 сәуір. Семей тұрғынынан 5 келіден астам марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Наурыз айының соңында Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері есірткіні заңсыз сақтады деген күдікпен Семей қаласының 44 жастағы тұрғынын ұстады. Оның үйіне тінту жүргізу барысында кіреберіс бөлмесінде және моншада өзіне тән иісі бар өсімдік тектес жасыл түсті заты бар 3 полимерлі пакет […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • БАҚ: лаңкестер ИМ басшысының қайтыс болғанын мәлімдеді

    Найнава, 11 шілде. ИМ (Қазақстан аумағында тыйым салынған) террористік ұйымының лаңкестері ұйымның басшысы Абу Бакра әль-Багдадидің өлімі туралы хабарлады. Бұл туралы «Ас-Сумария» телеарнасы хабарлайды. Олардың ақпаратына сәйкес,ИМ террористік ұйымының лаңкестері қысқа Абу Бакра әль-Багдадидің өлімі туралы, сонымен қоса таяу уақытта жаңа басшысының атын атайтындары туралы сөз сөйледі. Бұған дейін Ирандық БАҚ әль-Багдадидің өлімін растайтын бейнефото таратқан болатын. Маусым айының ортасында ҚР […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Деструктивтік діни ағымдардың қолдаушылары заңсыз қару-жарақ сатумен айналысқан

    НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында атыс қаруын заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтарды ұстады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Sputniknews.kz Жасырын тергеу барысында 8 Калашников автоматы және 2 тапаншаны сату фактілері анықталды. Бұл қару заңда белгіленген тәртіппен тәркіленген. «2019 жылдың 18 және 19 шілдеcінде Алматы және Шымкент қалаларында топ […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Магадан тұрғыны террорлық шабуыл дайындағаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр. Шығыс округінің әскери соты Магадан қаласының 37 жастағы тұрғынын террорлық шабуыл жасауға дайындалғаны үшін қылмыстық іс бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырды, деп Қиыр Шығыс федералды округі бойынша бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «Мемлекеттік айыптаушының ұстанымын ескере отырып, сотталушы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Экстремистік ұйымды қолдаған екі азамат қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 тамыз. Татарстан соты «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобын қолдап, «террористік шабуыл жасамақ болды» деп күдікке ілінген екі азаматты қамауға алу туралы қаулы шығарды, деп kazislam.kz хабарлайды.  Қазан қаласының Вахитов аудандық соты 1 тамызда Руслан Шамсутдинов пен Ильшат Зайнабутдиновты екі айға қамады. Олар бір күн бұрын ұсталып, «терроризмді насихаттады» және «адам жалдады» деп айыпталған. […]
    • 6 Years ago
    • 0