Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Францияда жүк көлігінен бір тоннаға жуық есірткі табылды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек. Францияның шығысында Изер департаменті кеденінің қызметкерлері жүк көлігінен  933 келіден астам гашиш есірткісін тапты. Жүргізуші қамауға алынды, деп  France Bleu радиостансасына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. Аса көлемді есірткі тиелген жүк көлігінің жұма күні Вьен және Ревантен-Вогри коммуналарын жалғастырып жатқан ақылы жолда ұсталғаны атап өтіледі. Кеденшілер A7 автомагистралінде солтүстік бағытқа бет алған жүк көлігін […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Жыл басынан бері «жалған терроризм» фактілері бойынша 37 қылмыстық іс тіркелген

    НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір. Осы жылдың басынан бері еліміздің әр өңірлерінде ғимараттарға жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат фактілері бойынша 37 қылмыстық іс тіркелген, деп ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті. Бұл жайында ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.   «2022 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Терроризм актілері туралы-қасақана жалған ақпарат тарату» […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Петропавл қаласының тұрғыны желіде заңсыз діни материал таратқан

    ПЕТРОПАВЛ, 01 шілде. СҚО полицейлері мониторинг барысында діни материалдарды заңсыз таратудың жолын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Діни заңнаманың сақталуына бақылауды жүзеге асыру Солтүстік Қазақстан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Жыл басынан бері жеті құқық бұзушылық анықталды. “YouTube” видеохостингіне мониторинг жүргізу барысында діни сипаттағы бейнематериалдарды тарату фактісі анықталды. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БАҚ: «Джебхат ан-Нусраның» мыңнан астам лаңкестері Ливанан шығарылды

    Бейрут, 3 тамыз. «Джебхат ан-Нусра» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) ұйымының террористерін Ливан-Сирия шекарасында орналасқан Эрсаль жерді мекенінен шығарып салу сейсенбі күні аяқталды. Al Mayadeen телеарнасының хабарлауынша, 1116 лаңкес сонымен қоса туыстарымен (барлығы 7,8 мың адам) Сирия жерінде орналасқан Флита елді мекеніне көшірілді, ол жерден олар Идлиб жеріне көшті. Жуырдағы 48 сағат ішінде «Сарая ахль аш-Шам» тобының қарулы оппозиционерлерін […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Иранның оңтүстігінде бір тоннадан астам есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 03 шілде. 1 шілдеде Иранның Хормозган провинциясының полиция бастығы бригада генералы Голамреза Джафари соңғы 48 сағат ішінде есірткіге қарсы полиция 1087 келі есірткінің, оның ішінде апиын, гашиш және метамфетамин тәркіленгенін хабарлады. Бұл туралы Иранның Mehr News агенттігіне сілтеме жасап  REGNUM ақпараттық агенттігі хабарлады. Хормозган провинциясының полиция бастығы екінші бригада генералы Голамреза Джафари сонымен бірге […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстік-шығысында «Талибан» содырларының шабуылы 8 полиция қызметкерінің өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір. Талибан сарбаздары Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Бадахшан уәлаятындағы полиция басқармасына шабуыл жасады. Қарулы шабуылда 8 полиция қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Бадахшан уәлаяты губернаторы Наджи Назари сарбаздардың Бадахшанның Зибан ауданына қарасты Риг елді мекеніндегі полиция басқармасына қарулы шабуыл жасағанын айтты. Шабуылда 8 полицияның қаза тапқанын, 2 полицияның жарақат алғанын түсіндірген Назари шабуылдан кейін болған қақтығыстарда сарбаздардың да залалсыздандырылғанын білдірді.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ливия әскерлері лаңкестердің шабуылдарына тойтарыс берді

    АСТАНА, 01 ақпан. Ливия әскері елдің оңтүстігіндегі Сабха қаласынан 40 шақырым жердегі Гхадва ауданында лаңкестердің және чад құралымдарының қарулы шабуылына тойтарыс берді. Бұл туралы Ливия армиясының жоғары қолбасшылығына жататын 73-ші жаяу бригадасының баспасөз-өкілі генерал Мунзер Хартушқа сілтеме жасап РИА Новости хабарлады. «Ливия армиясының күштері елдің оңтүстігіндегі Гхадва аймағында лаңкестік топтар мен чад қаруланған заңсыз құралымдарының […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Нью-Йоркте еліміздің терроризмге қарсы бастамалары талқыланды

    Нью-Йорк. 4 сәуір. БҰҰ жанындағы қазақстандық миссияның бастамасымен Нью-Йорк маңында ұйымға мүше елдердің делегациялары қатысқан отырыс өтті, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы. Жиынның негізгі тақырыбы Қазақстан Президентінің лаңкестіктен азат әлемге жету туралы тәртіп Кодексін қабылдау бастамасын талқылау болды. БҰҰ-ның барлық аймақтық тобының делегациялары Қауіпсіздік Кеңесінің лаңкестікке қарсы комитетінің басшылары мен сарапшылары терроризммен күрестегі мемлекетаралық ынтымақтастықтың […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Есірткі сатушы 32,5 келі гашишті Қарағандыға пойызбен жеткізбек болған

    ТАРАЗ, 21 қантар. Полицейлер Қарағандыға гашиштің ірі партиясын әкелмек болған Жамбыл облысы Шу ауданының тумасын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, – деп хабарлайды Polisia.kz. ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков түсіндіргендей, күдікті қылмыс дайындалған сәттен бастап бақылауға алынған. Оның Қарағандыға пойызға билет сатып алғаны туралы ақпарат түскен бойда оны ұстау шаралары қолға […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Техаста ер адам сауда орталығында оқ жаудырып, 20 адам ажал құшты

    НҰР-СҰЛТАН, 04 тамыз. АҚШ-тың Техас штатындағы Эль-Пасо қаласындағы сауда орталығында ер адам оқ жаудырып, 20 адам қаза тапты.Бұл туралы 24.kz хабарлайды. Қарулы ер адам көпшілік шоғырланатын орталықта бейбіт тұрғындарға оқ жаудырған. Шабуыл нәтижесінде 20 адам қаза тапты. Бұл туралы штаттың губернаторы Грег Эббот мәлімдеді. Полицияның мәліметінше, оқиғадан 26 адам зардап шекті. Мексика президенті Андрес Мануэль […]
    • 6 Years ago
    • 0