Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Қазақстанда азаматтарды Сириядан эвакуациялау туралы кино түсіруді ұсынды

    АСТАНА, 16 қаңтар. Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов сәрсенбіде Премьер-министрге Қазақстанның азаматтарын Сириядан эвакуациялау туралы операцияға негізделген «жоғары көркемдік» фильм түсуруге тапсырма беруді сұрап сауал жасады, деп хабарлайды КазТАГ. «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған қазақстандық азаматтарды құтқару операциясы жастар жылында жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге арналған жоғары көркем фильмдерді құрудың керемет желісі бола алады», […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде шабуыл салдарынан 8 полиция қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 07 наурыз.  Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясында «Талибан» қозғалысы содырларының қарулы шабуылы салдарынан сегіз полиция қызметкері қаза тапты, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Балх полиция басқармасының өкілі Адилшах Адилдің «Aнадолу» агенттігіне берген мәліметіне сәйкес, тәлібтер Нахри-Шахи аймағындағы Шахрак Түркмания ауылындағы полиция бөлімшесіне қарулы шабуыл жасады. Шабуыл салдарынан сегіз полиция қызметкері қаза тауып, төртеуі жарақат алды. Тәлібтермен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Бағдатта ДАИШ содырлары шабуыл ұйымдастырды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз. Ирактың бас қаласы Бағдаттың солтүстігінде ДАИШ террорлық ұйымның Хашди Шабиге бағытталған шабуылында қаза тапқандар болғаны хабарланды, деп TRT хабарлайды.  Жергілікті баспасөздің хабарларына қарағанда, Бағдатқа қарасты Тарымие аймағында Хашди Шабидің 12-ші бригадасына ДАИШ шабуылдады. Шабуылда бригаданың қолбасшысының орынбасары сынды адамдардың қаза тапқаны алға тартылды. Ирак үкіметі мен Хашди Шаби бұл туралы мәлімдеме жасамады.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматыда телемұнара маңынан аңшылық қару табылды

    АЛМАТЫ, 08 ақпан. “Көк-төбе” телемұнарасы маңынан аңшылық қару табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы барысында “Көк-төбе” телемұнарасынан төменірек бұталардың арасынан арнайы үйретілген ит екі тегіс ұңғылы мылтықты тапты. – Төңіректі кинолог- инспектор қызметтік-іздестіру итімен тексерді. Олар бұталардан екі мылтық тапты. Табылған затты тергеу-жедел тобы тәркілеп, қарудың шығу тегі мен иесін анықтау […]
    • 3 Years ago
    • 0
  •  Норильск тұрғыны ИМ идеяларын насихаттағаны үшін тоғыз жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым. Норильск қаласының тұрғыны Красноярск өлкесінде Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымын (2014 жылға дейін – «Ирак және Левант Ислам мемлекеті», ИГИЛ) насихаттады және терроризмге жәрдемдесті деген айыппен тоғыз жылға қатаң режимдегі колонияға сотталды, деп аймақ бойынша РФ Федералдық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Хабаровск әуежайын миналау туралы хабарлама жалған болып шықты

    НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз.  Шұғыл қызметтер Хабаровск әуежайының ғимаратын жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламадан кейін тексеріп шықты, қауіп расталмады, деп  әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Бейсенбі күні таңертең Хабаровск әуежайының электрондық поштасына миналау туралы анонимді хабарлама келіп түсті. Әуежай терминалдарынан жолаушылар мен қызметкерлерді эвакуациялау жүргізілді. Ғимараттан 500-ге жуық адам шығарылды. «Оқиға орнында жедел қызметтер […]
    • 5 Years ago
    • 0
  •  Лавров: Ауған дағдарысы шекаралас елдердегі  жағдайды ушықтырады

    НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде.Ауған дағдарысы шекаралас мемлекеттердегі террористік қатерді және есірткінің заңсыз айналымы проблемасын шиеленістіріп, бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Бұл туралы Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференцияның пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, Ауғанстандағы жағдай ушығып, қазіргі жағдайда көршілес мемлекеттерге […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Шри-Ланкада тағы бір жойқын жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір. Шри-Ланкада тағы бір жарылыс болды. Оқыс оқиға ел астанасы Коломбодан 40 шақырым жерде тіркелді. Бұл жолы зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ, деп «Рейтерс» агенттігіне сілтеме жасап Астана телеарнасы хабарлайды. Бұдан бұрын болған жойқын жарылыстан 359 адамның өмірі қиылды. Полициясы қылмысқа қатысы бар 60 күдіктіні қамауға алған. Белгілі болғандай, қанды шабуылды 9 […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • «Талибан» делегациясы Иранға келіссөздер жүргізу үшін келді

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар.  Ауғанаралық келіссөздерге қатысатын «Талибан» қозғалысының делегациясы Иран тарапының шақыруымен Тегеранға келді, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саид Хатибзаде «Талибан» саяси кеңесінің басшысы молла Абдулғани Берадер бастаған делегация Иран астанасында бірқатар консультативтік кездесулер өткізетінін айтты. Басқалармен қатар тәлібтерді Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зариф қабылдайды. «Күн […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алжирдің Медеа провинциясында болған жарылыс салдарынан екі сарбаз қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым. Алжир армиясының екі сарбазы сенбі күні кешке елдің солтүстігінде жарылғыш заттың жарылуы салдарынан қаза болғанын Алжирдің Қорғаныс министрлігі жексенбі күні мәлімдеді,  деп жазады Синьхуа агенттігі . Мәлімдемеде, сенбі күні армияның бір бөлімшесі елдің солтүстігіндегі Медеа провинциясында аумақты лаңкестерден тазарту операциясын өткізгені, жарылғыш заттың жарылысы салдарынан екі сарбаз қайтыс болғаны айтылған. Әскери бөлімше […]
    • 5 Years ago
    • 0