Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • БАҚ: Үндістанда теміржолдағы жарылыс салдарынан тепловоз рельстен шығып кетті

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша. Үндістанда 20 қараша күні таңертең теміржолдағы жарылыс салдарынан тепловоз рельстен шығып кетті, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап  «Адырна» ұлттық порталы хабарлайды.  Оқиға сенбі күні таңертең Дханбад ауданында болған. Үндістан темір жолы шахтаның жарылыс орын алды деп мәлімдеді. Салдарынан темір жолға да зақым келген. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Теміржол басшылығының айтуынша, оқиғаға […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде әуе шабуылының нәтижесінде 21 лаңкес жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр. Бейсенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Джаузджан провинциясында тәлібтердің тобына жасалған әуе шабуылының салдарынан 21 содыр жойылды. Бұл туралы солтүстік аймақтағы әскер өкілі Мохаммад Ханиф Резаяға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Шенеуніктің айтуынша, бейсенбі күні таңертең әскери ұшақтар Джаузджан провинциясындағы Манджик аймағының екі шетіндегі тәлібтердің баспаналарына бомбалар лақтырды, нәтижесінде 21 содыр қаза тапты. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанның шекара бекетіне шабуылдаған ДАИШ содырлары болып шықты

    НҰР-СҰЛТАН, 06 қараша. Тәжік-өзбек шекарасындағы «Ишкобод» бекетіне шабуыл жасағандар ауғанстандық ДАИШ (террорлық ұйым, Қазақстан мен Тәжікстан аумағында тыйым салынған) содырлары болып шықты. Олар лаңкестік жасауды жоспарлағандарын айтты, — деп РИА Новостиге сілтеме жасап Tengrinews.kz  хабарлайды.   «3 қарашада 20 содыр Шаартуз шекаражасағынан Кубодиен аумағына өткен», — делінген Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік Мемкомитетінің шекара әскері басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында. Ұсталғандар Тәжікстанға нақты […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Аргентина әскерінің сайтын хакерлер бұзып, ДАИШ террористік ұйымының хабарын орналастырды

    Буэнос-Айрес, 20 маусым. Хакерлер Аргентина әскерінің сайтын бұзып, онда бейне сурет және ДАИШ террористік ұйымының ақпаратын орналастырған, деп хабарлайды РИА Новости Nacion порталына сілтеме жасап. Портал сайтта орналастырылған хаттардың бірін келтіреді. Техникалық қолдау көрсету орталығының қызметкерлері әскер сайтының хакерлік шабуылды тексеруде, қазіргі танда сайтқа сервистік қызмет көрсетілуде, деп хабарлайды портал Аргентина қарулы күштеріне сілтеме жасап. Дереккөз: РИА Новости  
    • 8 Years ago
    • 0
  • Шешенстан тұрғыны терроризмге жәрдемдескені үшін 5,5 жылға бас бостандығынан айрылды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан.Дондағы Ростов қаласының Оңтүстік аудандық әскери соты Шешенстан Республикасының тұрғыны Магомед Дакаевты террористік әрекетке жәрдемдескені үшін айыпты деп танып, оны 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.1-бабының 1-бөлігінде («Террористік әрекетке жәрдемдесу») […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Франкфурттан Орал қаласына ұшып келген ұшақ миналау туралы хабарламадан кейін тексерілді

    ОРАЛ, 18 қараша. Франкфурттан ұшып келген ұшақ Оралда «миналанған», деп хабарлайды Zakon.kz. «Мой город» порталына оқиға куәгері хабарлағандай, 17 қарашада сағат 23:00-де әуежайда жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлама салдарынан Франкфурт-Орал рейсі кешіктірілді. Мен әуежайда басынан бастап болдым. Бәрі менің көз алдымда болды. Полицейлер қарбаласып жүрді, сосын шекарашылар, арнайы жасақ, камуфляж киген әскери адамдар келді. Полиция бізден […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның қауіпсіздік күштері ондаған «Талибан» содырын залалсыздандырды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір.Ауғанстан қауіпсіздік күштері елдің оңтүстігіндегі Кандагар провинциясында кем дегенде 75 «Талибан» қозғалысының содырын өлтірді. Бұл туралы Aнадолу агенттігі Ауғанстан қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды . Арнайы операцияның нәтижесінде әскери күштер Кандагарда Арғандаб аймағында бақылау орнатты. Кандагар полиция басқармасының хабарлауынша, топтың бірнеше басты командирі өлтірілген. Қорғаныс министрлігі операциялар Забул, Кунар, Нангархар және Тахар провинцияларында […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан Қорғаныс министрлігі: Қарсылас күштері Бағлан провинциясындағы үш ауданды Талибаннан қайтарып алды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз. Ауғанстанның бұрынғы қорғаныс министрі Бисмиллах Хан Мохаммади қарсылық күштері Бағлан провинциясының солтүстік -шығысындағы үш ауданды Талибаннан қайтарып алғанын айтты, деп ӨзА хабарлайды.  Талибанға қарсы тұру — менің борышым. Бағланның Пули-Хесар, Дех-Салах және Бану аудандарын жергілікті қарсылық күштері басып алды. Қарсылық әлі де тір », — деп жазды генерал өзінің Twitter-дегі парақшасында. РИА Новости-дің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Елімізде интернет арқылы есірткі сатқандар өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

    НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде. Елімізде қызметі қолданыстағы заңдарға қайшы келетін 14 мың шетелдік сайт анықталды. Оның 4 мыңға жуығы есірткі заттарын насихаттап жарнамалаған, деп 24.kz хабарлайды.  Ішкі істер органдары бұл деректерді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолдады. Жалпы жыл басынан бері ел аумағында 3 мыңнан астам есірткі қылмысы тіркеліпті. Кинологиялық қызмет орталығындағы 35 иттің бірі Цезарь […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • АҚШ-та Қазақстан тумасы ИМ қатысқаны үшін сот алдында жауап береді

    НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде. АҚШ-та қазақстандық эмигрантқа ДАИШ мергені деген айып тағылды. Бұл туралы Американың Әділет министрлігінің ресми сайтында жазылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.  Баспасөз хабарламасындағы ақпаратқа сәйкес, Руслан Асайынов Қазақстаннан көшіп кеткеннен кейін Нью-Йоркте, атап айтқанда Бруклин ауданында тұрған. 2013 жылы ол Түркия арқылы Сирияға өтіп, ДАИШ-ке снайпер ретінде қосылған. Әділет министрлігінің ақпараты бойынша, Асайынов террористік ұйымда халифаттың «әмір» мәртебесіне […]
    • 6 Years ago
    • 0