Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • 10 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында құлақтандыру жүйелерін тексеруі жүргізіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 09 қазан. ағымдағы жылғы 10 қазанда 09 сағат 55 минутта теле-радио арналарды ұстап қалумен, электродабылдарын қосу арқылы Нұр-Сұлтан қаласының құлақтандыру жүйелерін тексеруін жүргізеді, деп Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД хабарлайды. Қымбатты қала тұрғындары мен қонақтары, Еске саламыз, төтенше жағдай орын алған кезде немесе төтенше жағдайдың орын алуына қауіп төнген кезде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Ақтауда есірткі қойып кетушілерден бір келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді

    АҚТАУ, 03 қараша. Ақтауда есірткі қойып кетушілерден бір келі “синтетика” тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Маңғыстау облысы ПД ҰҚҚК қызметкерлері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, 2022 жылы 2 қараша күні сағат 14:50 шамасында Ақтау қаласының 26 шағын ауданынан екі күдіктіні, 19 жастағы азаматша мен 21 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Жеке тінту […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматыда cайлау күні жаппай тәртіпсіздіктерді жоспарлағандар ұсталды

    АЛМАТЫ, 18 қараша. 2022 жылғы 17 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның көмегімен ағымдағы жылдың 20 қарашасында жаппай тәртіпсіздіктерді жоспарлап, ұйымдастырмақшы болған қылмыстық топтың жолын кесті. Арнайы операция нәтижесінде 7 адам ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабының 2-бөлігі және 272-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу басталды. Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша заттай дәлелдемелер тәркіленді. Прокуратура санкциясымен олардың жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға, мемлекеттік және […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Қырғызстанда көкөністің арасына жасырылған героиннің ірі партиясы табылды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз.Қырғызстанда көкөністің арасына жасырылған героиннің ірі партиясы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА Кабар агенттігіне сілтеме жасап. Баткен облыстың ішкі істер басқармасының мәлімдеуінше, Қадамжайда трансұлттық есірткі арнасы анықталған. Милицияның дерегінше, Үшқорған ауылында қаскүнемдер көкөніс жәшіктерінің арасына жасырып, Ресейге, одан әрі Еуропаға ірі героин партиясын өткізбек болған. Ақпарат милицияға келіп түскенше қылмыскерлер жүкті тиеп, жолға аттанып үлгерген. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Иракта әскери күштер содырларға қарсы жаңа операция бастады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан. Ирактың қарулы күштері ИМ (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым)  содырларының қалдықтарын жою бойынша кезекті арнайы операцияға кірісті Бұл туралы  Kurdistan.ru сілтеме жасап REGNUM хабарлады. Операция Сирия мен Иордания шекарасында орналасқан Анбар провинциясының шөлді аймағында өтеді. Журналистердің ақпараты бойынша, биыл бұл лаңкестерге қарсы ең үлкен акция болады. Әскери іс-қимылдар бірден бес бағытта өрістетілетін […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Өскеменде жарты келі синтетикалық есірткімен әйел ұсталды

    ӨСКЕМЕН, 22 қараша. Өскемендегі қонақ үйде есірткі ораумен айналысқан әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қараша айында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ертіс полиция бөлімінің КПБ және ШҚО ПД КҚО-мен бірлесіп, облыс орталығындағы қонақ үйлердің бірінің бөлмесінде интернет-дүкеннің есірткі ораушысы ұсталған. Оның сөмкесінде ұнтақ пен түйіршік түріндегі затпен скотч-лентамен оралған байлам табылып, тәркіленді. Кейін алынған […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ҰҚК 5 жыл ішінде Қазақстанда экстремистер санынан екі еседен көпке қысқартуға ниетті

    Астана. 31 қаңтар. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бес жыл ішінде Қазақстанда экстремистердің санын екі есе азайтуға ниетті. Бұл туралы тілші  Қазақстандағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасына сілтеме жасай отырып хабарлады. «Бағдарламаның мақсаты — адамның, қоғамның және мемлекеттің діни экстремизмнің көріністері мен лаңкестік қауіп-қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету. Бағдарламаның […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Сомалидің ортасындағы қақтығыстар кезінде кем дегенде 12 «Аш-Шабаб» содыры өлтірілді

    НҰР-СҰЛТАН, 01 желтоқсан. Орталық Мудуг аймағында болған қиян-кескі ұрыста «Аш-Шабабтың»  кем дегенде 12 содыры өлтірілді, деп жергілікті билік растады. Бұл туралы  Синьхуа хабарлайды. Мудуг аймағының губернатор Абдуррахман Али Диридің айтуынша, содырлар Бадуэйн қаласындағы әскери базаға шабуыл жасаған, бірақ қауіпсіздік күштері оларға  тойтарыс көрсетіп, қуып шыққан. «Біздің күштер содырлардың базаны басып алу әрекетін тоқтатты. Біз олардың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ДАИШ мүшесінің 15 террористі өлтірілді

    АСТАНА, 23 июля. Ирактағы әуе операциясында ДАИШ мүшесінің 15 террористі өлтірілді. — деп хабарлайды trt.net. Ирактың соғыс ұшақтары елінің шығысындағы Дияла қаласына әуе операциясы ұйымдастырды. Әуе операциясында террор ұйымы ДАИШ мүшесі 15 террорист өлтірілді. Дияла полиция басқармасында міндет атқарған капитан  Хабиб әш-Шеммери бір топ террористтің аймақта шабуыл ұйымдастырылғанына байланысты мағлұматтарға орай әуе операциясы жасағанын түсіндірді. .Шеммери «Ирак […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • «Абу Сайяф» лаңкестері Филиппинда екі вьетнамдық тұтқынды өлтірді

    Манила, 5 шілде.  «Абу Сайяф» террористік тобының лаңкестері Филиппинаның оңтүстігінде тұтқанда сегіз ай ұстаған екі вьетнам азаматын өлтірді, деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі. Филипиина әскері қол басшысының агенттікке хабарлаған ақпаратына сәйкес, әскер қызметкерлері екі тұтқынның денесін сәрсенбі күні тәнертен Барсилан аралында тапқан.Бұл арал «Абу Сайяф» террористік тобының қамалы болып саналады. «Бұл «Абу Сайяф» өжет қадамы болып табылады, өйткені олар […]
    • 8 Years ago
    • 0