Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Кабул мешітінде бомба жарылып, бірнеше адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қазан. Ауғанстан астанасы Кабулде «Идгах» мешіті аймағында жарылыс болып, бірнеше адам қаза тапты. Бұл туралы «Талибан» қозғалысының өкілі Забихулла Мужахид мәлімдеді, деп Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазады. Ақпаратқа қарағанда, жарылыс болған маңдағы мешітте Мужахид қайтыс болған анасына құран оқытып жатқан. «Бүгін түстен кейін Кабулдағы «Идгах» мешітінің кіреберісінде адамдар жиналып тұрғанда бомба жарылды. Бірнеше […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда жарылыста 3 полиция қызметкері  қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір.Ауғанстанның Перван провинциясында жол полициясы көлігіне жасалған бомбалы шабуылда 3 полиция қаза тапты, деп TRT хабарлайды. Перван Қауіпсіздік басқармасы төрағасы Абдул Васи Рахими Перван уәлаятының Чарикар қаласында жол шетіне төселген бомбаның жарылуы кесірінен полиция көлігінде болған 3 полицияның қаза тапқанын жариялады.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ресейдің бас мүфтиі: Экстремизм дәстүрлі конфессияларға тән емес

    Ресейдің бас мүфтиі Талғат Таджуддин бүгінде қоғамның негізгі міндеттерінің бірі — экстремизмге қарсы тұру және халықтар арасындағы бейбітшілікті сақтау болып табылады, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан. Экстремизм ислам, православие немесе иудаизм сияқты дәстүрлі конфессияларға — тән емес, өйткені олар — Құдайдың сенімдері екенін атап өтті. «Қазіргі өмірде халықтар мен адамдардың арасында жеккөрушілік пен қарсылық туғызу үшін […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Кандагар әуежайына үш снаряд атылды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 тамыз.  Ауғанстанның Кандагар қаласындағы әуежайға үш снаряд атылды. Бұл туралы жексенбі күні  Agence France-Presse агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Екі снаряд ұшып-қону жолағын зақымдады <…>, сондықтан барлық рейстер тоқтатылды», — деп әуе айлағының басшысына сілтеме жасап агенттік хабарлайды. Басқа ақпарат берілмеген.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның астанасындағы бомба шабуылда 2 бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде.Кабул полиция дирекциясының баспасөз хатшысы Фердевс Фарамарз баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Кабулдың Карте-и Нев аймағындағы жылжымайтын мүлік кеңсесіне орналастырылған бомбаның жарылғанын атап көрсетті, деп TRT хабарлайды. Фарамарз шабуыл кезінде 2 бейбіт тұрғынның қаза тауып, 4 адамның жарақат алғанын білдірді. Шамамен 3 айға жуық уақыт бойы ел көлемінде жасалған бомбалы шабуылдардың көпшілігінде жауапкершілікті ешкім мойнына […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Австралия соты лаңкестік шабуыл жасауды жоспарлаған ер адамдарды 10 жылға бас бостандығынан айырды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 қыркүйек. 2018 жылы Мельбурнде теракт жасамақ болған үш ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы The Age басылымына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Басылымның хабарлауынша, терроризм мен терактке дайындық жасады деп айыпталған Эртунк пен Самед Эриклиоглу, сондай -ақ Ханифи Халис Виктория штатының Жоғарғы сотымен 7,5 жылға мерзімінен бұрын босату құқығынсыз 10 жылға бас […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Атырауда синтетикалық есірткіні көшелерде жасырған ер адам ұсталды

    АТЫРАУ, 24 қазан. Атырау полицейлері синтетикалық есірткіні көшелерде жасырған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қазан айында Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері тиым салынған синтетикалық есірткіне заңсыз сақтап келген азаматты ұстады. – Белгілі болғандай, 32 жастағы азамат қала аумағында бірнеше жерге синтетикалық есірткіні жасырып үлгеріпті. Жалға алынған пәтерін тексеру кезінде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Португалия мен Испанияның полицейлері құны 200 млн еуро болатын кокаин тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. Португалия мен Испанияның тәртіп сақшылары құны 200 млн еуроға бағаланған 5 тоннадан астам кокаин тәркіледі, деп Хабар24-ке сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Бұл – соңғы 15 жылда анықталған ең ірі есірткі тасымалы. Заңсыз тауар Атлант мұхитындағы кемеде жасырынған. Мамандар 200 қап есірткінің Еуропаға жеткізілуі тиіс болғанын айтады. Оқиғаға қатысты қылмыстық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қырғызстанда жанкешті қолға түсті

    Бішкек, 9 маусым. Қырғызстанның арнайы жасағы теракт жасауды жоспарлаған жанкешті-террористі қолға түсірді. Бұл туралы республикалық Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. «Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитеті контртеррористік шараларды жүргізу барысында халықаралық террористік ұйымға мүше, террористік шабуыл жасауға дайындалған экстремисті тұтқындады. Террористік ұйым басшыларының бұйрығымен ол халық көп шоғырланған орындарда жарылыс жасауға әзірленген» делінген ведомство хабарламасында. Айта кету […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Колумбияда содырлардың қақтығыстарынан кем дегенде 20 адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қаңтар. Колумбияның Венесуэламен шекарасындағы Араука департаментінде жексенбіде кем дегенде 20 адам таратылған «Колумбияның революциялық қарулы күштері»  ұйымының бұрынғы мүшелері мен «Ұлттық азаттық армиясының» содырлары арасындағы қақтығыстың құрбаны болды, деп жергілікті Caracol радиостанциясы хабарлайды, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» Республикалық қоғамдық бірлестігіның ресми сайты жазады. Оның ақпараты бойынша, билік ел президенті […]
    • 3 Years ago
    • 0