Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Астана қаласының тұрғындарын және қонақтарын антитеррорлық оқу-жаттығу жүретіні туралы ескертті

    Астана. 4 мамыр.  Астана қаласының «Сарыарқа» велотрегінің аумағында  жоспарлы жедел-тактикалық оқу-жаттығу өтуде. Бұл туралы Today.kz елорда антитеррорлық штаб баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Елорда тұрғындарын және қала қонақтарын осыған орай түсінікпен қарауды, сабырлық сақтауды және үреуге берілмеулерін сұраймыз», — деп хабарлады штаб өкілдері. Оқудың мақсаты -елорда штабының террористік қауіп-қатер орын алған жағдайда өз қызметін орындай алатынын тексеру болып […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Жат ағымдағылар дінді жамылып, арам пиғылын іске асырып жатыр — психолог

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қазан. Қазір елімізде деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге консультациялық және психологиялық көмек көрсету, теріс жолдан шығару үшін түрлі жобалар қолға алынды. Арнайы оңалту орталықтары мен карантин лагерлері жұмыс істеп тұр. Халық арасында арнайы ақпараттық топ түсіндіру жұмысын жүргізуде. Олардың арасында психолог Лола Шакимова да бар, деп ҚазАқпарат жазады.  Психологтың сөзіне жүгінсек, теріс ағымға […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Жамбылда 22 келі есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

    ТАРАЗ, 02 ақпан. Жамбылдық полицейлер 22 келі есірткі сақтаған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Меркі ауданының аумағындағы Қарасу-Қорағаты автожолында жалпы салмағы 21 келі 140 гр болатын “кептірілген марихуана” есірткі затын қапқа салып, атпен тасымалдап бара жатқан 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ұсталған азамат […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • «Талибан» содырлары ауғанаралық келіссөздер қарсаңында бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз.  Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясында «Талибан» содырлары бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасап, кем дегенде алты полиция қызметкерін өлтірді. Бұл туралы eadaily.com-ға  сілтеме жасап  «Правильный выбор»  хабарлайды. Кері соққы нәтижесінде үш содыр жойылып, тағы екеуі жараланды. Осы аптада Дохада ауғанаралық келіссөздер жоспарланған, Кабул тарапынан белсенді дайындық жүргізілуде, делегация құрамы бекітілді. Келіссөздерді бастау үшін Талибан* шарттарының […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Өзбекстан мен АҚШ қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым. Өзбекстан қорғаныс министрі Баходір Құрбанов пен Америка Құрама Штаттары Орталық қолбасшылығының қолбасшысы генерал Майкл Курилла дүйсенбі күні Орталық Азиядағы (ОА) қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады, деп республика Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Кездесу барысында өзбек-американ […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қарағандыда Сириядағы жанкештілерді емдеуді жоспарлаған әйел сотталды

    Қарағанды. 7 ақпан. Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 29 жастағы жергілікті тұрғынды ҚР Қылмыстық кодексінің «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау» 3-бөлімі, 58-бабына сәйкес кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі. Сот шешімі бойынша енді ол өз жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық атқару жүйесінің құрылымында өтейді. Айта кетсек, Жансая Таңатарованың […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысының полицейлері ірі көлемдегі есірткі затын тәркіледі

    ШУ, 08 сәуір. Көлік полицейлері 39 жастағы ер адамнан ірі көлемдегі есірткі затын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері көлік прокурорларымен бірлесе отырып, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Жамбыл облысының тұрғынын  ұстап, одан жеті келіден аса “гашиш” есірткі затын тауып, тәркіледі. Ол есірткі затын автокөлік жуатын ғимаратта өткізу мақсатында сақтаған. Қазір осы факті бойынша Шу […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жарылыс қаупіне байланысты Мәскеудің он соты эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз. Мәскеудің он соты жарылыс қаупіне байланысты эвакуацияланды, деп Мәскеу қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. «Кунцевский, Лефортовский, Чертановский, Басманный, Головинский, Коптевский, Зеленоградский, Измайловский, Щербинский, Савеловский аудандық соттары жарылыс қаупіне байланысты эвакуациялануда», — деді ақпарат көзі. Бұған дейін хабарлағандай , 2019 жылдың аяғынан бастап Мәскеу мен Санкт-Петербургтің соттарын, метро және мәдени […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Фарьяб провинциясының мешітінде болған атыс кезінде 3 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде. Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Фарьяб провинциясындағы мешітте бір топ қарулы адам оқ жаудырды. Кем дегенде 3 адам қаза тауып, тағы 3 адам жарақат алды. Бұл туралы діни қызметші Мохаммад Эсмаилге сілтеме жасап  islam-today хабарлады. Оқиға дүйсенбі күні  Фарьяб провинциясының орталығы болып табылатын Маймен қаласының мешітінде кешкі намаз кезінде болғандығы белгілі. Елде ірекет ететін топтардың […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Новосібір және Кемерово облыстарында «Хизб-ут-Тахрир» ұяшығы жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір. Новосібір және Кемерово облыстарында «Хизб-ут-Тахрир»* ұяшығы жойылды, деп ФҚҚ Қоғаммен байланыс орталығына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.  «Ресей Федерациясының ФҚҚ Кемерово облысында — Кузбасста және  Новосібір облысында Ресей Федерациясы Ұлттық ұлан әскерлерінің Федералды қызметімен бірлесіп,«Хизб-ут-Тахрир аль- Ислами» халықаралық террористік ұйымының ұяшығының қызметіне жол берілмеді», — делінген хабарламада. Қауіпсіздік қызметкерлерінің ақпараты бойынша, ұяшық […]
    • 4 Years ago
    • 0