Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ұлыбритания лаңкестік үгітке тосқауыл қоюдың жолын тапты

    Ұлыбритания. 15 ақпан. Ұлыбританиялық мамандар интернетте лаңкестікті насихаттайтын материалдарды анықтайтын жаңа технология ойлап тапты. Бағдарлама аудио және видеоларға сараптама жүргізіп, лаңкестікке үндейтін тұстарын автоматты түрде таниды. Бұл туралы Корольдіктің ішкі істер министрлігі хабарлады. Сынақ барысында қосымша 94 пайыз нақты нәтиже берген. Мәселен, бағдарлама 1 миллионнан астам бейнероликті тексергеннен кейін адамның ой елегіне ең күдікті деген […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • ДАИШ содырлары Ирак полицейлеріне  шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар.Ирактың Киркук қаласында террористік ұйым ДАИШ-тың федералдық полиция күштеріне жасаған шабуылында 2 полиция өлтірілді, деп TRT агенттігіне  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Киркук полиция басқармасының баспасөз мәлімдемешісі Амир Нури қаланың оңтүстігіндегі Риад ауданы маңында Ирак федералдық полиция бақылау орталығына қарулы шабуыл ұйымдастырғанын айтты. Шабуылдың террористік ұйым ДАИШ тарапынан Ахмед эт-Тайяр ауылының жанындағы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қазақстанда есірткі сататын елуге жуық сайт анықталды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде.  Қазақстанда есірткі сататын елуге жуық сайт анықталды, деп ҰҚК мемлекеттік техникалық қызметінің компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметіне (KZ-CERT) сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлады.  «Қазақстандық интернет-сегментке талдау жасау барысында Қазақстан Республикасының аумағына есірткі заттарын таратқан 46 интернет-ресурс анықталды. Сатылым ірі қалалардағыдай (Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Петропавл және т.б.) оларға жақын ораналасқан елдімекендерге де таратылған (Зайсан, Зыряновск, Сарань, […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Ирактың солтүстігіндегі КЖП-ның 10 лаңкесі жойылды 

    НҰР-СҰЛТАН, 03 тамыз. Ирактың солтүстігіндегі Зап аймағында Күрдістан жұмысшылары партиясының (PKK) 10 лаңкесі  әуе операциясы нәтижесінде залалсыздандырылды, деп Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап TRT хабарлайды.  Ұлттық Қорғаныс министрлігінің ресми Twitter парақшасынан жасаған мәлімдемеде  «Соңғы 24 сағаттың ішінде 10 лаңкес залалсыздандырылды. Операцияларымыз әуе мен құрлықтан табандылықпен жалғасады» делінген. Тәуелсіз Күрд мемлекет құруды талап ететін Түркия мен […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Колумбиядағы жарылыс: 17 адам жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз. Колумбияның оңтүстік-батысындағы Каука департаментінде бомба қойылған көлік жарылып, 17 адам жарақат алды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Жарылыс Коринто қаласының муниципалитетіні ғимаратының жанында болды. Зардап шеккендердің көпшілігі шенеуніктер болды. Жақын маңда үйлер мен көліктерге қатты зақым келді. Президент Иван Дуке Маркес бұл шабуылды айыптады. «Терроризм — қорқақтардың қаруы. Мен қауіпсіздік күштеріне қылмыскерлерді іздеуді […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан астанасының маңында медицина қызметкерлері мінген автобустың жарылуы салдарынан бір адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 06 мамыр.  Сәрсенбі күні Кабулдың сыртындағы Калакан аймағында медициналық қызметкерлер мінген микроавтобустың жарылуы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды. Бұл туралы полиция өкілі Фердаус Фарамарзға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі жазады . «Бір адамның өмірін қиған, тағы үшеуі жарақат алған сұмдық ышты оқиға жергілікті уақыт бойынша 06:40 — та Калакан аймағында Кабулды […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерия әскері елдің солтүстігінде өткен операция кезінде 120-дан астам содырдың көзің жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз. Абуджадан келген хабар бойынша, Нигерия қарулы күштері соңғы екі аптада елдің солтүстік аймағында экстремистік топтарды жою операциясын өткізіп, кем дегенде 121 содырды өлтіргенін бейсенбі күні мәлімдеді, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Нигерия армиясының өкілі сол күні БАҚ өкілдеріне Нигерия армиясының соңғы екі аптада «Боко Харам» […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Көкшетауда колледжге «мина қойған» қаскүнем ұсталды

    КӨКШЕТАУ, 6 қаңтар. Ақмола облысының полицейлері Көкшетау қаласындағы «Арна» колледжіне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар берген адамды бір сағаттың ішінде анықтады.Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды. Ведомствоның мәліметінше, қоңырау 4 қаңтар күні сағат 19:40-та шалынды. «Оқиға орнына жедел түрде барлық күш құрылымдары, шұғыл және арнайы қызмет өкілдері жіберілді. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Содырлардың шабуылын тойтару кезінде 11 мысырлық сарбаз қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 08 мамыр. Синай түбегіндегі лаңкестік әрекетті тойтару кезінде Мысыр  армиясының офицері мен 10 сарбазы қаза тапты, деп Мысыр қарулы күштері мәлімдеді, деп РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.  «Лаңкестер тобы Суэц каналының шығысындағы су айдау станциясына шабуыл жасады, оларға тойтарыс берілді. Шабуылға тойтарыс беру нәтижесінде бір офицер мен […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Белгісіз біреулер Ауғанстанның шығысында  бес тәліпті өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша. Ауғанстанның шығысындағы Жалалабадта белгісіз қарулы адамдар «Талибан»* қозғалысының бес мүшесін өлтірді, деп дереккөзге сілтеме жасап РИА Новости  хабарлайды. «Күндізгі сағат үште (Мәскеу уақытымен 16.30) екі қарулы адам тәлібтерге тиесілі Corolla көлігіне шабуыл жасап, бес тәлібті өлтірді. Шабуылшылар қашып кетті», — деді ақпарат көзі. Шабуыл Жалалабадтағы Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік басқармасының (NDS) жанында болғаны […]
    • 3 Years ago
    • 0