Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Малиде БҰҰ бітімгерлері жанкештілердің шабуылына ұшырады

    НҰР-СҰЛТАН, 04 шілде . Малиде орналасқан ирландиялық әскерлерге Ресей Федерациясында тыйым салынған «Аль-Каида*» террористік ұйымының жанкешті-содырлары шабуыл жасады , деп хабарлайды Федералды жаңалықтар агенттігі . Ирландиялықтар Африка республикасындағы БҰҰ бітімгершілік миссиясының құрамында әрекет етеді. Әскерилер тарапынан адам шығыны болмады. Алайда экстремистердің шабуылынан олардың неміс әріптестері және бельгиялық зардап шекті. «Барлығы 15 адам қаза болды, 14 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  •  Тәжікстанның 400-ден астам азаматы арнайы операция кезінде Сирия мен Ирактан оралды

    АСТАНА, 18 қазан. Терроризм мен экстремизмге қарсы күрес аясында Тәжікстан Сирия мен Ирактан 400-ден астам азаматын отанына қайтарды. Бұл туралы  Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддиннің «Терроризммен күресу мақсатында қауіпсіздік және шекаралық бақылау саласындағы халықаралық және аймақтық ынтымақтастық» конференциясында сөйлеген сөзіне сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан хабарлады. Бұл туралы  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерде  «Боко Харамның» кем дегенде 50 содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз. Нигердің оңтүстік шығысында армия күштері мен «Боко Харам» лаңкестік ұйымы мүшелері арасында шыққан қақтығыста 50 содыр өлтірілді, деп TRT хабарлайды.  Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдемесінде «Боко Харам» мүшелерінің кеше түнгі уақытта Диффа аймағына қарасты Томмоур қаласы маңындағы әскери учаскеге ауыр қарумен жабдықталған көліктермен шабуылдағаны атап көрсетілді. Әскерлердің шабуылды тойтарғаны және 50 содырды залалсыздандырғаны хабарланған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Э.Рахмон терроризмге қарсы күресте іс-қимылдарды үйлестіру қажеттігін мәлімдеді

    АСТАНА, 18 қазан. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон лаңкестік топтардың өз қызметін кеңейтіп, лаңкестік әрекеттерді жасау үшін заманауи технологияларды пайдаланып жатқанын айтты. Бұл туралы ол Душанбеде басталған терроризмге қарсы күрестегі халықаралық және аймақтық ынтымақтастық жөніндегі жоғары деңгейдегі конференцияда айтты,  деп Sputnik Тәжікстанға сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Лаңкестік топтар бұл жағдайды теріс […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Красноярлық мұғалім терроризмді насихаттағаны үшін 10 жылға сотталды

    АСТАНА, 22 желтоқсан. Оңтүстік округтік әскери сот Красноярскідегі жексенбілік мектептің мұсылман құқығы пәнінің мұғалімін жария түрде терроризмге шақырып, азаматтарды лаңкестік әрекеттерге тартқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп аймақтық ФҚҚБ таратқан хабарламасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Пятигорскіде лаңкестік әрекетті жоспарлаған ДАИШ жақтастары ұсталды

    АСТАНА, 24 қазан.Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі Ставрополь өлкесінің аумағында құқық қорғау органдары нысандарының бірінде лаңкестік әрекеттің алдын алды, деп РФ ФҚҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Пятигорск қаласында қабылданған шаралардың нәтижесінде Ресейде тыйым салынған «ДАИШ»* халықаралық лаңкестік ұйымының (ХТҰ) жақтастарының жасырын ұяшығының қылмыстық әрекеті әшкереленіп, жолы кесілді. Ұяшық […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда экстремизммен күрес туралы заң күшіне енді

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар. Тәжікстанда экстремизммен күрес туралы заң күшіне енді. Құжатты өткен жылы қарашада парламенттің төменгі палатасы мақұлдаған.Бұл туралы centralasian.org хабарлайды.  Заңға президент Эмомали Рахмон қол қойған соң, құжат ресми баспасөзде жарияланды. Жаңа заңға сәйкес, Тәжікстан билігі ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің қорғаныс қабілетін әлсірететін әрекеттерді; билікті басып алуға және конституциялық құрылымды өзгертуге ашық үндеуді; ұлттық, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • КЖП-ның 14 содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 желтоқсан. Ұлттық Қорғаныс министрлігі КЖП-ның 14 содыры залалсыздандырылды деп  мәлімдеме жасады.Бұл туралы TRT хабарлайды.  Сирияда «Бейбітшілік бұлағы» операция аймағына кіруге әрекет жасаған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-лік 3 террорист залалсыздандырылды. Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Тәртіп пен сенімді ортаны бұзу үшін «Бейбітшілік бұлағы» аймағына кіруге әрекет жасаған PKK/YPG-лік 3 террорист батыр десанттарымыз тарапынан залалсыдандырылды» делінді. Ирактың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Францияның СІМ басшысы «террорлық доғаның» құрылуы туралы айтты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан. Француз дипломатиясының басшысы Жан-Ив Ле Дриан Африкадағы Сахел аймағындағы террористік топтар Таяу Шығысқа жылжуы мүмкін деп ескертті, деп BFM TV сілтеме жасап  REGNUM хабарлайды. Франция сыртқы істер министрінің сөзіне қарағанда Сахелдегі террористік топтар Чад пен Нигерияға «доға» жасап , Таяу Шығысқа «оралуы» мүмкін. «Осындай қауіп бар, лаңкестік топтардың доғасы құрылуда. Бұл террористік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  •  Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама жасаған Рудный қаласының тұрғыны ұсталды

    ҚОСТАНАЙ, 17 наурыз. Рудный қаласында орталық базарда жарылғыш зат қойылғанын айтқан 34 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Рудный қаласы полиция бөлімінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 14:00 шамасында болған. Полицияға 50 лет октября көшесіндегі «Бак-Бак» базарына «бомба» қойылғаны туралы анонимді хабарлама түскен. «Тергеу амалдарын жүргізу барысында осы ақпарат тексерілді. Жарылғыш зат табылған жоқ. […]
    • 5 Years ago
    • 0